Bosch GCM 18V-305 GDC Professional Notice Originale page 356

Masquer les pouces Voir aussi pour GCM 18V-305 GDC Professional:
Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 49
356 | Қазақ
бекітеді. Жұмыс үстеліндегі дайындама тіреуіштері ұзын
дайындамаларды тіреуге арналған.
Жұмыс үстелі жинағындағы барлық ескертулер
u
мен нұсқаулықтарды оқыңыз. Ескертпелер мен
нұсқаулықтарды сақтамау тоқтың соғуына, өрт және/
немесе ауыр жарақаттануларға алып келуі мүмкін.
Электр құралын орнатудан алдын жұмыс үстелін
u
дұрыс құрыңыз. Бұзылу қауіпін болдырмау үшін
мінсіз құру маңызды болып қалады.
– Электр құралын тасымалдау күйінде жұмыс үстеліне
орнатыңыз.
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен
(хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандар арқылы
өңделуі мүмкін.
– Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін
шаңсорғышты пайдаланыңыз.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Жұмыс орнында шаңның жиналмауын
u
қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Шаң/жоңқа сорғыш шаң, жоңқа немесе дайындама
сынықтары арқылы бітелуі мүмкін.
– Электр құралын өшіріп, аккумуляторды шығарыңыз.
– Аралау дискісі толық тоқтағаныша күте тұрыңыз.
– Бітелу себебін анықтап жойыңыз.
Сыртқы сорғыш
Шаң сору үшін сору адаптеріне (25) шаңсорғыш
шлангісін (диаметрі 35 мм) де жалғауға болады.
– Шаңсорғыш шлангісін сору адаптеріне (25) жалғаңыз.
Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет.
Денсаулыққа зиян, обыр туғызатын немесе құрғақ
шаңдар үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Сорғыш алаптерді тазалау
Оңтайлы соруды қамтамасыз ету үшін сору адаптерін
(25) жүйелі түрде тазалап тұру керек.
– Сорғыш адаптерді (25) бұрап жоңқа шығатын жерден
(23) шығарыңыз.
– Дайындаманың снықтары мен жоңқаларын алып
қойыңыз.
– Сорғыш адаптерді бұрап жоңқа шығатын жерге жоғқа
шығатын жерлің ұстау сақинасының жоғарысында
тірелгенше бұрап басыңыз.
1 609 92A 5HG | (08.04.2020)
Ара дискісін алмастыру (c1−c4 суреттерін
қараңыз)
Аккумуляторды электр құралмен кез келген
u
жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету,
т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды
тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін
тудырады.
Аралау дискісін орнату кезінде қорғағыш қолғап
u
киіңіз. Аралау дискісіне тигенде жарақат алу қаупі
бар.
Максималды рұқсат етілген жылдамдығы электр
құралыңыздың бос айналу моментіне жоғары болған
аралау дискілерін пайдаланыңыз.
Тек осы пайдалану нұсқаулығында берілген деректерге
сәй және EN 847-1 бойынша тексерілген болып тиісті
ретте белгіленген аралау дискілерін пайдаланыңыз.
Тек осы электр құралының өндірушісі ұсынған және сіз
өңдейтін материалға сәй аралау дискілерін
пайдаланыңыз. Бұл аралауда ара тістерінің қызып кетуіне
жол бермейді.
Аралау дискісін шешу
– Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз.
– Маятниктік қорғаныш қаптаманы (5) артқа қайырып,
маятниктік қорғаныш қаптаманы осы күйде ұстаңыз.
– Ішкі алты қырлы бұранданы (53) алты қырлы дөңбек
кілтпен (6 мм) (17) бұрап, дәл сол мезетте шпиндель
бекіткішін (52) тірелгенше басыңыз.
– Шпиндель бекіткішін (52) басып тұрып, ішкі алты
қырлы бұранданы (53) сағат тілінің бағытымен бұрап
шығарыңыз (сол жақ ойма!).
– Қысқыш фланецті (54) шешіңіз.
– Ара дискісін (43) шешіңіз.
Аралау дискісін орнату
Орнатуда тістер кесу бағыты (аралау дискісінде
u
көрсеткі бағыты) қорғағыш қаптама көрсеткі
бағытымен сәйкес болуына көз жеткізіңіз!
Керек болса барлық орнатылатын бөліктерді тазалаңыз.
– Жаңа аралау дискісін қысқыш фланецке (55)
орнатыңыз.
– Қысқыш фланец (54) пен ішкі алты қырлы дөңбек
бұрандаманы (53) орнатыңыз. Шпиндель бұғаттауын
(52) тірелгенше басып алты қырлы дөңбек
бұрандаманы сағат тіліне қарсы бұрап бекітіңіз.
– Тарту механизмін бекіткіш бұрандадан босатып
тербелуден сақтау қаптамасын (5) төменге қайта
апарыңыз.
– Қаптама тақтаны қайта бекіткіш бұрандама астына
жылжытып қойыңыз.
– Бекіту бұрандаларын мен қайта тартып бекітіңіз.
– Тарту механизмін алғашқы күйіне жылжытып бұғаттау
бұрандамасын қолмен қайта тартып қойыңыз.
Bosch Power Tools

Publicité

Table des Matières
loading

Table des Matières