Bosch UniversalTemp Notice Originale page 242

Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 30
242 | Қазақ
Өлшеу жазықтығының көлемі өлшеу құралы мен өлшеу нысанының
арақашықтығымен бірге ұлғаяды. 1 м арақашықтықта лазер сәулесі тегіс өлшеу
жазықтығына тігінен тисе, өлшеу жазықтығының көлемі шамамен 8,3 см құрайды.
–10 °C және +500 °C аралығындағы беттік температурада оңтайлы өлшеу
арақашықтығы 0,75 м және 1,25 м аралығында болады. –10 °C шамасынан төмен
температурада оңтайлы өлшеу арақашықтығы 10 см және 30 см аралығында
болады.
Көрсетілген өлшеу нәтижесі өлшеу жазықтығының ішінде өлшенген
температуралардың орташа мәні болып табылады.
Өте ыстық заттардан арақашықтық сақтаңыз. Күю қаупі бар.
u
Өлшеу құралын ыстық беттерге тікелей тигізбеңіз. Өлшеу құралы жылудан
u
зақымдалуы мүмкін.
Өлшеу шарттары бойынша нұсқаулар
Қатты шағылысатын немесе жылтыр беттер (мысалы, жылтыр плитка, тот баспайтын
болат беттер немесе кастрөлдер) беттік температура өлшеуіне әсер етуі мүмкін.
Қажет болса, өлшеу жазықтығына жылуды өткізетін қоңыр, күңгірт жабысқақ
таспаны жабыстырыңыз. Таспаның температурасын үстіңгі бетпен теңестіріңіз.
Мөлдір материалдарда (мысалы, шыны немесе мөлдір пластик) өлшеу жұмыс
қағидасына байланысты мүмкін емес.
Өлшеу шарттары неғұрлым дәл және тұрақты болса, өлшеу нәтижелері соғұрлым
дұрыс және сенімді болады.
Инфрақызыл сәуле арқылы температураны өлшеу әрекетіне түтін, бу немесе шаңды
ауа әсер етеді.
Сондықтан өлшеу алдында әсіресе ауа лас немесе булы болғанда бөлмені
желдетіңіз. Мысалы, душқа түскеннен кейін ванна бөлмесінде бірден өлшемеңіз.
Желдеткеннен кейін бөлменің температурасын әдеттегі температураға жеткенше
теңестіріңіз.
Өлшеу функциялары
Бөлек өлшеу
Өлшеу түймесін (3) бір рет қысқаша басу арқылы лазер қосылып, бөлек өлшеу іске
қосылады.
Өлшеу процесі жарты секундқа созылуы мүмкін және SCAN (i) индикаторының
жану арқылы көрсетіледі. Өлшеу аяқталғаннан кейін лазер автоматты түрде өшіп,
SCAN индикаторы сөнеді және дисплейде соңғы және соңғыдан бұрынғы өлшеудің
нәтижелері көрсетіледі.
1 609 92A 4RK | (06.03.2019)
Bosch Power Tools

Publicité

Table des Matières
loading

Table des Matières