Bosch PPS 7S Mode D'emploi page 267

Masquer les pouces Voir aussi pour PPS 7S:
Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 41
OBJ_BUCH-1259-004.book Page 267 Thursday, November 6, 2014 10:45 AM
 Төменгі ара ретінде пайдалану:
 Aралау дискісін дайындамаға тек қосулы күйде
апарыңыз. Әйтпесе аралау дискісі дайындамаға
ілініп кері соғу қаупі пайда болады.
 Дайындаманы бекітіңіз. Қысу құралына немесе
қысқышқа орнатылған дайындама қолыңызбен
салыстырғанда, берік ұсталады.
 Дөңгелек үстел арасы ретінде пайдалану:
Дайындаманы тек айналып тұрған ара дискісіне
жақындатыңыз. Әйтпесе аралау дискісі дайындамаға
ілініп кері соғу қаупі пайда болады.
 Тұтқаларды құрғақ, таза және майсыз жағдайда
ұстаңыз. Май тұтқалар сырғақ болып бақылау
жоғалтуына алып келеді.
 Электр құралын тек жұмыс аймағы өңделетін
дайындамаға дейін реттеу құралдарынан, ағаш
жоңқадан т.б. бос болғанда пайдаланыңыз. Айналып
тұрған аралау дискінде жатқан ағаш бөліктері немесе
басқа заттар пайдаланушыға қатты жылдамдықта тиюі
мүмкін.
 Электр құралын тек пайдалануға арналған
заттектерді пайдаланыңыз. Әйтпесе электр құралын
артық жүктеуіңіз мүмкін.
 Әрдайым тек бір дайындаманы ғана аралаңыз. Бір-
бірінің үстіне немесе алдына қойылған дайындамалар
аралау дискісін бұғаттауы немесе аралау кезінде бір-
біріне жылжуы мүмкін.
 Әрдайым әмбебап тіреуішті пайдаланыңыз. Бұл
кесу дәлдігін жақсартады және аралау дискісінің тұрып
қалу қаупін азайтады.
 Ою немесе тесуде электр құралды тек тиісті
қорғағыш аспаппен (мысалы, туннельдік қаптама)
пайдаланыңыз.
 Электр құралды кесу үшін пайдаланбаңыз
(дайындамада аяқталатын ойық).
 Барлық кесіктерде алдымен ара дискісі тіреу
планкасын немесе басқа құрылғы бөліктерін
тимеуіне көз жеткізіңіз. Егер ара дискі құрылғы
бөліктерін қадалса кері соғу қауіпі пайда болып электр
құрал онда қатты зақымдануы мүмкін.
 Егер аралау дискісі қысылса электр құралын
өшіріп, дайындамаға аралау дискісі тоқтағанша
тимеңіз. Кері соққыға жол бермеу үшін
дайындаманы тек аралау дискісі тоқтағанда
жылжыту қажет. Электр құралын қайта қосудан алдын
аралау дискісіның қысылу себебін жойыңыз.
 Өтпес, жарылған, қисатылған немесе зақымдалған
аралау дискілерін пайдаланбаңыз. Аралау дискілері
немесе ауытқыған тістер енсіз кесуге, артық үйкеліске,
тұрып қалуға және кері соққыға әкелуі мүмкін.
Bosch Power Tools
 Әрқашан дұрыс өлшемдері және сәйкес орнату
тесіктері бар аралау дискілерін пайдаланыңыз
(мысалы, ромб түріндегі немесе дөңгелек). Араның
орнату бөлшектеріне сәйкес келмейтін аралау
дискілері эксцентрлі жұмыс істейді, бұл бақылауды
жоғалтуға әкеледі.
 Тез кесетін болаттан жасалған, төзімділігі жоғары
аралау дискілерін пайдаланбаңыз. Мұндай аралау
дискілері оңай сынуы мүмкін.
 Жұмыстан соң аралау дискісіне суығанша тимеңіз.
Аралау дискісі жұмыс істеген кезде қатты қызады.
 Аспапты ешқашан ішпексіз пайдаланбаңыз.
Ақаулы ішпекті алмастырыңыз. Ішпек мінсіз
болмаса ара дискісімен жарақаттану мүмкін.
 Кабельді жүйелі түрде тексеріп зақымдалған
кабельді тек Bosch электр құралыдарыңың өкілетті
сервистік қызметыне жөндетіңіз. Зақымдалған
ұзартқыш кабелін алмастырыңыз. Сол арқылы
электр құралының қауіпсіздігін сақтайсыз.
 Пайдаланбаған электр құралын дұрыс сақтаңыз.
Жататын жері құрғақ және жабылатын болуы
керек. Осылай электр құралы жатқан жерінде
зақымдалуы немесе тәжирібесіз адамдар
пайдалануына жол бермейсіз.
Лазер сәулесін адам немесе
жануарларға бағыттамаңыз және
өзіңіз де тікелей немесе шағылған
лазер сәулесіне қарамаңыз. Осылай
адамдардың көзін шағылдыруы мүмкін,
сәтсіз оқиғаларға алып келуі және көзді
зақымдауы мүмкін.
 Егер лазер сәулесі көзге түссе көздерді жұмып
басты сәуледен ары қарату керек.
 Сәулелену көзін көру үшін ешқандай оптикалық
жинайтын саймандарды пайдаланбаңыз, мысалы
дүрбі т.б. Онымен көзді зақымдау мүмкін.
 Лазер сәулесін дүрбі немесе ұқсасынан қарап
тұрған адамдарға бағыттамаңыз. Онымен көзін
зақымдау мүмкін.
 Лазер құрылығысында ешқандай өзгертуды
орындамаңыз. Осы пайдалану нұсқаулығында
сипатталған реттеу мүмкіндіктерін қауіпсіз пайдалану
мүмкін.
 Орнатылған лазерді басқа түрдегі лазерге
алмастырмаңыз. Осы электр құралына сәй болмаған
лазер аламлар үшін қауіпті болуы мүмкін.
 Құрал толық тоқтағаныша оне ешқашан
қалдырмаңыз. Әлі айналып тұрған алмалы-салмалы
аспаптар жарақаттануларға алып келуі мүмкін.
 Электр құралды зақымдалған кабельмен
пайдаланбаңыз. Кабель жұмыс істеу кезінде
зақымдалған болса желі айырын шығарыңыз.
Зақымдалған кабель электр тоғының соғу қаупін
арттырады.
Қaзақша | 267
1 609 92A 0VR | (6.11.14)

Publicité

Table des Matières
loading

Table des Matières