Қосу/Өшіру; Қашықтан Басқару Құралымен/Лазер Қабылдағышымен Байланыс Орнату - Bosch GRL 600 CHV Notice Originale

Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 57
476 | Қазақ
Өлшеу құралының дисплейіндегі (15) индикацияға мына
шарттар қолданылады:
– Функция түймесін (мысалы, сызықтық режим
түймесін (5)) алғаш рет басқанда, функцияның
ағымдағы реттеулері көрсетіледі. Функция түймесін
келесі рет басқанда, реттеулер өзгертіледі.
– Дисплейдің астыңғы аймағында әртүрлі режимдерде
жылдам қол жеткізу түймелерінің белгілері (i)
көрсетіледі. Дисплейге тағайындалған қатысты
функция түймелерінің (жылдам қол жеткізу
түймелерінің) көмегімен белгілермен (i) көрсетілген
функцияларды орындауға болады (B суретін қараңыз).
Белгілер байланысты мәзірге қарай пайдалануға
болатын функция түймелерін (мысалы, ротациялық
режим мәзірінде ротациялық режим түймесі (6))
немесе Алға (
), Артқа (
сияқты қосымша функцияларды көрсетеді.
– Жылдам қол жеткізу түймелерінің белгілері (i) арқылы
төмен еңкейту түймесі / сағат тілінің бағытымен бұрау
түймесі (3) және жоғары еңкейту түймесі / сағат тілінің
бағытына қарсы бұрау түймесі (4) ағымдағы мәзірде
төмен еңкейту (▼) немесе жоғары еңкейту (▲) немесе
сағат тілінің бағытымен бұрау ( ) немесе сағат тілінің
бағытына қарсы бұрау ( ) үшін пайдаланылатынын
анықтауға болады.
– Түймені соңғы рет басқаннан кейін 5 с ішінде
индикатор автоматты түрде басты экранға қайтып
оралады.
– Түймені әр басқан сайын немесе өлшеу құралының
жеткені туралы сигнал әр берілген сайын дисплей (15)
жанады. Жарық түймені соңғы рет басқаннан кейін
шамамен 1 мин ішінде сөнеді.
Өлшеу құралындағы немесе қашықтан басқару
құралындағы тиісті еңкейту немесе бұрау түймелері ұзақ
басылып тұрғанда, әртүрлі функциялардағы еңкейту
немесе бұрау әрекеттері жылдамдауы мүмкін.
Өлшеу құралын өшірген кезде, барлық функциялар
стандартты реттеу күйіне қайтарылады.
Қосу/өшіру
Нұсқау: алғаш рет қолданысқа енгізгеннен кейін және
жұмысты әр бастамас бұрын дәлдік тексерісін өткізіңіз
(қараңыз „Өлшеу құралының дәлдігін тексеру", Бет 482).
Өлшеу құралын қосу үшін қосу/өшіру түймесін (11)
басыңыз. Іске қосу реттілігі бірнеше секундқа пайда
болып, содан кейін басты экран көрсетіледі. Өлшеу
құралы айнымалы лазер сәулесін (8) және жоғары
қаратылған перпендикуляр табанын (10) шығару
саңылауларынан (9) жібереді.
Лазер сәулесін адамдарға немесе жануарларға
u
бағыттамаңыз және тіпті алыстан болсын жарық
сәулесіне өзіңіз қарамаңыз.
1 609 92A 6AE | (28.05.2021)
) немесе Растау ( )
Нивелирлеу автоматты түрде
басталады және дисплейдегі
нивелирлеудің жыпылықтайтын
белгісі, жыпылықтайтын лазер
сәулелері және жасыл түспен
жыпылықтайтын күй
индикаторы (12) арқылы
көрсетіледі (қараңыз „Нивелирлеу автоматикасы",
Бет 479).
Нивелирлеу сәтті түрде
аяқталғаннан кейін, басты экран
көрсетіліп, лазер сәулелері үздіксіз
жанып тұрады, айналу басталады да,
күй индикаторы (12) үздіксіз жасыл
түспен жанып тұрады.
Қосулы зарядтау құралын бақылаусыз
u
қалдырмаңыз және өлшеу құралын пайдаланудан
соң өшіріңіз. Лазер сәулесімен адамдардың көзін
шағылыстыру мүмкін.
Өлшеу құралын өшіру үшін қосу/
өшіру түймесін (11) дисплейде
өшіру белгісі пайда болғанша басып
тұрыңыз.
50°C шамасындағы макс. рұқсат
етілген жұмыс температурасынан
асырған жағдайда, ескерту хабары
бірнеше секундқа пайда болып, күй
индикаторы (12) қызыл түспен
жыпылықтайды.
Содан кейін өлшеу құралы лазер диодтарын қорғау үшін
өшіріледі. Өлшеу құралы суығаннан кейін қайтадан
жұмыс істеуге дайын және оны қайта қосуға болады.
Қашықтан басқару құралымен/лазер
қабылдағышымен байланыс орнату
Өлшеу құралы мен жинақтағы қашықтан басқару
құралы (40) және жинақтағы лазер қабылдағышы (41)
зауыттан жеткізілген кезде әлдеқашан Bluetooth® арқылы
қосылып тұрады.
Қашықтан басқару құралын немесе
лазер қабылдағышын байланыстыру
үшін Bluetooth® түймесін (7)
дисплейде қашықтан басқару
құралымен/лазер қабылдағышымен байланыс орнату
белгісі пайда болғанша басып тұрыңыз.
Қашықтан басқару құралымен байланыс орнату үшін
қашықтан басқару құралындағы сағат тілінің бағытына
қарсы бұрау түймесін (29) және сағат тілінің бағытымен
бұрау түймесін (36), (33) және (34) күй индикаторлары
жыпылықтай бастағанша, бір уақытта басыңыз. Қашықтан
басқару құралымен байланыс орнатылып жатқан кезде,
қашықтан басқару құралындағы күй индикаторлары
жасыл түспен кезектесіп жыпылықтайды.
Лазер қабылдағышымен байланыс орнату үшін лазер
қабылдағышындағы X осі мен Y осінің түймелерін, лазер
қабылдағышының диспелейінде байланыс орнату туралы
хабар пайда болғанша, бір уақытта басып тұрыңыз. Бұл
Bosch Power Tools

Publicité

Table des Matières
loading

Ce manuel est également adapté pour:

Grl 650 chvgRc 6 professional

Table des Matières