3M 6300 Mode D'emploi page 117

Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 8
ТЫҒЫЗ ЖАНАСТЫРУДЫ ТЕКСЕРУ
Егер де, Сіз 6035 жəне 6038 немесе 2000 сериялы
сүзгілерін қолданатын болсаңыз, онда жағымсыз
қысымның бар болуын тексеру ұсынылады. Егер де,
Сіз 3М сүзгісін қолдансаңыз, онда жағымды қысымның
болуына тексеру жасау ұсынылады.
1. Тексеру үшін жақсылап басыныз
Алақанмен дем тарту қақпақшаны жауып, ақырын дем
тартыңыз егер бетініз бен бұйымның шеті арасында
азғана немесе еш ауа жылыстау білінбесе, онда осы
бұйым дұрыс киілді Сурет4.
2.Тексеру үшін теріс қысып алыңыз
Сүзгілердің орталық пазасына үлкен саусақпен
басыңыз, ақырындап демалыңыз да демді бес, он
секундқа ұстап қалыңыз.
Егер бетке киілетін бұйым аздап опырылып құласа,
онда оны дұрыс киілгені мəлім. Егер ауа ағып тұрса
респираторды бетте түзеу керек жəне\немесе
таспалардың керілісін ыңғайлау керек. Жоғарыда
келтірінген тексеруді қайталау керек. Кию туралы
рəсімдік сынақтар бойынша ақпарат алу үшін 3М
компаниясына хабарласыңыз.
^ Егер сіз дұрыс қиюластыруды ЖАСАЙ
АЛМАСАҢЫЗ, қауіпті аймаққа ШЫҚПАҢЫЗ.
Басшыңызбен кеңесіңіз.
БҰЙЫМДЫ ШЕШУ
^ Жұқпалы аумақтан кеткеніңізше газ қайтарғыш
бетпердені, сүзгіні бетіңізден шешпеңіз немесе ауа
жіберуді тоқтатпаңыз.
1. Жоғарғы таспалардың керілісін босатыңыз
2. Бетке киілетін бұйымды аздап көтеріп жəне
респираторды көтеріп шешіп қойыныз
3. Қажет болған жағдайда, желдетпе-ағынды агрегатын
өшіріп тастаңыз немесе ауамен қамтамасыз ететін
түтікті реттегіш қақпақшадан ажыратып, белбеуді
тағыңыз.
ЕСКЕРТУ Егер респиратор ерекше тазалау
рəсімдерін қажет ететін затпен ластанған аймақта
пайдаланылса, оны тиісті контейнерге салып,
респираторды тазалағанға немесе пайдаланудан
шығарғанға дейін сонда сақтау қажет.
ТЕХНИКАЛЫҚ КҮТІМ
Бұйымға техникалық күтім жасауды, қызмет көрсетуді
жəне жөндеуді тек тиісті түрде үйретілген
қызметкерлер ғана жүргізулері тиіс. Берілген газды
қайтарғыш күрделі техникалық қызмет көрсетуді талап
етпейтіндіктен, бөлшектердің көп емес көлемін
ауыстыру керек (Таныстыру буклетін қараңыз). Егер
де, ауыстыруға келмейтін басқа бөлшектер бүлінген
болса, онда газ қайтарғышын ауыстыру керек.
^ Бұйымға мақұлданбаған бөлшектерді
пайдалану немесе оны рұқсатсыз жаңарту
пайдаланушының денсаулығына жəне өміріне
қатер төнуінің себебі болуы жəне кез-келген
кепілдіктің заңды күшін жоюы мүмкін. Тұрақты
пайдаланылмаған кезде де пайдалану алдында
немесе ай сайын жақсылап тексеріп отыру керек.
Тексеру процедуралары бөлімінен арнайы
мəліметтерді қараңыз. Егер дулығаның кейбір
бөлшектерін алып тастау қажет болса, ол
денсаулықты қорғау, қауіпсіздік техникасы мен
қоршаған ортаны қорғау бойынша жергілікті
ережелерге сəйкес орындалуы тиіс.
ҚОСАЛҚЫ БӨЛШЕКТЕР
Тыныс алған кезде тыныс алу мүшелерін
қорғайтын төсемдерін (6895) ауыстыру . Тыныс алу
аралық қабаттары масканың байонет жалғауына
арналған тыныс алу тесіктері мен сүзгілердің немесе
ауаны беру блогының тоғысқан жерін тығыздауға
арналған. Төсемдердің жағдайын сүзгіні ауыстырған
кезде тексеру керек жəне егер де, олар бүлінген болса
немесе егер де тығыздау бүтіндігі күдікті туғызса,
оларды ауыстыру керек. Кіру тесігінің байонеттік
бекіткіштерінен орнатуларды алып тастаңыз. Жаңа
төсемдерді барлық үш байонеттік шығыңқылардың
астындағы кіру тесігіне қойыңыз.
ТАЗАЛАУ ЖƏНЕ ДЕЗИНФЕКЦИЯЛАУ
Əрбір пайдаланғаннан кейін тазалау керек
Егер респиратор бірнеше рет пайдаланылса, оны əр
кезек сайын тазалау жəне біртума қаптауда немесе
жеке контейнерде сақтау керек.
Респиратордың ұшын тазалау үшін 3M™ 105
Тазартқышын пайдалану керек Барлық сүзгілерді алып
тастаңыз жəне егер де қажет болса, желдетпе-ағынды
агрегатты ажыратыңыз.
Бөлшектерді тазалаңыз (фильтрден басқасын) жылы
ерітіндіге салып жұмсақ щеткамен қырып алу керек(су
температурасы 50°C аспау керек ), Керек болса
бейтарап жуғыш затты қосуға болады.

Publicité

Table des Matières
loading

Table des Matières