Bosch UniversalChainPole 18 Notice Originale page 219

Masquer les pouces Voir aussi pour UniversalChainPole 18:
Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 24
Ара шынжырын ешқашан өзіңіз қайрамаңыз. Ара
u
шынжырын қосалқы ара шынжыры арқылы (F 016
800 489) алмастырыңыз.
Ара шынжырын кездейсок түрде түртіп қалуға жол
u
бермеу үшін бұл шынжырлы ара механикалық
бұғаттағышы бар айырақосқышпен жабдықталған.
Шынжырлы араны басқару үшін алдымен, ара
шынжыры әлі іске қосылмай тұрғанда, бұғаттау
түймешігін басу керек (M суретін қараңыз).
Құралды тек қана оның бұғаттауыш түймешігін басып
алып қолданыңыз.
Бұл құралды тек қана бір қолмен басқармаңыз.
Құралды екі қолыңызбен нық ұстап қолданыңыз, бір
қолыңызбен құралды нық қылып ұстап жүру үшін, ал
екінші қолыңызбен Қосу/Өшіру түймешігін баса алу
үшін (N суретін қараңыз).
Балаларға, денелік, сенсорлық немесе ақыл-ой
u
қабілеттері шектелген адамдарға немесе осындай
құралдармен жұмыс тәжірибесі жеткіліксіз болған
және/немесе білімі жеткіліксіз болған және/немесе
осы қолдану нұсқаулықпен таныс болмаған адамдарға
ешқашан осы бақ электр бұймымен жұмыс істеуге
рұқсат етпеңіз. Электр бұйым қолданушының жасы
бойынша мәліметтер бұйыс қолданылатын елдегі
ұлттық ережелер арқылы шектелуі мүмкін.
Балалардың бақ электр бұйымымен ойнамауын
u
қамтамасыз ету үшін балаларға қарап жүруіңіз керек.
Бұтақтар ұшын қиюшы құралын қолданбаған уақытта
u
оны балалар қолы жете алмайтын жерде сақтаңыз.
Құралмен жұмыс істеу алдынан алдымен жұмыс
u
аумағын тексеріп, онда бола алатын қауіп көздерінің
барлып алып тастаңыз.
Құралды жерге қою алдынан алдымен оның әбден
u
тоқтауына дейін күтіп, аккумуляторын шығарып
алып қойыңыз. Қолданылатын құрал шалынысып
қалып немесе кері соғып, осының салдарынан құрал
бақылауының жоғалуына апаруы мүмкін.
Өзіңіздің жұмыс тұрысыңыз бен позицияңызды әр
u
өзгерткеніңізде бұтақтар ұшын қиюшы құралын өшіріп
жүріңіз.
Кесіліп қойылған бұтақтар Өзіңізге жоғарыдан түсіп
u
немесе жерден жоғарыға қарай кері ұшып кетуі
мүмкін. Ұзын бұтақтарды бөлшектеп алып кесіңіз. (N
суретін қараңыз)
Бұтақты толығымен бөліп кесу алдынан оны құралмен
u
біраз ғана басыңыз. Құрал кездейсоқ түрде төменге
құлап қалған жағдайда жарақаттанып қалып, тепе-
теңдікті жоғалтып қалып, бұтақтар ұшын қиюшы
құралын лайықты түрде басқара алмай қалуыңыз
мүмкін.
Құралды қолданбаған уақытта оны ағашқа іліп
u
қоймаңыз. Құралды әрқашан қауіпсіз жерлерде жер
үстінен, аккумуляторын шығармай қойыңыз.
Bosch Power Tools
Қауіпсіздік нұсқаулары мен аккумуляторды
оңтайлы түрде пайдалану бойынша нұсқаулар
Аккумуляторды құралға енгізу алдынан құрал
u
өшіріліп қойылған қалыпта болғанын тексеріп
алыңыз. Аккумуляторды қосылып тұрған бақ
электрбұйымына енгізу апаттарға апара алады.
Тек қана осы бақ электрбұйымы үшін арналған
u
арнайы Bosch аккумуляторларын қолданыңыз.
Басқа түрлі аккумуляторларды қолдану жаралану және
өрт қауібіне апара алады.
Аккумуляторды ашпаңыз. Қысқа тұйықталу қауіпі
u
бар.
Акумуляторды ыстықтан (мысалы, ұзақ
уақыт бойы күн сәулеленуінен де), оттан,
судан және ылғалдан қорғаңыз. Жарылу
қауібі бар.
Қолданылмаған аккумуляторды қағаз
u
қыстырғыштардан, тиындардан, кілттерден,
инелерден, бұрандалардан немесе контакттарға
бөгет ете алатын басқа металл заттардан алыс
жерде сақтаңыз. Аккумулятордың контакттары
арасындағы қысқа мерзімді тұйықталу себебінен күйіп
қалу немесе өрт пайда болуы мүмкін.
Аккумуляторда зақымданған жерлері бар болғанда
u
немесе ол дұрыс пайдаланбаған жағдайда бу
шығуы мүмкін. Бұл жағдайда жұмыс аумағына таза
ауа кіргізіп, шағымдар болса, дәрігерге жүгініңіз. Бу
тыныс алу жолдарын тітіркендіруі мүмкін.
Бұл аккумуляторды тек қана осы өндіруші
u
өнімдерінде пайдаланыңыз. Сол арқылы
аккумуляторды қауіпті, артық жүктеуден сақтайсыз.
Шеге немесе бұрауыш сияқты ұшты заттар немесе
u
сыртқы әсер арқылы аккумулулятор зақымдануы
мүмкін. Бұл қысқа тұйықталуға алып келіп,
аккумулятор жануы, түтін шығаруы, жарылуы немесе
қызып кетуі мүмкін.
Аккумулятордың қысқа тұйықталуын өткізбеңіз.
u
Жарылу қауібі бар.
Аккумуляторды сұйықтықтардан және ылғалдықтан
u
қорғап жүріңіз.
Бақ электр бұйымын температура аумағы -20 °C және
u
50 °C аралығында болған жерлерде ғана сақтаңыз. Бақ
электр бұйымын, мысалы, жазда көлікте
қалдырмаңыз.
Аккумулятордың желдету саңылауларын жұмсақ, таза
u
және құрғақ қылшақпен анда-санда мұқият тазалап
жүріңіз.
Қуаттандыру құралдары үшін қауіпсіздік
нұсқаулықтары
Қауіпсіздік бойынша нұсқаулары мен
сақтандырулардың барлығын оқыңыз.
Қауіпсіздік бойынша нұсқаулықтары мен
сақтандыруларын ұстанбау не орындамау
электр соққысына, өрт шығуына және/немесе ауыр
жарақаттануға апара алуы мүмкін.
Қазақ | 219
F 016 L94 061 | (23.12.2020)

Publicité

Table des Matières
loading

Table des Matières