Bosch PPS 7S Mode D'emploi page 272

Masquer les pouces Voir aussi pour PPS 7S:
Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 41
OBJ_BUCH-1259-004.book Page 272 Thursday, November 6, 2014 10:45 AM
272 | Қaзақша
Түзулігін реттеу: (C2 суретін қараңыз)
– Реттеу сақинасын 47 парраллельді лазер сәулесі
керекті кесік сызығының белгілерінің бүтін
ұзындығында тегіс тұрғаныша бұраңыз.
Сағат тіліне қарсы бір айналым лазер сәулесін оңдан солға
жылжытады.
Үстел ұзартқышы мен тіреуіштерді орнату
Үстел ұзартқышын орнату (D суретін қараңыз)
Үстел ұзартқышы 27 аралау үстелін 7 кеңейтуге немесе
ұзартуға арналған. Сонымен оны аралау үстелінің сол, оң
және арқа жағына орнату мүмкін.
Орнату үшін „Үстел ұзартқышының" бекіткіш жинағын 48
пайдаланыңыз. (бұрау тұтқасы 52, болттар, сомындар)
– Үстел ұзартқышы 27 керекті бағыттауыш ойығына 8
аралау үстелінде жылжытыңыз немесе асыңыз.
Егер үстел ұзартқышы аралау үстелінің сол немесе оң
жағыда орнатылса, ол алдында тіреледі.
Егер үстел ұзартқышы аралау үстелінің арқсында
орнатылса, ол сол немесе оң жағында тірелуы мүмкін.
– Үстел ұзартқышын тіреуіштің 49 төменгі ұстағышы
тесіктердің 9 біреуімен бірдей болғаныша
жылжытыңыз.
Керек болса тіреуіштің 49 жоғарғы ұстау тақтасын
жылжыту керек болады.
Ол үшін екі ішкі алты қырлы бұранданы 50 алты қырлы
дөңбек кілтпен 13 босатып, жоғарғы ұстау тақтасын
тіреуіш 49 керекті тесікпен 9 бірдей болғаныша
жылжытып сосын ішкі алты қырлы бұрандаларды 50
қайта бұрап қойыңыз.
– Сомынды 9 тесігіне салып тіреуіштің ұстағышын
болтпен бұрап қойыңыз.
– Бұрау тұтқасын 52 үстел ұзартқышын тиісті тесікке
бұрап үстел ұзартқышын бекітіңіз да берік тартып
қойыңыз.
Үстел ұзартқышы аралау сүтелінің бетімен бір деңгейде
болуы керек.
– Бұрау тұтқасының 51 көмегімен үстел ұзартқышын 27
дұрыс биіктігіне реттеңіз.
Әмбебап тіреуішті орнату (E суретін қараңыз)
Әмбебап тіреуішті 1 сол немесе оң жақтан аралау үстеліне
7 немесе үстел ұзартқышына 27 орнату мүмкін.
Ескертпе: Вертикалды еңіс бұрыштарын аралауда
әмбебап тіреуішті аралау үстелінің оң жағында орнату
керек.
– Әмбебап тіреуіштің орнату тақтасын 30 керекті
бағыттауыш ойыққа 8 аралау үстелінде немесе үстел
ұзартқышының 27 бағыттауыш оығына жылжытыңыз
немесе асыңыз.
– Бұрау тұтқасын 38 тиісті тесікке бұрап әмбебап
тіреуішті бекітіңіз да берік тартып қойыңыз.
1 609 92A 0VR | (6.11.14)
Тіреуіш планканы әмбебап тіреуішке орнатыңыз
Әмбебап тіреуіштің тіреуіш планкасы 36 дайындама үшін
қою аймағы ретінде қызмет етеді.
Жұқа дайындамаларды аралауда тіреуіш планканы 36
әмбебап тіреуішке 1 жалпақ орнату керек, осылай
дайындама қысылмайды немесе сырғанбайды. (F1
суретін қараңыз)
Биік дайындамаларды аралауда немесе екі сапты
араларда тіреуіш планканы 36 әмбебап тіреуішке 1
қырынан қойып орнату керек, осылай дайындаманың
мүмкін үлкен аймағы жетіледі. (F2 суретін қараңыз)
– Қатпарлы бұранданы 34 босатыңыз.
– Тіреуіш планканы 36 қырына немесе жалпақ әмбебап
тіреуіштің қысқышына 53 жылжытыңыз.
– Қатпарлы бұранданы 34 қайта берік бекітіңіз.
Жұмыс аймағында орнату (G суретін қараңыз)
 Тұрақты пайдалануды қамтамасыз ету үшін электр
құралын пайдаланудан алдын тегіс бекем жұмыс
аймағына (мысалы верстак) орнату керек.
– Электр құралын сәйкес бұрандалармен жұмыс
аймағында бекітіңіз. Ол үшін 9 ойықтары көмектеседі.
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат ағашының
шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен (хромат,
ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандармен
өңделуі керек.
– Әрдайым шаңсорғышты пайдаланыңыз.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Шаң-/жоңқа сору шаң, жоңқа немесе дайындама
сынықтары арқылы тығыздануы мүмкін.
– Электр құралын өшіріп желі айырын розеткадан тартып
қойыңыз.
– Аралау дискісі толық тоқтағаныша күте тұрыңыз.
– Тығыздану себебін айқындап оны жойыңыз.
Төменгі ара дискісінің қаптамасын тазалаңыз
(I суретін қараңыз)
Дайындаманың сынықтары мен үлкен жоңқаларын алып
қою үшін тазалау қақпағын 55 төменгі ара дискісінің
қаптамасын 54 ашу мүмкін.
– Электр құралын өшіріп желі айырын розеткадан тартып
қойыңыз.
– Аралау дискісі толық тоқтағаныша күте тұрыңыз.
– Үстел ұзартқышы 27 мен әмбебап тіреуішті 1 алып
қойыңыз.
Bosch Power Tools

Publicité

Table des Matières
loading

Table des Matières