Télécharger Imprimer la page

Hilti DD 350 Mode D'emploi page 470

Masquer les pouces Voir aussi pour DD 350:

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 70
1. Жылжыманы бағыттауышқа тиісті бекіту құрылғысының көмегімен бекітіңіз.
2. Алмасты бағаналы бұрғы білдекті жылжымаға бекіту үшін эксцентрикті сыртқа тартып шығарыңыз.
3. Алмасты бағаналы бұрғы білдекті жылжымаға немесе аралық бөлшекке орналастырыңыз.
4. Эксцентрикті жылжыманың немесе аралық бөлшектің ішіне тірелмегенше жылжытыңыз.
5. Эксцентрикті бекемдеңіз.
6. Желілік кабельді жылжыма қақпағындағы кабель ұстағышына бекітіңіз.
7. Алмасты бағаналы бұрғы білдектің станинаға берік бекітілгеніне көз жеткізіңіз.
5.1.9
Су берілісін орнату
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Қате қолданудан қауіп туындайды! Қате қолдану шлангінің бұзылуына апарып соғуы мүмкін.
▶ Шлангіде зақымдардың жоқтығын жүйелі түрде тексеріп тұрыңыз және су құбырының максималды
рұқсат етілген қысымынан асырылмауын қадағалаңыз (Техникалық деректер бөлімін қараңыз).
▶ Шлангінің айналмалы бөліктермен қақтығысып қалуына жол бермеңіз.
▶ Жылжыманы беру кезінде шлангінің зақымдалып қалмауын қадағалаңыз.
▶ Техникалық деректер тарауындағы максималды су температурасы туралы ақпаратқа назар
аударыңыз.
▶ Су жүйесінің берік қосылғанын тексеріңіз.
Аспап элементтерінің зақымдалуын болдырмау үшін тек тұщы суды немесе лас бөлшектері жоқ
суды қолданыңыз.
Керек-жарақ ретінде аспап пен су берілісі арасындағы ағын индикаторын орнатуға болады.
1. Алмасты бағаналы бұрғы білдектегі су берілісін жабыңыз.
2. Суды жіберу желісін қосыңыз (шланг қосылымы).
5.1.10 Су ұстау жүйесін (керек-жарақ) құрастыру
ЕСКЕРТУ
Ток соғу қаупі бар! Сорғыш ақаулы болған жағдайда су қозғалтқыш пен қақпақ үстіне ағуы мүмкін!
▶ Сорғыш жұмыс істемей қалса, жұмысты дереу тоқтатыңыз.
Алмасты бағаналы бұрғы білдек төбеге 90° бұрышта орналасуы керек. Су жинағыш жүйесінің
тығыздатқышы алмас бұрғылау коронкасының диаметріне сай келуі тиіс.
Суды ұстау жүйесі жұмыс орнын ластамастан, судың коронкадан кетуіне мүмкіндік береді. Ең
жақсы нәтижеге ылғалды шаңсорғышпен бірге қол жеткізуге болады.
Станинаны пайдаланған кезде: Су ұстау жүйесін орнату алдында су ұстау жүйесіне арналған
аралық бөлшекті станинаға берік бұрып бекітіңіз.
1. Станинадағы бұранданы бағыттауыштың астындағы алдыңғы қабырғасынан бұрап босатыңыз.
2. Су жинағыштың ұстағышын астынан бұранданың артына жылжытыңыз.
3. Бұранданы бекемдеңіз.
4. Су коллекторын екі қозғалмалы кронштейн арасындағы ұстағышқа орнатылған тығыздатқышпен
және су жинағыш жүйесінің тығыздатқышымен орнатыңыз.
5. Су коллекторын екі бұрандамен ұстағышқа бекітіңіз.
6. Су коллекторына ылғалды шаңсорғышты қосыңыз немесе су ағатын тармақтар жүйесін орнатыңыз.
460
Қазақ
12
2100851
*2100851*

Publicité

loading

Ce manuel est également adapté pour:

Dd 350 01