3M DBI-SALA Mobi-Lok 2200094 Manuel D'instruction Pour L'utilisateur page 164

Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 87
тығыздау кезінде төсемдерге қысым түсіріп, төсемдер астындағы артық ауаны шығарыңыз. Тұтқаны
жібермес бұрын, вакууметр (C) жеткілікті вакуумды көрсетпейінше күтіңіз. Бұл цилиндрдің қызмет ету
мерзімін ұзартуға септігін тигізеді.
4.
Орнатқаннан кейін шамамен 10 секундтан соң вакууметр тілін бақылаңыз. Тілі жеткілікті вакуумдық
тығыздалуын және анкерлік бекітілуін көрсетіп, тұрақты қалуы керек. Тілі түссе, құрылғыны иінтірегін босату
күйіне қарай бұрап өшіру керек. Вакуумдық анкерді қайта орналастырып, 1–4 қадамдарды қайталаңыз.
5.
Вакуумдық анкер құрылғысына құлаудан қорғауға арналған жеке қорғаныс құралын бекітіңіз.
Қосымша вакуумдық анкерді бекіту үшін: Толығырақ мәліметті 9-суреттен қараңыз. Қосымша Вакуумдық анкер
құрылғысын негізгі Вакуумдық анкер көмегімен орнату үшін төмендегі нұсқауларды қараңыз.
1.
Қосымша шлангіні (E) негізгі вакуумдық анкер төсеміндегі (A) вакуумдық жалғағышқа (C) бекітіңіз. Содан кейін
қосымша шлангіні (E) қосымша вакуумдық анкер төсеміндегі (B) вакуумдық жалғағышқа (D) бекітіңіз.
2.
Екі Вакуумдық анкер төсемдерін жоғарыда аталған, сондай-ақ 1-кестеде берілген талаптарға сәйкес
құрылымға орналастырыңыз.
3.
Қосымша төсемдегі «Дабылды айналып өту» түймесін (A) басып, иінтіректі (B) «бекіту» позициясына
бұраңыз. Бастапқы тығыздау кезінде төсемдерге қысым түсіріп, төсемдер астындағы артық ауаны
шығарыңыз. Тұтқаны жібермес бұрын, вакууметр (C) жеткілікті вакуумды көрсетпейінше күтіңіз.
4.
Орнатқаннан кейін шамамен 10 секундтан соң вакууметр тілін бақылаңыз. Тілі жеткілікті вакуумдық
тығыздалуын және анкерлік бекітілуін көрсетіп, тұрақты қалуы керек. Тілі түссе, құрылғыны иінтірегін босату
күйіне қарай бұрап өшіру керек. Вакуумдық анкерді қайта орналастырып, 1–4 қадамдарды қайталаңыз.
5.
Вакуумдық анкер құрылғысына құлаудан қорғауға арналған жеке қорғаныс құралын бекітіңіз.
4.0
ПАЙДАЛАНУ
4.1
ӘРБІР ПАЙДАЛАНУ АЛДЫНДА. Жұмыс аймағы мен жеке құлауды тоқтату жүйесінің (PFAS) 2-бөлімде көрсетілген
барлық талаптарға сай келетінін және ресми құтқару жоспарының бар болғанын тексеріңіз. Вакуумдық анкер
құрылғысын Тексеру және техникалық қызмет көрсету журналында (берілген) Пайдаланушы 2-кесте атты тексеру
тармақтары бойынша тексеріп шығыңыз. Егер тексеру барысында қауіпті немесе ақаулы жағдай анықталса, жүйені
пайдаланбаңыз. Жүйені қолданыстан шығарып, жойыңыз немесе ауыстыру не жөндеу мәселелері бойынша 3M
компаниясына хабарласыңыз.
4.2
ҚҰЛАУДЫ ТОҚТАТУ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚОСЫЛЫМДАРЫ. Вакуумдық анкер толық сақтандыру белдігімен және
