Қолмен Басқару Режимі; Көлденең Күйдегі Қолмен Басқару Режимі; Тік Күйдегі Қолмен Басқару Режимі; Өлшеу Құралының Дәлдігін Тексеру - Bosch GRL 600 CHV Professional Notice Originale

Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 53
индикаторы ((35) және/немесе (34))
үздіксіз қызыл түспен жанып тұрады.
Қолмен басқару режимі
Өлшеу құралының нивелирлеу автоматикасын мына
жағдайларда өшіруге болады (қолмен басқару режимі):
– көлденең күйде екі ось үшін бір-бірінен тәуелсіз,
– тік күйде X осі үшін (Y осін тік күйде нивелирлеу мүмкін
емес).
Қолмен басқару режимінде өлшеу құралын кез келген
қиғаш күйде орнатуға болады. Оған қоса осьтерді бір-
бірінен тәуелсіз өлшеу құралында ±8,5% шамасындағы
диапазонда еңкейтуге болады. Осьтің еңіс мәні қолмен
басқару режимінде дисплейде көрсетілмейді.
Өлшеу құралындағы күй индикаторы (12) мына
жағдайларда үздіксіз қызыл түспен жанып тұрады:
– көлденең күйде кем дегенде бір ось қолмен басқару
режимінде реттелген кезде,
– тік күйде X осі қолмен басқару режимінде реттелген
кезде.
Қолмен басқару режимінде тиісті ось реттелген жағдайда,
қашықтан басқару құралында Y осінің күй индикаторы
(35) немесе X осінің күй индикаторы (34) үздіксіз қызыл
түспен жанып тұрады.
Қолмен басқару режимін қашықтан басқару құралы
арқылы іске қосу мүмкін емес. Бір осьтің еңісін қашықтан
басқару құралындағы жоғары еңкейту түймесі (31) және
төмен еңкейту түймесі (36) арқылы өлшеу құралындағы
▲ (4) немесе ▼ (3) түймелерімен өзгерту әдісімен бірдей
өзгертуге болады.
Көлденең күйдегі қолмен басқару режимі
Нивелирлеу автоматикасын өшіру үшін
қолмен басқару режимінің түймесін (13)
екі ось үшін қажетті реттеу тіркесіміне
жеткенше басыңыз. Көрсетілген дисплей
мысалында X осі бойынша нивелирлеу
автоматикасы өшірулі, ал Y осін
нивелирлеу жалғасуда.
Осьті нивелирлеу автоматикасының
өшірулі күйінде еңкейту үшін еңісті
реттеу түймесін (14) басыңыз, бұл ретте
қолмен басқару режимінің мәзірі
көрсетіліп тұруы тиіс.
Егер нивелирлеу автоматикасы тек бір ось үшін өшірулі
болса, тек осы осьтің еңісін өзгерту мүмкін болады. Екі
осьті қолмен басқару режимінде еңісті реттеу түймесін
(14) қайтадан басу арқылы осьтердің арасында ауысуға
болады. Дисплейде еңісін өзгертуге болатын осьтің
белгісі жыпылықтайды.
Таңдалған осьті ▲ (4) немесе ▼ (3) түймесі арқылы
қажетті позицияға дейін еңкейтіңіз.
Bosch Power Tools
Тік күйдегі қолмен басқару режимі
X осі бойынша нивелирлеу автоматикасын
өшіру үшін қолмен басқару режимінің
түймесін (13) бір рет басыңыз. (Y осін тік
күйде нивелирлеу мүмкін емес.)
X осін нивелирлеу автоматикасынсыз
еңкейту үшін еңісті реттеу түймесін (14)
басыңыз, бұл ретте қолмен басқару
режимінің мәзірі көрсетіліп тұруы тиіс.
Дисплейде X осінің белгісі жыпылықтайды.
X осін ▲ (4) немесе ▼ (3) түймесі арқылы қажетті
позицияға дейін еңкейтіңіз.
Y осін бұрау үшін еңісті реттеу түймесін
(14) қайтадан басыңыз, бұл ретте қолмен
басқару режимінің мәзірі көрсетіліп
тұруы тиіс. Дисплейде Y осінің белгісі
жыпылықтайды.
Y осін ▲ (4) немесе ▼ (3) түймесі арқылы қажетті
позицияға дейін бұраңыз.
Өлшеу құралының дәлдігін тексеру
Төмендегі жұмыстарды тек жақсы оқытылған және білікті
тұлғалар ғана орындауы керек. Олар өлшеу құралының
дәлдігін тексеру немесе өлшеу құралын калибрлеу
кезіндегі заңдылықпен таныс болуы керек.
Дәлдік әсерлері
Қоршау температурасы ең күшті әсер етеді. Еденден
жоғарыға болған температура өзгерістері лазер сәулесін
ауытқуы мүмкін.
Еден жағынында температура өзгерістері қатты болғаны
үшін өлшеу құралын 20 м қашықтықтан бастап штативке
орнату керек. Өлшеу құралын мүмкіншілік бойынша
жұмыс аймағының ортасына қойыңыз.
Ауытқулар шамамен 20 м қашықтықтан бастап маңызды
болып, 100 м қашықтықта 20 м ауытқудан екі еседен төрт
есеге дейін үлкен болуы мүмкін.
Сыртқы әсерлерден тыс аспаптық әсерлер де (мысалы
қағылыс немесе қатты соққылар) ауытқуларға алып келуі
мүмкін. Сол үшін әр жұмыстан алдын нивелирлеу дәлдігін
тексеріңіз.
Егер өлшеу құралы төменде сипатталған өлшеу
процесінің барысында максималды ауытқу шамасынан
асырса, (қараңыз „Өлшеу құралын калибрлеу", Бет 448)
бөлімінде сипатталған калибрлеу әрекетін орындаңыз
немесе өлшеу құралын Bosch қызмет көрсету
орталығына тексертіңіз.
Көлденең күйдегі нивелирлеу дәлдігін тексеру
Тиісті және дәл нәтижеге қол жеткізу үшін, берік бетте
қабырғадан 30 м шамасындағы еркін өлшеу
қашықтығында тексеруге кеңес беріледі. Осьтердің
екеуін де толық өлшеу процедурасынан өткізіңіз.
– Өлшеу құралын көлденең күйде қабырғадан 30 м
шамасындағы арақашықтықта штативке монтаждаңыз
Қазақ | 447
1 609 92A 55C | (05.11.2019)

Publicité

Table des Matières
loading

Ce manuel est également adapté pour:

Grl rc 6 professional

Table des Matières