Жоғары Қаратылған Перпендикуляр Табанын Параллель Етіп Туралау / Тік Бұрышты Белгілеу (G Суретін Қараңыз); Перпендикуляр/Тік Жазықтықты Көрсету (G Суретін Қараңыз); Перпендикуляр/Тік Жазықтықты Туралау (H Суретін Қараңыз); Лазер Қабылдағышынсыз Жұмыс Істеу - Bosch GRL 600 CHV Notice Originale

Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 57
өлшенген биіктік айырмашылығын көшіріңіз немесе
тексеріңіз.
Жоғары қаратылған перпендикуляр табанын
параллель етіп туралау / тік бұрышты белгілеу (G
суретін қараңыз)
Тік бұрышты белгілеу немесе аралық қабырғаларды
туралау қажет болса, жоғары қаратылған перпендикуляр
табанын (10) параллель етіп, яғни негізгі сызықтан
(мысалы, қабырғадан) бірдей арақашықтықта туралаңыз.
Ол үшін өлшеу құралын тік күйге орнатып, оны жоғары
қаратылған перпендикуляр табаны негізгі сызыққа
параллель болатындай етіп орналастырыңыз.
Дәл орналастыру үшін жоғары қаратылған
перпендикуляр табаны мен негізгі сызық аралығын
тікелей өлшеу құралында лазер нысандық тақтасының
(51) көмегімен өлшеңіз. Жоғары қаратылған
перпендикуляр табаны мен негізгі сызық аралығын
өлшеу құралынан мүмкіндігінше алшақ тұрып өлшеңіз.
Жоғары қаратылған перпендикуляр табанын негізгі
сызыққа дейінгі қашықтығы тікелей өлшеу құралында
өлшегендей болатындай етіп туралаңыз.
Жоғары қаратылған перпендикуляр табанына (10) тік
бұрыш айнымалы лазер сәулесімен (8) көрсетіледі.
Перпендикуляр/тік жазықтықты көрсету (G суретін
қараңыз)
Перпендикуляр немесе тік жазықтықты көрсету үшін
өлшеу құралын тік күйде орнатыңыз. Тік жазықтық негізгі
сызыққа (мысалы, қабырғаға) тік бұрышта өтуі қажет
болса, жоғары қаратылған перпендикуляр табанын (10)
осы негізгі сызықпен туралаңыз.
Перпендикуляр айнымалы сәулемен (8) көрсетіледі.
Перпендикуляр/тік жазықтықты туралау (H суретін
қараңыз)
Тік лазер сызығын немесе айналу жазықтығын
қабырғадағы анықтамалық нүктемен туралау үшін өлшеу
құралын тік күйде орнатып, лазер сызығын немесе
айналу жазықтығын анықтамалық нүктемен шамамен
туралаңыз. Анықтамалық нүктені дәлме-дәл туралау үшін
X осі бойынша айналу жазықтығын бұраңыз (қараңыз
„Айналу жазықтығын тік күйде бұрау", Бет 479).
Лазер қабылдағышынсыз жұмыс істеу
Қолайлы жарықтық жағдайында (қараңғы қоршаған орта)
және қысқа қашықтықтарда лазер қабылдағышынсыз
жұмыс істеуге болады. Лазер сәулесінің жақсы көрінуі
үшін, сызықтық немесе нүктелі жұмыс режимін таңдап,
лазер сәулесін мақсатты жерге бұраңыз.
Лазер қабылдағышымен жұмыс істеу (E суретін
қараңыз)
Қолайсыз жарықтық жағдайында (жарық қоршаған орта,
тікелей күн сәулелері) және ұзақ қашықтықтарда лазер
сәулесінің анықталуын жақсарту үшін лазер
қабылдағышын (41) пайдаланыңыз. Лазер
Bosch Power Tools
қабылдағышымен жұмыс істеген кезде ең жоғары айналу
жылдамдығымен ротациялық жұмыс режимін таңдаңыз.
Сыртқы аймақта жұмыс істеу (E суретін қараңыз)
Сыртқы аймақта әрдайым лазер қабылдағышын (41)
пайдалану қажет.
Тұрақты емес бетте жұмыс істеген кезде өлшеу құралын
штативке (43) монтаждаңыз. Жер қозғалыстарының
жағдайында немесе өлшеу құралы тербелген кезде,
өлшеу қателерінің алдын алу үшін іске қосылған соққы
туралы ескерту функциясымен жұмыс істеңіз.
Қалыптарды орнату (I суретін қараңыз)
Өлшеу құралын көлденең күйде штативке (43)
монтаждап, штативті қалып аймағынан тыс орнатыңыз.
Ротациялық режимді таңдаңыз.
Лазер қабылдағышын (41) ұстағышпен өлшегіш
рейкаға (42) бекітіңіз. Өлшегіш рейканы қалыпқа
арналған анықтамалық нүктеге орнатыңыз.
Өлшегіш рейкадағы лазер қабылдағышын өлшеу
құралының айнымалы лазер сәулесі (8) ортаңғы ретінде
көрсетілетіндей биіктігі бойынша туралаңыз (лазер
қабылдағышының пайдалану бойынша нұсқаулығын
қараңыз).
Содан кейін өлшегіш рейканы лазер қабылдағышымен
бірге қалыптағы әртүрлі тексеру орындарына бірінен
кейін бірі орнатыңыз. Лазер қабылдағышының өлшегіш
рейкадағы позициясы өзгеріссіз қалғанына көз
жеткізіңіз.
Қалыптың биіктігін лазер сәулесі барлық тексеру
орындарында ортаңғы ретінде көрсетілгенше түзетіп
тұрыңыз.
Еңістерді бақылау (J суретін қараңыз)
Өлшеу құралын көлденең күйде штативке (43)
монтаждаңыз. Ротациялық режимді таңдаңыз.
Штативті өлшеу құралымен бірге X осі тексерілетін
еңіспен бір сызықта тураланатындай етіп орнатыңыз.
Мақсатты еңісті X осінің еңісі ретінде реттеп шығыңыз
(қараңыз „Көлденең күйдегі еңіс режимі", Бет 480).
Лазер қабылдағышын (41) ұстағышпен өлшегіш
рейкаға (42) бекітіңіз. Өлшегіш рейканы еңкейтілген
жазықтықтың табанына орнатыңыз.
Өлшегіш рейкадағы лазер қабылдағышын өлшеу
құралының айнымалы лазер сәулесі (8) ортаңғы ретінде
көрсетілетіндей биіктігі бойынша туралаңыз (лазер
қабылдағышының пайдалану бойынша нұсқаулығын
қараңыз).
Содан кейін өлшегіш рейканы лазер қабылдағышымен
бірге еңкейтілген жазықтықтағы әртүрлі тексеру
орындарына бірінен кейін бірі орнатыңыз. Лазер
қабылдағышының өлшегіш рейкадағы позициясы
өзгеріссіз қалғанына көз жеткізіңіз.
Барлық тексеру орындарындағы лазер сәулесі ортаңғы
ретінде көрсетілсе, бұл жазықтықтың еңісі дұрыс
екендігін білдіреді.
Қазақ | 487
1 609 92A 6AE | (28.05.2021)

Publicité

Table des Matières
loading

Ce manuel est également adapté pour:

Grl 650 chvgRc 6 professional

Table des Matières