Bosch ANGLE EXACT 2 Notice Originale page 217

Masquer les pouces Voir aussi pour ANGLE EXACT 2:
Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 27
тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін
тудырады.
Электр құралын сомын/бұрандаға тек өшірілген
u
күйде салыңыз. Айналып жатқан жұмыс құралдары
сырғып кетуі мүмкін.
Айналу моментін реттеу (G – I суреттерін қараңыз)
Бұрау моменті ажырату тіркесімінің серіппелерінің алдын
ала керілісіне байланысты болады. Ажырату тіркесімі оң
және сол жаққа айналу кезінде орнатылған бұрау
моментіне жеткеннен кейін ажыратылады.
Жеке бұрау моментін орнату үшін тек бірге жеткізілген
реттегіш құралды (30) пайдаланыңыз.
Электр құралындағы ысырманы (7) артқа қарай толық
жылжытыңыз.
ANGLE EXACT
2 | 3 | 6 | 7 | 8 | 15 | 17 | 23 | 30
Алты қырлы дөңбек кілтті (31) алмалы-салмалы аспапқа
(30) салып, оны баяу бұраңыз.
Корпус саңылауында кіші дөңес жер (реттегіш шайба
(32)) тіркесімде көрінгенде, реттегіш құралды (30) осы
дөңес жерге қойып бұраңыз.
ANGLE EXACT
14CF | 22CF | 29CF
Сатып алынған жылжытылған сырғақтық суппорт туралы
мәліметтерге назар аударыңыз немесе делдалдан
сұраңыз.
Сағат тілінің бағытымен бұрағанда үлкенірек бұрау
моменті, ал сағат тілінің бағытына қарсы бұрағанда
кішірек бұрау моменті пайда болады.
Реттегіш құралды (30) шығарыңыз. Тіркесімді
ластанудан қорғау үшін ысырманы (7) қайтадан алға
жылжытыңыз.
Нұсқау: қажетті реттеу бұрандалы қосылымның түріне
байланысты болады және практикалық тәжірибе өткізу
арқылы анықталуы тиіс. Сынақ бұрап бекітуді
динамометрлік кілтпен тексеріңіз.
Айналу моментін тек берілген қуат диапазонында
u
реттеңіз, әйтпесе ажырату тіркесімі жұмыс
істемейді.
Айналу моментінің реттеуін белгілеу
ANGLE EXACT
2 | 3 | 6 | 7 | 8 | 14CF | 15 | 17 |
22CF | 23 | 29CF | 30
Жеке реттелген айналу моменттерін белгілеу үшін
белгілеу шеңберін (17) басқа түсті белгілеу шеңберімен
алмастыруға болады.
Егер бірнеше EXACT электр құралын 4,5 Нм айналу
моментімен пайдалансаңыз, қызыл түсті белгілеу
шеңберін бұрау моментін белгілеу үшін пайдалануға
болады. Егер айналу моменті 7,5 Нм болған басқа EXACT
электр құралдарын басқа монтаждау аймағында
пайдалансаңыз, басқа түсті белгілеу шеңберін (қара, көк,
жасыл не сары) алып, осы аймақ үшін айналу моментін
белгілеуіңіз керек. Түрлі түстегі белгілеу шеңберлері
орнатушыларға көмек ретінде беріледі, олар әр электр
құралында қандай айналу моменті орнатылғанын
анықтауға арналған.
Bosch Power Tools
Белгілеу шеңберін (17) жұқа бұрауыш парағымен,
қалақшамен немесе ұқсас затпен басып қойыңыз.
Электр құралын әрдайым белгілеу шеңберімен
пайдаланып, корпусын шаң мен ластанудан қорғаныспен
қамтамасыз етіңіз.
Жарық диодты индикатор
Аккумулятор заряды деңгейінің
индикаторы
Аккумуляторды (11) зарядтау қажет
болғанда, жарық диодты индикатор (10)
жасыл түспен жыпылықтап, дыбыстық сигнал беріледі.
Содан кейін 6 – 8 бұрандалы қосылым ғана жасау мүмкін
болады.
Егер жарық диоды қызыл түспен жанса, бұл жаңа
бұрандалы қосылым үшін қуаттың жеткіліксіз екендігін
немесе электр құралын артық жүктеме түскенін білдіреді.
Электр құралын бұдан былай іске қосу мүмкін болмайды.
Іске қосылудан қорғайтын құлып аккумулятор электр
құралынан шығарылып, зарядталған аккумулятор
салынғанша белсенді болып қалады.
Егер кернеу адаптерімен жұмыс істесеңіз, қызыл түсті
жарық диодты индикатор (10) артық жүктеменің түскенін
көрсетеді.
Жарық диодты индикатор (10) қызыл түспен
жыпылықтаса, бұл электр құралы қызып, оның істен
шыққаның білдіреді. Электр құралын қайта іске қосудан
бұрын жыпылықтау қысқа мерзімде автоматты түрде
сөнгенше күтіңіз.
Әр зарядтағаннан кейін электр құралының пайдалану
мерзімінің айтарлықтай қысқаруы аккумуляторды
ауыстыру керектігін білдіреді. Тозған аккумуляторларды
заңды / елге тән нұсқамалар бойынша кәдеге жаратыңыз.
Бұрандалы қосылымдардың индикаторы
Алдын ала орнатылған айналу моментіне
жеткеннен кейін ажырату тіркесімі
ажыралады. Жарық диодты индикатор (9)
жасыл түспен жанады.
Егер алдын ала орнатылған айналу моментіне жетпесе,
жарық диодты индикатор (9) қызыл түспен жанып,
дыбыстық сигнал беріледі. Бұрап бекітуді тағы бір рет
орындау керек.
Қайталанудан қорғаныс
Бұрандалы қосылымда ажырату тіркесімі босатылса,
қозғалтқыш өшеді. Қайта іске қосу тек 0,7 секундтық
үзілістен кейін мүмкін болады. Осылайша қатты
бұрандалы қосылымдардың қате тартылуына жол
бермейсіз.
Бұрыштық оймалы бастиекті жылжыту
ANGLE EXACT
2 | 3 | 6 | 7 | 8 | 15 | 17 | 23 | 30
Бұрыштық оймалы бастиекті (3) жалпы сегіз күйге
ауыстыруға болады.
Электр құралын айыр тәрізді кілтпен (6) бұрыш басты
фланецтің кілт жазықтығында (5) мықтап ұстаңыз.
Электр құралын корпус қабығында қысуға
u
болмайды.
Қазақ | 217
1 609 92A 4V1 | (05.03.2019)

Publicité

Table des Matières
loading

Table des Matières