Télécharger Imprimer la page

Panasonic TY-ST58P20 Manuel D'installation page 39

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 19
Сақтық шаралары
АБАЙЛАҢЫЗ
Тіректі жинауға немесе өзгертуге болмайды.
• Бұлай істеу нəтижесінде құрылғының құлап кетуі немесе зақымдануы ықтимал, бұл жарақатқа əкеледі.
Жүк көтере алмайтын жерге бекітпеңіз.
• Бұлай істеу нəтижесінде құрылғының құлап кетуі немесе зақымдануы ықтимал, бұл жарақатқа əкеледі.
ЕСКЕРТУ
Каталогта көрсетілгеннен басқа плазмалық дисплейлерді пайдаланбаңыз.
• Мұның нəтижесінде құрылғының құлап кетуі немесе зақымдануы ықтимал, бұл жарақатқа əкелуі мүмкін.
Жабдықтың үстіне шығуға немесе асылуға болмайды.
• Мұның нəтижесінде құрылғының құлап кетуі немесе зақымдануы ықтимал, бұл жарақатқа əкелуі мүмкін.
(Əсіресе кішкентай балалардың бұл сақтандыруды ескеруін қадағалаңыз.)
Тірек қалпы бұзылған болса, оны пайдалануға болмайды.
• Мұның нəтижесінде құрылғының құлап кетуі немесе зақымдануы ықтимал, бұл жарақатқа əкелуі мүмкін.
Жел кіретін тесіктерді жауып тастамаңыз. Тіректі пайдалану кезінде плазмалық дисплейдің төменгі
беті мен еден бетінің арасындағы кеңістікті жауып тастамаңыз.
• Мұны істеген жағдайда ішінде қызу пайда болып, өрттің шығуына себеп болуы мүмкін.
Жоғары ылғалды орындарда пайдаланбаңыз.
• Ұзақ мерзім пайдаланғаннан кейін тірек қисайып немесе қалпы бұзыksп, мықтылығы азаюы мүмкін. Мұның
нəтижесінде құрылғы құлап кетуі не болмаса зақымдануы мүмкін, бұл, сондай-ақ, жарақатына əкелуі ықтимал.
Плазмалық дисплейді орнату барысында оның үстінен, жанынан 10 см, ал артқы бетінен 7 см ашық
кеңістік болуына көз жеткізіңіз.
• Қалдырмаған жағдайда өрт шығуы мүмкін.
Дисплейді тірекке орнату жəне алып тастау үшін екіден аса адам қажет.
• Плазмалық дисплей құлап, адамды жарақаттауы мүмкін.
Орнату барысында барлық бұрандаларды мықтап бекітіңіз.
• Егер жинақтау дұрыс орындалмаса, тірек мықтылығын сақтай алмайды. Мұның нəтижесінде дисплей құлап
кетуі немесе зақымдануы мүмкін, бұл, сондай-ақ, жарақатқа əкеледі.
Орнату үшін осы модельге арналған құрама бөліктерді пайдаланыңыз.
• Мұны істемеген жағдайда, плазмалық дисплей түсіп кетіп жəне/немесе зақымдалып, адамды жарақттауы мүмкін.
Мықты, тегіс жерге орнатыңыз.
• Мұны орындамау нəтижесінде құрылғы құлап кетуі немесе зақымдануы мүмкін, бұл, сондай-ақ, жарақатқа əкелуі ықтимал.
Құрылғыны тікелей күн көзінен жəне қыздырғыштардан аулақ ұстаңыз.
• Мұны орындамау қисаюға, қалпының бұзылуына немесе материалдардың бұзылуына жəне беріктіктің жоғалуына
əкелуі мүмкін, мұның нəтижесінде жабдық құлап немесе зақымданып, дене жарақатын келтіруі ықтимал.
Плазмалық дисплейді бекіту үшін тірекпен бірге берілетін төңкертпейтін/құлатпайтын керек-жарақтарды пайдаланыңыз.
• Жер сілкінісі болған жағдайда немесе балалар жабдыққа шығатын болса, құрылғы төңкеріліп немесе құлап
кетіп, жарақатқа əкелуі мүмкін.
Тіректі орнату бойынша ескертпелер
♦ Плазмалық дисплейдің қуат ашасы үшін қол оңай жететін электр розеткасын пайдаланыңыз.
♦ Сыртқы температураның 40 °C-тан аспауы үшін оның жақсы желдетілуін қамтамасыз етіңіз.
Əйтпесе, плазмалық дисплейдің ішінде қызу пайда болып, оның бұзылуына себеп болуы мүмкін.
Қолдану нұсқаулары
1) Жабдықтың орнын таңдаған кезде абай болыңыз, себебі күн сəулесі тікелей түсетін жерге немесе
жылытқышқа жақын қойылса, оның түсі оңып кетуі немесе пішіні бұзылуы мүмкін.
2) Тіректі жұмсақ, құрғақ шүберекпен (мысалы, мақта немесе фланель) тазалаңыз. Егер тірек қатты лас болса,
суда ерітілген бейтарап тазартқыш құралмен ласын тазартып, құрғақ шүберекпен құрғатыңыз. Бензин,
еріткіш немесе жиһаз уəкісін пайдаланбаңыз, өйткені олар кронштейннің бетіне зиян келтіруі мүмкін.
(Плазмалық дисплейді тазалау туралы ақпаратты плазмалық дисплейдің пайдаланушы нұсқаулығынан қараңыз.
Егер химиялық жолмен өңделген мата пайдаланылса, матамен бірге берілген нұсқауларды орындаңыз.)
3) Желім бауды немесе жапсырманы жабдыққа бекітпеңіз. Бұл тірек бетін ластауы мүмкін. Резина,
винил өнімдерімен немесе басқа ұқсас нəрселермен ұзақ уақыт бойы жанасып тұруына жол бермеңіз.
(Мұндай əрекеттер зақымдарға əкеледі.)
4) Плазмалық дисплейдің панелі шыныдан жасалған. Оған қатты күш немесе соққы тигізбеңіз.
Ескерту:
Бұл тірек тек Panasonic плазмалық дисплейі өнімдерімен пайдалануға арналған (57-бетті қараңыз).
Басқа құрылғымен пайдалану тұрақсыздыққа əкеліп, адамды жарақаттауға себеп болуы мүмкін.
КƏСІБИ ОРНАТУ ҚАЖЕТ ЕТІЛЕДІ.
PANASONIC КОМПАНИЯСЫ ДҰРЫС ЕМЕС ОРНАТУ НЕМЕСЕ ДҰРЫС ЕМЕС ПАЙДАЛАНУ
САЛДАРЫНАН БОЛҒАН КЕЗ КЕЛГЕН МҮЛІККЕ КЕЛГЕН ЗИЯН ЖƏНЕ/НЕМЕСЕ АУЫР ЖАРАҚАТТАР,
СОНЫҢ ІШІНДЕ ӨЛІМ ЖАҒДАЙЛАРЫ ҮШІН ЖАУАП БЕРМЕЙДІ.
45

Publicité

loading