Соққы Туралы Ескерту Функциясы; Көлденең Күйдегі Еңіс Режимі; Көлденең Күйдегі Еңіс Режиміне Арналған Еңіс Жады (Grl 650 Chvg) - Bosch GRL 600 CHV Notice Originale

Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 57
480 | Қазақ
Соққы туралы ескерту функциясы
Өлшеу құралында соққы туралы ескерту функциясы бар.
Бұл функция өлшеу құралында күй өзгерістері немесе
тербелу орын алғанда немесе астыңғы бет дірілдеген
жағдайда өзгертілген позицияда нивелирлеуге жол
бермейді және осылайша өлшеу құралының жылжып
кетуінен болатын қателердің алдын алады.
GRL 650 CHVG: соққы туралы ескерту функциясының
2 сезімталдық деңгейі бар. Өлшеу құралын қосқаннан
кейін, жоғары сезімталдық орнатылады.
Соққы туралы ескертуді іске қосу:
Соққы туралы ескерту функциясы
әдетте қосылып тұрады. Ол, өлшеу
құралын қосқаннан кейін, шамамен
30 с ішінде іске қосылады.
Іске қосу барысында дисплейде
соққы туралы ескерту
функциясының индикаторы (c)
жыпылықтайды. Іске қосқаннан
кейін, индикатор үздіксіз жанып тұрады.
Соққы туралы ескерту іске қосылды:
Егер өлшеу құралының күйі өзгерсе
немесе қатты тербеліс тіркелсе,
соққы туралы ескерту функциясы
іске қосылады: лазердің айналуы
тоқтатылып, ақау туралы хабар
пайда болады. Күй индикаторы (12)
қызыл түспен жылдам
жыпылықтайды және ескерту
сигналы жылдам ырғақпен беріледі.
Ескерту хабарын
арқылы растаңыз, ол үшін өлшеу
құралындағы еңісті реттеу түймесін (14) немесе
қашықтан басқару құралындағы еңісті реттеу түймесін
(31) басыңыз. Нивелирлеу автоматикасымен (соның
ішінде еңіс режимімен) жұмыс істеген кезде, нивелирлеу
автоматты түрде қайта іске қосылады.
Енді лазер сәулесінің позициясын анықтамалық нүктеде
тексеріп, өлшеу құралының биіктігін немесе туралануын
қажетінше түзетіңіз.
Соққы туралы ескерту функциясын өзгерту/өшіру:
Басты экранда ағымдағы реттеу соққы туралы ескерту
индикаторымен (c) бірге көрсетіледі:
Соққы туралы ескерту функциясы жоғары
сезімталдықпен қосылған.
GRL 650 CHVG: соққы туралы ескерту
функциясы азайтылған сезімталдықпен
қосылған.
Соққы туралы ескерту функциясы өшірулі.
1 609 92A 6AE | (28.05.2021)
Соққы туралы ескерту функциясының
реттеуін өзгерту үшін қосу/өшіру
түймесін (11) қысқаша басыңыз. Төмендегі
мәзірде қосу/өшіру түймесін (11), қажетті
(GRL 600 CHV)
реттеу таңдалғанша басыңыз. Таңдауды
арқылы растаңыз, ол үшін еңісті реттеу
түймесін (14) басыңыз.
(GRL 650 CHVG)
Соққы туралы ескерту функциясы қосылған болса, ол
шамамен 30 секундтан кейін іске қосылады.
Көлденең күйдегі еңіс режимі
Өлшеу құралының көлденең күйінде X және Y осьтерін
бір‑бірінен тәуелсіз түрде ±8,5% шамасындағы
диапазонда еңкейтуге болады.
X осін еңкейту үшін өлшеу
құралындағы еңісті реттеу
түймесін (14) немесе қашықтан
басқару құралындағы еңісті реттеу
түймесін (31) бір рет басыңыз. X
осінің еңісін реттеу мәзірі пайда
болады.
Өлшеу құралындағы ▲ (4) немесе ▼ (3) түймесі немесе
қашықтан басқару құралындағы жоғары еңкейту түймесі
(30) немесе төмен еңкейту түймесі (35) арқылы қажетті
еңісті реттеп шығыңыз. Өлшеу құралындағы немесе
қашықтан басқару құралындағы екі еңкейту түймесін бір
уақытта басқанда, еңіс 0,00% шамасына қайтарылады.
Y осін еңкейту үшін өлшеу
құралындағы еңісті реттеу
түймесін (14) немесе қашықтан
басқару құралындағы еңісті реттеу
түймесін (31) қайтадан басыңыз. Y
осінің еңісін реттеу мәзірі пайда
болады.
X осі үшін сипатталғандай, қажетті еңісті реттеп шығыңыз.
Түймені соңғы рет басқаннан кейін
бірнеше секунд ішінде өлшеу
құралында таңдалған еңіс
ауыстырылады. Еңісті реттеу әрекеті
аяқталғанша, лазер сәулесі және
дисплейдегі еңісті реттеу белгісі
жыпылықтайды.
Еңісті реттеу әрекеті аяқталғаннан
кейін, басты экранда екі осьтің
реттелген еңіс мәндері көрсетіледі.
Өлшеу құралындағы күй
индикаторы (12) үздіксіз қызыл
түспен жанып тұрады. Қашықтан
басқару құралында еңкейтілген
осьтің күй индикаторы ((34) және/
немесе (33)) үздіксіз қызыл түспен жанып тұрады.
Көлденең күйдегі еңіс режиміне арналған еңіс жады
(GRL 650 CHVG)
Өлшеу құралы екі осьтің соңғы пайдаланылған 4 еңіс
мәнін сақтайды. Оған қоса еңітерді жаңадан реттеу үшін
осы сақталған еңіс қисындасуларын көшіруге болады.
Bosch Power Tools

Publicité

Table des Matières
loading

Ce manuel est également adapté pour:

Grl 650 chvgRc 6 professional

Table des Matières