Télécharger Imprimer la page

Bosch EXACT ION 18 V-LI 6-1500 WK Notice Originale page 158

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 21
158 | Қазақ
параметрлерді (мысалы, айналу жиілігі, бұрау
деңгейлері, қайталаудан қорғаныс) конфигурациялауға
болады. Ол үшін электр құралын USB порты арқылы
компьютерге жалғаңыз.
Нұсқау: бұл ретте барлық қауіпсіздік техникасының
нұсқауларын және бағдарламалық жасақтаманы
пайдалану нұсқаулығының ұсыныстарын орындаңыз.
Бұрыштық оймалы бастиекті монтаждау (D
суретін қараңыз)
Бұл өнеркәсіптік акккумуляторлық бұрыштық
бұрауыштарда алдымен жарамды бұрыштық оймалы
бастиекті (қараңыз „Техникалық мәліметтер", Бет 155)
монтаждау керек.
– Электр құралын айыр тәрізді кілтпен (22) бұрыштық
бастиек фланецінің кілт жазықтығында (4) мықтап
ұстаңыз.
Электр құралын корпус қабығында қысуға
u
болмайды.
– Бұрыштық оймалы бастиекті (3) қалаулы күйде
фланецке орнатып, айыр тәрізді кілтпен (21) кілт
жазықтығында (5) жаппа гайкамен бұрап қойыңыз.
Бұл ретте айыр тәрізді кілтпен (22) бұрыштық бастиек
фланецінде тіреп тұрыңыз.
Бұрыштық оймалы басты жылжыту
Бұрыштық оймалы басты (3) жалпы сегіз күйге
ауыстыруға болады.
– Электр құралын айыр тәрізді кілтпен (22) бұрыштық
бас фланецінің кілт аймағында (4) мықтап ұстаңыз.
Электр құралын корпус қабығында қысуға
u
болмайды.
– Айыр тәрізді кілтпен (21) кілт аймағында (5) жаппа
гайканы босатыңыз. Бұрыштық оймалы басты (3)
қалаулы күйге 45°-қа жылжытып, айыр тәрізді кілтпен
(21) кілт аймағында (5) жаппа гайканы қайтадан
тартып қойыңыз.
Бұл ретте айыр тәрізді кілтпен (22) бұрыштық бас
фланецінде тіреп тұрыңыз.
Сыртқы төрт қырлы оймалы бас жағдайында
құралды алмастыру (E суретін қараңыз)
Алмалы-салмалы аспапты орнату
– Аспап патронының (2) төрт қырлы басындағы
штифтіні, мысалы, жіңішке бұрауышпен ішке басып,
алмалы-салмалы аспапты (1) төрт қырлы бас үстінен
жылжытыңыз. Штифт алмалы-салмалы аспап ойығына
кіргеніне көз жеткізіңіз.
Алмалы-салмалы аспапты шығару
– Штифтіні алмалы-салмалы аспап (1) ойығының ішіне
басып, алмалы-салмалы аспапты аспап патронынан
(2) шығарыңыз.
1 609 92A 6N3 | (09.09.2021)
Ішкі алты қырлы оймалы бас жағдайында
құралды алмастыру (F суретін қараңыз)
Алмалы-салмалы аспапты орнату
– Алмалы-салмалы аспапты (1) аспап патронының (2)
ішкі алты қырлы ойығына шерту дыбысымен
тірелгенше енгізіңіз.
Алмалы-салмалы аспапты шығару
– Алмалы-салмалы аспапты (1) аспап патронынан (2)
қажетінше қысқашпен тартып шығарыңыз.
Жылдам алмастыру патронымен оймалы
бастиек жағдайында құралды алмастыру
(G суретін қараңыз)
Алмалы-салмалы аспапты орнату
Алмалы-салмалы аспаптарды тек жарамды жалғағыш
ұштықтармен (1/4 дюймдік алты қырлы) пайдаланыңыз.
– Жылдам алмастыру патронының (23) төлкесін алға
тартыңыз.
– Алмалы-салмалы аспапты (1) аспап патронына (2)
салып, жылдам алмастыру патронын қайтадан
жіберіңіз.
Алмалы-салмалы аспапты шығару
– Жылдам алмастыру патронының (23) төлкесін алға
тартыңыз.
– Алмалы-салмалы аспапты (1) аспап патронынан (2)
шығарып, жылдам алмастыру патронын қайтадан
жіберіңіз.
Пайдалану
Пайдалануға ендіру
Электр құралын іске қосу қажет болса, алдымен айналу
бағытын ауыстырып-қосқышпен (9) айналу бағытын
реттеңіз:
Электр құралы айналу бағытын ауыстырып-қосқыш (9)
ортада тұрмаған жағдайда ғана іске қосылады (іске
қосылудан қорғайтын құлып).
Айналу бағытын реттеу (H суретін қараңыз)
– Оң жаққа айналу бағыты: бұрандаларды бұрап
кіргізу үшін айналу бағытын ауыстырып-қосқышты (9)
солға тірелгенше басыңыз.
– Сол жаққа айналу бағыты: бұрандаларды босату
немесе бұрап алу үшін айналу бағытын ауыстырып-
қосқышты (9) оңға тірелгенше басыңыз.
Жұмыс шамын іске қосу
Жұмыс шамы (6) қолайсыз жарықтықтандыру
жағдайында бұранда кіргізу жерін жарықтандыруға
көмектеседі. Жұмыс шамын (6) ажыратқышты (8)
ақырындап басу арқылы іске қосуға болады.
Ажыратқышты қаттырақ бассаңыз, электр құралы
қосылып, жұмыс шамы жанып тұрады.
Жұмыс шамына тікелей қарамаңыз, ол көзді
u
зақымдауы мүмкін.
Bosch Power Tools

Publicité

loading