Тік Күйдегі Төмен Қаратылған Перпендикуляр Табанының Автоматты Функциясы; Centre-Line Режимі; Ішінара Проекция (C Суретін Қараңыз); Нивелирлеу Автоматикасы - Bosch GRL 600 CHV Professional Notice Originale

Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 53
Функцияны іске қосу үшін өлшеу
құралындағы еңісті реттеу түймесін (14)
немесе қашықтан басқару құралындағы
еңісті реттеу түймесін (32) басыңыз. Y
осінің еңісті реттеу мәзірі көрсетіледі, Y
осінің белгісі жыпылықтайды.
Айналу жазықтығын бұрау үшін өлшеу құралындағы ▲ (4)
немесе ▼ (3) түймесін немесе қашықтан басқару
құралындағы жоғары еңкейту түймесін (31) немесе
төмен еңкейту түймесін (36) қажетті позицияға жеткенше
басыңыз.
Тік күйдегі төмен қаратылған перпендикуляр
табанының автоматты функциясы
Өлшеу құралының тік күйінде айнымалы лазер сәулесін
(8) қашықтан басқару құралының көмегімен немесе
перпендикулярды түсіруге арналған Bosch Levelling
Remote App қолданбасы арқылы төмен қарай туралауға
болады.
Төмен қаратылған перпендикуляр
табанының функциясын іске қосу үшін
қашықтан басқару құралындағы
перпендикуляр табаны функциясының
түймесін (26) басыңыз. Айнымалы лазер
сәулесін тігінен туралау барысында
дисплейде перпендикуляр табаны
функциясының белгісі көрсетіледі.
Туралау сәтті түрде аяқталғаннан кейін,
басты экранда перпендикуляр табаны
функциясының индикаторы (e) жанады.
Нұсқау: айналу жазықтығын Y осі бойынша ықтимал
айналдыру перпендикуляр табаны бойынша бұрау секілді
орындалмайды.
Centre-Line режимі
Centre-Line режимінде өлшеу құралы ротациялық
бастиекті алға-артқа жылжыту арқылы лазер сәулесін
лазер қабылдағышының ортаңғы сызығына автоматты
түрде туралауға әрекеттенеді. Лазер сәулесін өлшеу
құралының X немесе Y осі бойынша туралауға болады.
Centre-Line режимі лазер қабылдағышында іске
қосылады. Бұл ретте лазер қабылдағышының пайдалану
бойынша нұсқаулығын оқып шығыңыз және ұстаныңыз.
Іздеу барысында өлшеу құралының
дисплейіндегі бір немесе екі ось үшін Centre-
Line режимінің белгісі көрсетіледі және күй
индикаторы (12) қызыл түспен
жыпылықтайды.
Егер лазер сәулесін лазер қабылдағышының ортаңғы
сызығы бойынша туралау мүмкін болмаса, Centre-Line
режимі автоматты түрде аяқталып, табылған еңіс басты
экранда көрсетіледі.
Егер лазер сәулесін лазер қабылдағышының
ортаңғы сызығы бойынша туралау мүмкін
болмаса, дисплейде қате туралы хабар
көрсетіледі. Функцияны қайта іске қоспас
Bosch Power Tools
бұрын өлшеу құралы мен лазер
қабылдағышының позициясын тексеріңіз.
Ішінара проекция (C суретін қараңыз)
Ротациялық жұмыс режимінде айнымалы лазер сәулесін
(8) айналу жазықтығының бір немесе бірнеше квадранты
үшін өшіруге болады. Осылайша лазер сәулесінен
туындайтын қауіпті белгілі бір аймақтарға шектеу мүмкін
болады. Оған қоса лазер сәулесінен басқа құрылғыларға
пайда болатын кедергінің немесе қалаусыз шағылысудан
лазер қабылдағышында туындаған кедергінің алдын
алуға болады.
Бөлек квадранттардың өшірілуін тек Bosch Levelling
Remote App арқылы басқаруға болады. Лазер сәулесі
көрінетін квадранттарды басты экрандағы лазер жұмыс
режимінің индикаторында (a) анықтауға болады.
Нивелирлеу автоматикасы
Шолу
Өлшеу құралы қосылғаннан кейін көлденең немесе тік
күйді тексереді және ±8,5% (±5°) шамасындағы өздігінен
нивелирлеу аймағында тегіс емес жерлерді автоматты
түрде туралайды.
Нивелирлеу барысында дисплейде
нивелирлеу белгісі жыпылықтайды.
Өлшеу құралындағы күй индикаторы (12)
және қашықтан басқару құралындағы
тиісті осьтің күй индикаторы ((35) немесе
(34)) бір уақытта жасыл түспен
жыпылықтайды.
Нивелирлеу аяқталғанша айналу тоқтап, лазер сәулелері
жыпылықтайды. Нивелирлеу сәтті түрде аяқталғаннан
кейін, басты экран пайда болады. Лазер сәулелері
үздіксіз жанып тұрады және айналу басталады. Өлшеу
құралындағы күй индикаторы (12) және қашықтан
басқару құралындағы нивелирленетін осьтің күй
индикаторы ((35) немесе (34)) жасыл түспен үздіксіз
жанып тұрады.
Өлшеу құралы 8,5% шамасынан
артық қиғаштанып тұрса немесе
көлденең немесе тік күйден
басқаша орналастырылса,
нивелирлеу бұдан былай мүмкін
болмайды. Дисплейде қате туралы
хабар пайда болып, күй
индикаторы (12) қызыл түспен
жыпылықтайды.
Өлшеу құралын қайта орналастырып, нивелирлеу
орындалғанша күте тұрыңыз.
Егер максималды нивелирлеу
уақытынан асырылса, нивелирлеу
қате туралы хабармен
тоқтатылады.
Өлшеу құралын қайта орналастырып, нивелирлеуді қайта
іске қосу үшін қосу/өшіру түймесін (11) қысқаша
басыңыз.
Қазақ | 445
1 609 92A 55C | (05.11.2019)

Publicité

Table des Matières
loading

Ce manuel est également adapté pour:

Grl rc 6 professional

Table des Matières