амортизаторлы ілгіш баумен немесе өздігінен жиналмалы құрылғымен (ӨЖҚ) бірге пайдаланылады. Арқанмен
немесе өздігінен жиналмалы құрылғымен (ӨЖҚ) бірге берілген пайдалану нұсқаулығында сипатталғандай арқан мен
Вакуумдық анкер D тәрізді сақинасы және баудағы артқы D тәрізді сақина арасындағы ӨЖҚ-ны жалғаңыз.
4.3
ПАЙДАЛАНУ КЕЗІНДЕ. Пайдалану кезінде дыбыстық сигнал берілсе, жеткізілуде немесе вакуумдық қысымда өзгеріс
болған. Вакуумдық анкер құрылғысын визуалды түрде тексеріңіз. Вакууметр тілі жасыл аймақта болса, жүйе қауіпсіз
вакуум деңгейінде және ауа берілуінің кедергісі тексеріліп, түзетіліп жатқан кезде қауіпсіз болып қала береді.
Дұрыс вакуумдық тығыздық 20 минуттан артық қауіпсіз вакуумды қамтамасыз еткенімен, қауіпсіз жұмыс деңгейін
сақтау үшін, ауа берілу кедергісі кезінде вакууметрді әр екі минут сайын тексеріп отырған жөн. Егер кез келген
тексеру уақытында вакууметр тілі жасыл аймақтан төмен түсіп кетсе, дереу Вакуумдық анкер құрылғысынан
барынша қауіпсіз ажыратып, биіктікте болмаған кезде не құлаудан қорғау жүйесімен құрылғы жүйесін тексеріңіз.
5.0
ТЕКСЕРУ
5.1
ТЕКСЕРУ ЖИІЛІГІ. Вакуумдық анкер құрылғысын 1-бөлімде берілгендей және 5.4 бөлімінде сипатталғандай қайта
сертификаттау процесінде берілген аралықта тексеру керек. Тексеру процедуралары «Тексеру және техникалық
қызмет көрсету журналында» (2-кесте) сипатталған. Құлаудан қорғау жүйесінің басқа құрамдастарының барлығын
өндірушінің нұсқаулығында көрсетілген жиіліктер мен процедураларға сәйкес тексеріңіз.
;
Вакуумдық анкер құрылғысын тексергеннен кейін келесі тексеру уақытымен белгілеуге кеңес беріледі.
5.2
АҚАУЛАР: Егер тексеру барысында ақаулық немесе қауіпті жағдай анықталса, Вакуумдық анкер құралын дереу
қолданыстан шығарып, ауыстыру немесе жөндеу үшін 3M компаниясына хабарласыңыз. Құлаудан құтқару жүйесін
өз бетінше жөндеуге тырыспаңыз.
;
Рұқсат етілген жөндеу жұмыстары: Жабдықты жөндеу жұмыстарын тек 3M немесе жазбаша түрде
рұқсат берген өкілетті тараптар ғана орындай алады.
5.3
ӨНІМНІҢ ЖАРАМДЫЛЫҚ МЕРЗІМІ. Құлауды тоқтату жүйесінің қызмет ету мерзімі жұмыс жағдайлары және
техникалық қызмет көрсету бойынша анықталады. Өнім тексеріс талаптарына сай болып шықса, оны пайдалана
беруге болады.
5.4
ҚАЙТА СЕРТИФИКАТТАУ. Жыл сайын немесе 3M Fall Protection жазбаша рұқсатына сәйкес Вакуумдық анкер
құрылғысын тек 3M Fall Protection компаниясының уәкілетті техник маманы тексеруі және қайта сертификаттауы
керек.
;
Тексеру талабы: Барлық қайта сертификаттау жұмыстары төсем жапсырмасында тіркеліп, уақыты
жазылуы керек.
6.0
ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ, ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ, САҚТАУ
164

Publicité

Table des Matières
loading

Table des Matières