Тағайындалу Бойынша Қолдану - Bosch GNA 2,0 Professional Notice Originale

Masquer les pouces Voir aussi pour GNA 2,0 Professional:
Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 12
OBJ_BUCH-236-003.book Page 78 Monday, March 24, 2014 9:39 AM
78 | Қaзақша
 Қалыпсыз дене күйінде тұрмаңыз. Тірек күйде
тұрып, әрқашан өзіңізді сенімді ұстаңыз. Осылай сіз
күтпеген жағдайда электр құралды жақсырақ
бақылайсыз.
 Жұмысқа жарамды киім киіңіз. Кең немесе сәнді
киім кимеңіз. Шашыңызды, киім және қолғапты
қозғалмалы бөлшектерден алыс ұстаңыз. Кең киім,
әшекей немесе ұзын шаш қозғалмалы бөлшектерге
тиюі мүмкін.
 Шаңсорғыш және шаңтұтқыш жабдықтарды
құрғанда, олардың қосылғандығына және дұрыс
пайдалынуына көз жеткізіңіз. Шаңсорғышты
пайдалану шаң себебінен болатын қауіптерді азайтады.
Электр құралдарын пайдалану және күту
 Құралды аса көп жүктемеңіз. Жұмысыңыз үшін
жарамды электр құралын пайдаланыңыз. Жарамды
электр құралымен керекті жұмыс аймағында дұрыс әрі
сенімді жұмыс істейсіз.
 Ажыратқышы дұрыс емес электр құралын
пайдаланбаңыз. Қосуға немесе өшіруге болмайтын
электр құралы қауіпті болып, оны жөндеу қажет
болады.
 Жабдықтарды реттеу, бөлшектерін алмастыру
немесе құралды алып қоюдан алдын айырды
розеткадан шығарыңыз және/немесе
аккумуляторды алып тастаңыз. Бұл сақтық әрекеті
электр құралдың байқаусыз қосылуына жол бермейді.
 Пайдаланылмайтын электр құралдарды балалар
қолы жетпейтін жайға қойыңыз. Осыларды
білмейтін немесе осы ескертпелерді оқымаған
адамдарға бұл құралды пайдалануға жол бермеңіз.
Тәжірібесіз адамдар қолында электр құралдары қауіпті
болады.
 Электр құралдарын ұқыпты күтіңіз. Қозғалмалы
бөлшектердің кедергісіз істеуіне және кептеліп
қалмауына, бөлшектердің ақаусыз немесе
зақымдалмаған болуына, электр құралының
зақымдалмағанына көз жеткізіңіз. Зақымдалған
бөлшектері бар құралды пайдаланудан алдын
жөндеңіз. Электр құралдарының дұрыс күтілмеуі
жазатайым оқиғаларға себеп болып жатады.
 Кескіш аспаптарды өткір және таза күйде сақтаңыз.
Дұрыс күтілген және кескіш жиектері өткір кескіш
аспаптар аз кептеліп, кесілетін бетке оңай бағытталады.
 Электр құралын, жабдықтарды, алмалы-салмалы
аспаптарды және т.б. осы нұсқауларға сай
пайдаланыңыз. Сонымен жұмыс шарттарымен
орындайтын әрекеттерге назар аударыңыз. Электр
құралдарын арналмаған жұмыстарда пайдалану
қауіпті.
Қызмет
 Электр құралыңызды тек білікті маманға және
арнаулы бөлшектермен жөндетіңіз. Сол арқылы
электр құралының қауіпсіздігін сақтайсыз.
3 609 929 C95 | (24.3.14)
Құрылғы үшін қауіпсіздік техникасы бойынша
ерекше нұсқаулар
 Электр құралы тұрақты пайдалануға арналмаған.
Оны, мысалы, қысқыш немесе верстакке бекіту мүмкін
емес.
 Жұмыс істеген кезде қорғауыш қолғапты киіп
арнайы ретте желі кабеліне абай болыңыз. Кесілген
табақта өткір қыр пайда болып, жарақаттануыңыз
мүмкін немесе желі кабелін зақымдауыңыз мүмкін.
 Дайындаманы бекітіңіз. Қысу құралына немесе
қысқышқа орнатылған дайындама қолыңызбен
салыстырғанда, берік ұсталады.
 Электр құралын жерге қоюдан алдын оның
тоқтауын күтіңіз. Алмалы-салмалы аспап ілініп электр
құрал бақылауының жоғалтуына алып келуі мүмкін.
Өнім және қызмет сипаттамасы
Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын
және ескертпелерді оқыңыз. Техникалық
қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпе-
лерді сақтамау тоқтың соғуына, өрт және/
немесе ауыр жарақаттануларға алып келуі
мүмкін.
Электр құралының суреті бар бетті ашып пайдалану
нұсқаулығын оқу кезінде оны ашық ұстаңыз.
Тағайындалу бойынша қолдану
Электр құралы табақ темірді материал пішінін өзгертпей
ажыратуға арналған, тік кесіктер, ойықтар және тар қисық
кесіктер үшін жарамды.
Бейнеленген құрамды бөлшектер
Көрсетілген құрамдастар нөмірленген суреттері бар
беттегі электр құралының сипаттамасына сай.
1 Қосқыш/өшіргіш
2 Қалып үшін жаппа сомын
3 Қалып үшін қысқыш бұранда
4 Қалып
5 Штемпель
6 Штемпельді бекіту үшін қуыс бұранда
Бейнеленген немесе сипатталған жабдықтар стандартты
жеткізу көлемімен қамтылмайды. Толық жабдықтарды біздің
жабдықтар бағдарламамыздан табасыз.
Шуыл және дірілдеу туралы ақпарат
Шу деңгейі EN 60745 стандартына сай анықталған.
A-мен белгіленген электр құралын шуыл деңгейі әдетте
төмендегіге тең: дыбыс күші 82 дБ(A); дыбыс қуаты
93 дБ(A). Өлшеу дәлсіздігі K=3 дБ.
Құлақты қорғау құралдарын киіңіз!
Жиынтық діріл мәні a
(үш бағыттың векторлық
h
қосындысы) және K дәлсіздігі EN 60745 стандартына сай
анықталған:
2
2
a
= 11 м/с
, K< 1,5 м/с
.
h
Bosch Power Tools

Publicité

Table des Matières
loading

Table des Matières