Bosch GTS 10 XC Professional Notice Originale page 331

Masquer les pouces Voir aussi pour GTS 10 XC Professional:
Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 48
– Параллель тіректі (8) бүкіл ұзындығы бойынша ара
дискісіне тигенше мұқият жылжытыңыз.
– Параллель тіректі осы күйде ұстап тұрып, қысқыш
тұтқаны (51) қайтадан төмен қарай итеріңіз.
– Ішкі алты қырлы бұрандаларды (77) қайтадан берік
бекітіңіз.
Параллель тіректің икемділігін реттеу
Параллель тіректің (8) икемділігі жиі пайдаланғаннан
нашарлауы мүмкін.
– Реттегіш бұранданы (31) параллель тіректі аралау
үстелінде қайтадан бекіту мүмкін болғанша тартыңыз.
Параллель тіректің лупасын реттеу (P суретін
қараңыз)
– Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз.
– Қорғаныш қаптаманы (6) алып тастаңыз.
– Параллель тіректі (8) ара дискісіне тигенше оң жақтан
жылжытыңыз.
Тексеру
Лупаның (68) белгісі шкаланың (1) 0 мм белгісімен бір
сызықта болуы керек.
Реттеу
– Бұранданы (78) жеткізілім жиынтығындағы крест
ойықты бұрауышпен босатып, белгіні 0 мм белгісімен
туралаңыз.
Үстел ендірмесінің деңгейін реттеу (Q суретін
қараңыз)
Тексеру
Үстел ендірмесінің (32) алдыңғы жағы аралау үстеліне
нық немесе одан сәл төмен болуы керек, ал артқы жағы
аралау үстелінен сәл жоғары болуы керек.
Реттеу
– Үстел ендірмесін (32) алып тастаңыз.
– Алты қырлы дөңбек кілттің (37) көмегімен төрт
реттегіш бұранданың (79) дұрыс деңгейін реттеңіз.
Сақтау және тасымалдау
Құрылғы элементтерін сақтау (R1 − R6 суреттерін
қараңыз)
Сақтау үшін электр құралы белгілі бір құрылғы
элементтерін нық бекітуге мүмкіндік береді.
– Қосымша параллель тіректі (52) параллель тіректен
(8) босатыңыз.
– Барлық бос құрылғы бөліктерін олардың корпустағы
сақтау ұяшықтарына салыңыз (төмендегі кестені
қараңыз).
Сур
Құрылғы
Сақтау ұяшығы
ет
элементі
R1
Қорғаныш қаптама ұстағыштың (22) ойығына ілу
және қыспа иінтірекпен (49)
бұрап бекіту
R2
"Қосымша
ұстағыштарға (80) қысу
параллель тірек"
бекіткіш жинағы
(39)
Bosch Power Tools
Сур
Құрылғы
Сақтау ұяшығы
ет
элементі
R2
Сору адаптері (41) ұстағыш қапсырмаларға (81)
кіргізу
R3
пайдаланылмаған
ара дискісінің ұяшығына (82)
ара дискілері
ілу және қаптаманы (14)
үстінен бекіткіш гайкамен (12)
бекіту
R3
Шеңберлік кілт
ара дискісінің ұяшығына (82)
(15)
ілу және қаптаманы (14)
үстінен бекіткіш гайкамен (12)
бекіту
R3
Жылжыту таяғы
бекіткіш гайкамен (12) бекіту
(13)
R4
Алты қырлы
ұстағыштарға (83) кіргізу
дөңбек кілт (37)
R4
Параллель тірек
параллель тірек ұяшығына
(8)
(36) енгізу
R5
Бұрыштық тірек
ұстағыш қапсырмаларға (23)
(3)
кіргізу
R6
Қосымша
қосымша параллель тірек
параллель тірек
ұяшығына енгізу және
(52)
ұстағыш қапсырмамен (84)
бекіту
Электр құралын тасымалдау
Электр құралын тасымалдаудан бұрын төмендегі
қадамдарды орындау керек:
– Электр құралын тасымалдау күйіне келтіріңіз (қараңыз
„Тасымалдау күйі", Бет 327).
– Электр құралына берік монтаждау мүмкін емес барлық
керек-жарақтарды алып тастаңыз.
Пайдаланылмаған ара дискілерін тасымалдау үшін
мүмкіндігінде жабық контейнерге салыңыз.
– Аралау үстелінің кеңейтімін (11) толығымен ішке
жылжытып, қысқыш тұтқаны (18) бекіту үшін төмен
қарай итеріңіз.
– Аралау үстелінің ұзартқышын (10) толығымен ішке
жылжытып, бұғаттау бұрандаларын (38) бағыттауыш
таяқтарға (24) бекітіңіз.
– Желілік кабельді кабель ұстағышына (42) ораңыз.
– Көтеру немесе тасымалдау үшін тасымалдау
тұтқаларын (4) пайдаланыңыз.
Электр құралын тасымалдау үшін тек тасымалдау
u
аспабын пайдаланыңыз ешқашан қорғағыш
аспаптарды пайдаланбаңыз.
Техникалық және сервистік
қызмет көрсету
Техникалық қызмет көрсету және тазалау
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
u
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Қазақ | 331
1 609 92A 5B8 | (15.07.2019)

Publicité

Table des Matières
loading

Table des Matières