Dremel Work Station 220 Traduction De La Notice Originale page 56

Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 13
алу үшін тиісті түрде жинау маңызды болып
табылады.
c. Пайдаланбас бұрын, электр құралын жұмыс
тұғырына мықтап бекітіңіз. Электр құралының
жұмыс тұғырында жылжуы құралды басқаруда
қиындық тудыруы мүмкін.
d. Жұмыс тұғырын тұрақты, жазық және тегіс бетке
орнатыңыз. Жұмыс тұғыры жылжып немесе бір
жаққа ығысатын болса, электр құралын тұрақты
және қауіпсіз басқару мүмкін емес.
e. Құралды өшіру әдісін үйреніңіз! Құралды
қосқыш қолжетімді және төтенше жағдайда
құралды жылдам өшіру мүмкін болатындай етіп
орнатыңыз.
f.
Кабельді кескіштерден немесе кесу аймағынан
алшақ жерде төсеңіз. Кернеулі электр сымдарына
тию салдарынан ток соғуына, өрт шығуына
немесе электр тогымен жарақаттануға әкелуі
мүмкін.
g.
Жұмыс кезінде көзді, есту мүшесін қорғау
құралын және шаңнан қорғайтын масканы киіңіз.
Жеке қорғаныс құралдарын пайдалану және жұмыс
орнының тазалығын сақтау жарақат алу қаупін
азайтады.
h. Құралды пайдалану барысында қолғап және кең
киім киюге тыйым салынады.
i.
Жұмыс түріне байланысты тиісті кескіштерді
және құрал жылдамдығын таңдаңыз. Кесу
диаметрі құралдың жұмыс істеу диапазонынан
асатын кескіштерді пайдаланбаңыз.
Бұрғылайтын білдек тіреуіші негізінен ағаш,
пластик және металды кесудің жеңіл режимдерінде
жұмыс істеуге арналған. Құралға шамадан
тыс жүктеме түсіру дене жарақатына немесе
құралдың ақаулануына алып келуі мүмкін.
j.
Өтпейтін немесе зақымдалған кескіштерді
пайдаланбаңыз. Өткір кескіштерді пайдаланғанда
ерекше сақ болыңыз.
k. Бұйымда шегелердің немесе басқа да бөтен
заттардың болмауын әрдайым тексеріп
тұрыңыз.
l.
Жұмысты бастамас бұрын бұйымды бекітіңіз
немесе бағанаға қарама-қарсы қысыңыз.
Бұрғылау кезінде өңделетін шағын бұйымды
бір қолыңызбен, ал бұрғыны екінші қолыңызбен
енгізуге тыйым салынады. Өңделетін бұйымды
бекітіп қысу құралды екі қолмен басқаруға
мүмкіндік береді (7-СУРЕТ).
m. Бұрғылау барысында түтіктер немесе өзекшелер
сияқты домалақ материалды ұстап тұру үшін
"V" тәрізді сынаны пайдаланыңыз. Істіктер,
құбырлар немесе түтік сияқты дөңгелек
материалды кескен кезде айналады және
кескіштің ілінісуі немесе бұйымның сізге қарай
ұшып кетуі мүмкін.
n. Бұрғылаудан басқа жұмыстарды орындаған
кезде құрал бастиегін қажетті позицияға қойып,
бекітіңіз және кесу тереңдігін орнатыңыз.
Өңделетін бұйымды құралға орнатып,
қолыңыздың айналмалы кескіштен жеткілікті
қашықтықта тұрғанына көз жеткізіңіз.
Бұл бұрғылайтын білдек тесу, жылтырату
немесе тегістеу үшін пайдалануға арналған,
басқа мақсаттарда қолдану дұрыс қорғау мүмкін
болмайтын қауіптерге әкелуі мүмкін.
Жұмысты орындау үшін, мысалы, құммен тегістеу
барабаны сияқты кез келген айналатын қондырма
бүйірін пайдаланған жағдайда, өңделетін бұйымды
қондырманың бұйымға қатысты беру бағытына
қарама-қарсы айналатын жағында орнату қажет.
Өңделетін бұйымды қондырмаға қатысты бұйымды
беру бағыты мен қондырманың айналуы бірдей
болатындай етіп орнату, бұйымның айналмалы
қондырма арқылы тартылып шығарылуына себеп
болып, басқарудың жоғалуына әкелуі мүмкін.
o. Кескіш өңделетін материалда тұрған кезінде
электр құралын қосуға тыйым салынады.
p. Денсаулыққа зиянды шаң шығаратын
материалдармен жұмыс істеген кезде шаңнан
қорғайтын маска киіңіз; жұмыс істейтін
материалдар түрлері туралы алдын ала ақпарат
алыңыз.
q. Кескіштерді ауыстырғаннан кейін немесе кез
келген реттеу әрекетін орындағаннан кейін
қысу гайкасы және кез келген басқа реттеу
құрылғыларының мықтап бекітілгеніне көз
жеткізіңіз.
r.
Пайдалану барысында немесе пайдаланудан
кейін кескішті ұстауға тыйым салынады.
Айналмалы кескішке тию жарақаттануға
әкеледі. Құрал тоқтаған соң біразға дейін ыстық
болатындықтан оны суыған соң тек қолғаппен
ұстаңыз.
s. Іске қосылған құралдарды бақылаусыз
қалдырмаңыз, қуат көзінен өшіріңіз. Өңделген
бұйымды алу және тұғырды, жұмыс орнын тазалау
құрал толығымен тоқтаған кезде қауіпсіз болады.
ЖИНАУ (1-СУРЕТ)
DREMEL 200, 3000 ЖӘНЕ 4000 АЙНАЛМАЛЫ
ҮЛГІЛЕРІМЕН ПАЙДАЛАНУ ҮШІН АРНАЛҒАН ТІРКЕМЕ
1-СУРЕТ
A. Кронштейнді жинақтау
B. Қақпақша
C. Кронштейн
D. Сым ұстағыш
E. Кілт
F. Алаң
G. Тереңдікті реттеу иінтірегі
H. Төртбұрышты гайка
I.
Бұрғылау білдегі
J. Құралды бекіту тіреуіші
K. Жиналған тіреуіш түрі
L. Алты қырлы ірге болты
M. Тірек табан
Dremel Workstation 220 құралыңыз айналмалы
құралдарды тесуге арналған бұрғылайтын білдекке,
құммен тегістеу не жылтыратуға арналған құрал
ұстағышқа және білігі икемді құралдарға арналған
тіреуішке түрлендіреді.
БҰЛ ҚҰРАЛ КӘСІБИ МАҚСАТТАРДА ПАЙДАЛАНУ
ҮШІН АРНАЛМАҒАН.
1. Тіреуішті іргеге қосып жинап, алты қырлы болтпен
және төртбұрышты гайкамен бекітіңіз.
2. Төртбұрышты гайканы (қысқа ұшымен) ұстағышқа
салыңыз және биіктікті баптау иінтірегін орнатыңыз.
Білдекті тіреуішке орнатыңыз және иінтіректі
бекітіңіз.
3. Білдекті тік күйге келтіріп, төртбұрышты гайканы
бұрғылау білдегінің ішіне салыңыз және бұрышты
бекіту иінтірегін білдекке жалғаңыз.
4. Алаңды кіші саңылауларын жоғары қаратып
тіреуішке орнатыңыз.
5. Сым ұстағышын орнатыңыз.
56

Publicité

Table des Matières
loading

Produits Connexes pour Dremel Work Station 220

Table des Matières