Тік Күйдегі Нивелирлеу Дәлдігін Тексеру; Өлшеу Құралын Калибрлеу; Және Y Осі Бойынша Калибрлеу - Bosch GRL 600 CHV Professional Notice Originale

Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 53
448 | Қазақ
немесе оны берік әрі тегіс бетке қойыңыз. Өлшеу
құралын қосыңыз.
30 m
– Нивелирлеу аяқталғаннан кейін, лазер сәулесінің
ортасын қабырғада (Ⅰ нүкте) белгілеңіз.
d
– Өлшеу құралын позициясын өзгертпей 180° шамасына
бұраңыз. Нивелирлеуді орындап, қабырғадағы (Ⅱ
нүкте) лазер сәулесінің ортасын белгілеңіз. Ⅱ нүктенің
Ⅰ нүктенің үстінен немесе астынан барынша тік
орналасқанына көз жеткізіңіз.
Қабырғадағы белгіленген екі Ⅰ және Ⅱ нүктенің d
айырмашылығы өлшенетін ось үшін өлшеу құралының
дәл биіктіктен ауытқуын көрсетеді.
Өлшеу әрекетін басқа ось үшін қайталаңыз. Ол үшін
өлшеу әрекетін бастамас бұрын өлшеу құралын 90°-қа
бұраңыз.
30 м өлшеу қашықтығында рұқсат етілген максималды
ауытқу:
30 м × ±0,05 мм/м = ±1,5 мм. Осылайша Ⅰ мен Ⅱ
нүктелер арасындағы d айырмашылығы екі өлшеу
әрекетінің әрқайсысында ең көбі 3 мм болуы керек.
Тік күйдегі нивелирлеу дәлдігін тексеру
Тексеру үшін берік бетте биіктігі 10 м қабырғадан бос
арақашықтық қажет. Қабырғаға тіктеуіш бауды бекітіңіз.
– Өлшеу құралын тік күйде берік, тегіс бетке қойыңыз.
Өлшеу құралын қосып, нивелирлеуді орындаңыз.
1 609 92A 55C | (05.11.2019)
– Өлшеу құралын лазер сәулесі тіктеуіш баумен жоғарғы
ұшында дәл ортада жанасатындай етіп туралаңыз.
Лазер сәулесі мен тіктеуіш баудың астыңғы ұшы
арасындағы d айырмашылығы өлшеу құралының тік
сызықтан ауытқуын көрсетеді.
180°
Биіктігі 10 м өлшеу қашықтығында рұқсат етілген
максималды ауытқу:
10 м × ±0,1 мм/м = ±1 мм. Сондықтан d айырмашылығы
ең көбі 1 мм құрауы керек.
Өлшеу құралын калибрлеу
Төмендегі жұмыстарды тек жақсы оқытылған және білікті
тұлғалар ғана орындауы керек. Олар өлшеу құралының
дәлдігін тексеру немесе өлшеу құралын калибрлеу
кезіндегі заңдылықпен таныс болуы керек.
Өлшеу құралын дәлме-дәл калибрлеңіз немесе
u
өлшеу құралын Bosch қызмет көрсету орталығына
тексертіңіз. Дәл емес калибрлеу дұрыс емес өлшеу
нәтижелеріне әкеледі.
Калибрлеуді өлшеу құралын калибрлеу қажет
u
болғанда ғана іске қосыңыз. Өлшеу құралы
калибрлеу режимінде болғанда, калибрлеуді соңына
дейін дәлме-дәл орындау керек, сонда өлшеу
нәтижелері қате болмайды.
Әр калибрлеу әрекетінен кейін нивелирлеу дәлдігін
тексеріңіз (қараңыз „Өлшеу құралының дәлдігін
тексеру", Бет 447). Ауытқу рұқсат етілген максималды
шамадан тыс болса, өлшеу құралын Bosch қызмет
көрсету орталығына тексерту керек.
X және Y осі бойынша калибрлеу
Калибрлеуді тек лазер қабылдағышының LR 60
көмегімен орындауға болады. Лазер қабылдағышы өлшеу
құралына Bluetooth® арқылы қосылып тұруы тиіс
(қараңыз „Қашықтан басқару құралымен/лазер
қабылдағышымен байланыс орнату", Бет 442).
Өлшеу құралын және лазер қабылдағышын калибрлеу
барысында орнын ауыстыруға болмайды (сипатталған
туралау немесе бұрау әрекеттерін қоспағанда).
Сондықтан өлшеу құралын берік, тегіс бетке қойып,
лазер қабылдағышын мықтап бекітіңіз.
Калибрлеу әрекетін мүмкіндігінше Bosch Levelling
Remote App арқылы орындау қажет. Қолданба арқылы
басқарылғанда, түймелерді абайсыз басқан жағдайда
өлшеу құралының орны ауысатындай ақаулық
d
Bosch Power Tools

Publicité

Table des Matières
loading

Ce manuel est également adapté pour:

Grl rc 6 professional

Table des Matières