Bosch GTM 12 JL Professional Notice Originale page 315

Masquer les pouces Voir aussi pour GTM 12 JL Professional:
Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 51
OBJ_BUCH-1688-007.book Page 315 Friday, February 24, 2017 12:15 PM
– Электр құралын тасымалдау күйінде жұмыс үстеліне
орнатыңыз.
Икемді орнату (ұсынылмайды!)
Ерекше жағдайларда электр құралын тегіс тұрақты жұмыс
аймағында орнату мүмкін болмаса, көмекші ретінде
құлаудан сақтағышын орнату керек.
Ол үшін құлаудан сақтайтын қысқыш 6 керек болады.
 Құлаудан сақтайтын қысқышты алып қоймаңыз.
Құлаудан сақталмаған электр құралы тұрақты тұрмай,
максималды қисайту бұрышындағы аралау кезінде
құлауы мүмкін.
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат ағашының
шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен (хромат,
ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандармен
өңделуі керек.
– Әрдайым шаңсорғышты пайдаланыңыз.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
 Жұмыс орнында шаңның жиналуын болдырмаңыз.
Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Шаң-/жоңқа сору шаң, жоңқа немесе дайындама
сынықтары арқылы тығыздануы мүмкін.
– Электр құралын өшіріп желі айырын розеткадан тартып
қойыңыз.
– Аралау дискісі толық тоқтағаныша күте тұрыңыз.
– Тығыздану себебін айқындап оны жойыңыз.
Жеке шаңсору (с суретін қараңыз)
Жоңқаларды ұстау үшін жинақтағы шаң қабын 8
пайдаланыңыз.
 Шаң қабын әрбір пайдаланудан соң тексеріп
тазалаңыз.
 Өрт қауіпін алдын алу үшін алюминийді аралауда
шаң қабын алып қойыңыз.
Шаң қабы аралау кезінде әрекет жасап тұрған апсап
бөліктерін тимеуі тиіс.
– Шаң қабындағы 8 қапсырманы қысып шаң қабын жоңқа
шығатын жер үстінен 9 қаптаңыз. Қапсырма жоңқа
шығатын жердің қапсырмасын ұстауы керек.
– Шаң қабын уақтылы босатыңыз.
Сыртқы сорғыш
Шаңсору үшін жоңқа шығатын жерге 9 шаңсорғыш
шлангін (Ø 36 мм) қосу мүмкін.
– Шаңсорғыш шлангін жоңқа шығатын жерге 9 қосыңыз.
Bosch Power Tools
Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет.
Денсаулыққа зиян, обыр туғызатын немесе құрғақ шаңдар
үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Бөліктерін орнату
 Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Лазер ескерту тақтасын қайта жабыстыру
(d суретін қараңыз)
Электр құралы неміс тіліндегі ескерту тақтасымен
жабдықталған (электр құралының суретінде графика
бетінде 40 нөмірімен белгіленген).
– Алғашқы рет іске қосудан алдын неміс тіліндегі
жапсырманы жеткізілген мемлекеттік тілдегі
жапсырмаға алмастырыңыз.
Төменгі ара дискісінің қаптамасын алыңыз немесе
салыңыз (е суретін қараңыз)
Ара дискісінің қаптамасы 66 дөңгелек үстел арасы ретінде
пайдалануда ара дискісінің төменгі жағын қаптауы керек.
Торцтык/бұрышты ара ретінде пайдаланудан алдын:
– Төменгі ара дискісінің қаптамасын 66 алып
параллельді тіреуіштің 61 оң жағындағы ойыққа
жылжытыңыз.
 Төменгі ара қаптамасын тастамаңыз! Төменгі ара
қаптамасын орнатпай, комбинациялық араны үстел
арасы ретінде пайдалану мүмкін емес!
Дөңгелек жұмыс үстелі ретінде пайдаланудан алдын:
– Төменгі ара дискісінің қаптамасын 66 аралау үстеліне
22 салыңыз.
Ара дискісінің қаптамасы 66 дөңгелек үстел арасы ретінде
пайдалануда ара дискісінің төменгі жағын қаптауы керек.
Аралау дискісін алмастыру
(f1–f4 суретін қараңыз)
 Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
 Аралау дискісін орнату кезінде қорғағыш қолғап
киіңіз. Аралау дискісіне тигенде жарақат алу қаупі бар.
Максималды рұқсат етілген жылдамдығы электр
құралыңыздың бос айналу моментіне жоғары болған
аралау дискілерін пайдаланыңыз.
Ешқашан көлденең ара дискілерін пайдаланбаңыз ("Dado
Sets").
Тек осы пайдалану нұсқаулығында берілген деректерге
сәй және EN 847-1 бойынша тексерілген болып тиісті
ретте белгіленген аралау дискілерін пайдаланыңыз.
Тек осы электр құралының өндірушісі ұсынған және сіз
өңдейтін материалға сәй аралау дискілерін
пайдаланыңыз. Бұл аралауда ара тістерінің қызып кетуіне
жол бермейді.
Ара дискісін алмастыруда кесік қалыңдығы сына
қалыңдығынан кіші және ара дискісі қалыңдығы
сынанікінен үлкен болмауына назар аударыңыз.
Қaзақша | 315
1 609 92A 3S7 | (24.2.17)

Publicité

Table des Matières
loading

Table des Matières