Жеткізілім Жиынтығы - Bosch GTS 10 XC Professional Notice Originale

Masquer les pouces Voir aussi pour GTS 10 XC Professional:
Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 48
324 | Қазақ
құралдарды бір-бірімен салыстыру үшін пайдаланылуы
мүмкін. Ол шуыл шығару мәнін шамалап өлшеу үшін де
жарамды.
Берілген шуыл шығару мәні электр құралының негізгі
жұмыстары үшін берілген. Егер электр құрал басқа
жұмыстар үшін басқа алмалы-салмалы аспаптар менен
немесе жетімсіз күтумен пайдаланылса шуыл шығару
мәндері өзгереді. Бұл жұмыс барысындағы шуыл шығару
мәнін арттырады.
Шуыл шығару мәнін нақты есептеу үшін құрал өшірілген
және қосылған болып пайдаланылмаған уақыттарды да
ескеру қажет. Бұл жұмыс уақытындағы шуыл шығару
мәнін төмендетеді.
Монтаждау
Электр құралының кездейсоқ іске қосылуына жол
u
бермеңіз. Орнату кезінде және электр
құралындағы барлық жұмыстарда желі айыры
тоққа қосылмауы керек.
Жеткізілім жиынтығы
Электр құралын алғашқы рет іске қосудан алдын төменде
жазылған бөліктердің жинақта барлығын тексеріңіз:
– Ара дискісі (33) және сына (7) орнатылған үстелдік
дискілі ара
– Бұрыштық тірек (3)
– Профильдік тіреуіш (34)
– "Профильдік тіреуіш" бекіткіш жинағы (55)
(бағыттауыш пластина, домалатпа гайка, бұранда,
салмалы шайба)
– Параллель тірек (8)
– Қосымша параллель тірек (52)
– "Қосымша параллель тірек" бекіткіш жинағы (39) (3
бекіткіш бұранда, 3 салмалы шайба, 3 қатпарлы гайка)
– Қорғаныш қаптама (6)
– Үстел ұзартқышы (10)
– "Үстел ұзартқышы" бекіткіш жинағы (43) (2 бекіткіш
бұранда, 2 салмалы шайба, 1 айыр тәрізді кілт)
– Алты қырлы дөңбек кілт (37)
– Шеңберлік кілт (15)
– Ара дискісі ұяшығының қаптамасы (14)
– Жылжыту таяғы (13)
– Үстел ендірмесі (32)
– Сору адаптері (41)
Нұсқау: электр құралында зақымдардың бар-жоғын
тексеріп шығыңыз.
Электр құралын пайдаланудан бұрын қорғаныш
аспаптардың немесе сәл зақымдалған бөліктердің
ақаусыз және мақсатына сай жұмыс істегенін тексеру
керек. Жылжымалы бөліктер ақаусыз жұмыс істегенін
және қысылмағанын немесе бөліктердің
зақымдалмағанын тексеріңіз. Барлық бөліктер дұрыс
орнатылуы және ақаусыз жұмыс істеуді қамтамасыз
ететін пайдалану шарттарына сәйкес келуі керек.
1 609 92A 5B8 | (15.07.2019)
Зақымдалған қорғаныш аспаптар мен бөліктерді өкілетті
шеберханада жөндеу немесе алмастыру керек.
Құрамдас бөліктерді монтаждау
– Жинақтағы бөліктерді абайлап орамаңыздан алып
қойыңыз.
– Бүтін орама материалын электр аспап пен жинақтағы
жабдықтардан алып қойыңыз.
– Еден торын (45) ашып, қозғалтқыш блогының
астындағы орауыш материалын алып тастаңыз (a
суретін қараңыз).
Тікелей корпустың астына мына құрылғы элементтері
бекітіледі: жылжыту таяғы (13), шеңберлік кілт (15), алты
қырлы дөңбек кілт (37), параллель тірек (8), бұрыштық
тірек (3), сору адаптері (41), қосымша параллель тірек
(52) бекіткіш жинағымен (39), қорғаныш қаптама (6).
– Осы құрылғы элементтерінің бірін қажет етсеңіз,
оларды сақтау қорабынан абайлап шығарып алыңыз.
Осы тақырып жөнінде R1 – R6 суреттерін де қараңыз.
Жеткізілім жиынтығынан тыс қажетті құралдар:
– Оймакілтекті бұранда бұрауышы
– Крест ойықты бұрауыш
– Бұрыштық калибр
Сынаны орналастыру (b1–b2 суреттерін қараңыз)
Нұсқау: қажет болса, монтаждалатын барлық бөліктерді
орналастырмас бұрын тазалап шығыңыз.
– Қос иінді (20) сағат тілінің бағытына қарсы ара дискісі
(33) аралау үстелінің үстінде ең жоғарғы күйде
тұратындай етіп тірелгенше бұраңыз.
– Қыспа иінтіректі (46) босатыңыз.
– Сынаны (7) қыспа иінтірек (46) бағытымен жоғары
қарай тартылғанша жылжытыңыз.
– Сынаны ара дискісінің тура ортасынан жоғары
орналасатындай етіп толығымен жоғары қарай
тартыңыз.
– Екі штифтті (47) сынаның астыңғы саңылауларына
тіркеп, қыспа иінтіректі (46) қайтадан бекітіңіз.
Үстел ендірмесін монтаждау (c суретін қараңыз)
– Үстел ендірмесін (32) аспап саңылауының артқы
ойықтарына (48) іліңіз.
– Үстел ендірмесін төмен қарай бағыттаңыз.
– Үстел ендірмесін аспап саңылауының алдыңғы
жағында тіркелгенше басыңыз.
Үстел ендірмесінің (32) алдыңғы жағы аралау үстеліне
қысылып немесе одан сәл төмен орналасуы тиіс, ал
артқы жағы аралау үстеліне қысылып немесе одан сәл
жоғары орналасуы тиіс (қараңыз „Үстел ендірмесінің
деңгейін реттеу (Q суретін қараңыз)", Бет 331).
Қорғаныш қаптаманы монтаждау (d1–d2 суреттерін
қараңыз)
Нұсқау: қорғаныш қаптаманы сына ара дискісінің
ортасынан тура жоғары, ең жоғарғы күйінде
орналасқанда ғана монтаждаңыз (b2 суретін қараңыз).
Сына ең төменгі күйінде (жеткізілген кездегі күйде
Bosch Power Tools

Publicité

Table des Matières
loading

Table des Matières