Қолданысқа Енгізу; Пайдалану Нұсқаулары - Bosch GTS 635-216 Professional Notice Originale

Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 44
– Қыспа иінтіректі (33) босатыңыз.
– Сынаны штифттерден (34) тартып (қыспа иінтіректі
(33) сәл сыртқа тартыңыз), сынаны (4) төмен қарай
тірелгенше жылжытыңыз.
– Екі штифтті (34) сынаның жоғарғы саңылауларына
тіркеп, қыспа иінтіректі (33) қайтадан бекітіңіз.
Қолданысқа енгізу
Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
u
электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет.
Қосу (G1 суретін қараңыз)
– Қолданысқа енгізу үшін жасыл түсті қосу түймесін (56)
басыңыз.
Өшіру (G2 суретін қараңыз)
– Сақтандырғыш қақпақты (16) басыңыз.
Ток үзілуі
Ажыратқыш ток үзілуінен кейін (мысалы, пайдалану
кезінде желілік ашаны суырғаннан) электр құралының
қайта іске қосылуына жол бермейтін нөлдік кернеу
ажыратқышы болып табылады.
Электр құралын кейін қайта іске қосу үшін, жасыл түсті
қосу түймесін (56) қайтадан басуыңыз керек.
Рұқсатсыз пайдаланудан қорғаныс (G3 суретін
қараңыз)
Рұқсатсыз пайдаланудан қорғау үшін ажыратқыштың
сақтандырғыш қақпағын (16) аспалы құлыптың
көмегімен құлыптауға болады.
– Әйнекті (57) толықтай жоғары жылжытып,
сақтандырғыш қақпақты сәл жоғары итеріңіз.
– Әйнектің екі ілмегін және ажыратқыш тірек
тақтасының ілмегін аспалы құлыппен жауып қойыңыз.
Пайдалану нұсқаулары
Жалпы аралау нұсқаулары
Барлық кесіктерде алдымен ара дискісі тіректерге
u
немесе басқа аспап бөліктеріне тимегеніне көз
жеткізуіңіз керек.
Ою немесе тесу кезінде электр құралын тек тиісті
u
қорғаныш аспаппен (мысалы, туннельдік қаптама,
тартқыш тарақ) бірге пайдаланыңыз.
Электр құралын кесу үшін пайдаланбаңыз
u
(дайындамада аяқталатын ойық).
Ара дискісін соқтығысудан және соққыдан қорғаңыз. Ара
дискісін бүйірлік қысымнан сақтаңыз.
Дайындаманың қысылып қалуына жол бермеу үшін
сынаны ара дискісімен бір сызықта орналастырыңыз.
Қисық дайындамаларды өңдемеңіз. Дайындаманың жиегі
әрдайым параллель тірекке қою үшін тік болуы керек.
Жылжыту таяғын әрдайым электр құралында сақтаңыз.
Оператордың күйі (H суретін қараңыз)
Ара дискісімен бір сызықта ешқашан тұрмаңыз.
u
Денеңізді бағыттауыш тұрған ара дискісінің
Bosch Power Tools
жағында орналастырыңыз. Қайтарым дайындаманы
ара дискісінің алдында немесе ол мен бір сызықта
тұрған адамға жоғары жылдамдықта лақтыруы мүмкін.
– Алақан, саусақ пен қолыңызды айналатын ара
дискісінен алшақ ұстаңыз.
Бұл ретте төмендегі нұсқауларға назар аударыңыз:
– Дайындаманы екі қолмен қатты ұстап, аралау үстеліне
басыңыз.
– Жіңішке дайындамалар үшін және тік еңіс бұрышында
аралау кезінде әрдайым жеткізілім жиынтығындағы
жылжыту таяғын (12) және қосымша параллель тіректі
(40) пайдаланыңыз.
Макс. дайындама өлшемдері
тік еңіс бұрышы
45°
Аралау
Түзу кесіктерді аралау
– Параллель тіректі (5) қажетті кесік еніне реттеп
шығыңыз (қараңыз „Параллель тіректі реттеу",
Бет 292).
– Дайындаманы аралау үстеліне қорғаныш қаптаманың
(3) алдына қойыңыз.
– Ара дискісін қос иіннің (15) көмегімен ара дискісінің
(24) жоғарғы тістері дайындамадан шамамен 3 − 6 мм-
ге жоғары болғанша көтеріңіз немесе түсіріңіз.
– Электр құралын қосыңыз.
– Дайындаманы бірқалыпты жылжытып аралаңыз.
Тым көп қысым қолданған жағдайда, ара дискісінің
ұштықтары қатты қызып, дайындамға зақым келтіруі
мүмкін.
– Электр құралын өшіріп, ара дискісі толық тоқтағанша
күте тұрыңыз.
Тік еңіс бұрышында аралау
– Ара дискісінің қажетті тік еңіс бұрышын орнатыңыз.
Ара дискісі солға аударылған жағдайда, тірек ара
дискісінен оң жақта орналасуы тиіс.
– Жұмыс қадамдарын сәйкесінше орындаңыз: (қараңыз
„Түзу кесіктерді аралау", Бет 293)
Көлденең еңіс бұрышында аралау (I суретін қараңыз)
– Қажетті көлденең еңіс бұрышын бұрыштық тіректе (2)
орнатыңыз.
– Дайындаманы бұрыштық тірекке (2) қойыңыз.
– Ара дискісін қос иін (15) арқылы жоғарғы ара тістері
дайындама жоғарғы бетінен шамамен 5 мм-ге жоғары
тұратындай етіп көтеріңіз немесе түсіріңіз.
– Электр құралын қосыңыз.
– Дайындаманы бір қолмен бұрыштық тірекке қарай
итеріп, басқа қолмен реттегіш бастиектен (52)
бағыттауыш ойық (28) ішіне баяу алға қарай
жылжытыңыз.
Қазақ | 293
дайындаманың макс.
биіктігі [мм]
70
50
1 609 92A 4PA | (01.03.2019)

Publicité

Table des Matières
loading

Table des Matières