Тағайындалу Бойынша Қолдану - Bosch GIS 1000 C Professional Notice Originale

Masquer les pouces Voir aussi pour GIS 1000 C Professional:
Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 32
OBJ_BUCH-2270-005.book Page 254 Wednesday, September 21, 2016 5:29 PM
254 | Қaзақша
 Аккумуляторды ашпаңыз. Қысқа тұйықталу қауіпі бар.
Мысалы, аккумуляторды жылудан, сондай-
ақ, үздіксіз күн жарығынан, оттан, судан
және ылғалдан қорғаңыз. Жарылу қауіпі бар.
 Пайдаланылмайтын аккумуляторды түйіспелерді
тұйықтауы мүмкін қыстырғыштардан, тиындардан,
кілттерден, шегелерден, винттерден және басқа
ұсақ темір заттардан сақтаңыз. Аккумулятор
түйіспелерінің арасындағы қысқа тұйықталу күйіктерге
немесе өртке әкелуі мүмкін.
 Дұрыс пайдаланбағандықтан, аккумулятордан
сұйықтық ағуы мүмкін. Оған тимеңіз. Кездейсоқ
тигенде, сол жерді сумен шайыңыз. Сұйықтық
көзге тисе, медициналық көмек алыңыз.
Аккумулятордағы сұйықтық теріні тітіркендіруі немесе
күйдіруі мүмкін.
 Аккумулятордан зақымданған немесе дұрыс
пайдаланбаған жағдайда бу шығуы мүмкін. Бұл
жағдайда ішке таза ауа кіргізіңіз және шағымдар
болса, медициналық көмек алыңыз. Булар тыныс
алу жолдарын тітіркендіруі мүмкін.
 Аккумуляторлық батареяны тек өндіруші
көрсеткен зарядтау құрылғысымен зарядтаңыз.
Зарядтау құрылғысы белгілі бір аккумуляторлар түріне
арналған, оны басқа аккумуляторларды зарядтау үшін
пайдалану өрт қаупін тудырады.
 Бұл аккумуляторларды тек өзіңіздің Bosch
өніміңізде пайдаланыңыз. Сол арқылы
аккумуляторды қауіпті артық жүктеуден сақтайсыз.
 Тек өлшеу құралының зауыттық тақтайшасында
көрсетілген кернеуі бар түпнұсқа Bosch
аккумуляторларын пайдаланыңыз. Басқа
аккумуляторларды, мысалы, көшірмелерді, қалпына
келтірілген аккумуляторларды немесе басқа маркалы
аккумуляторларды пайдаланғанда, батарея жарылған
кезде жарақаттар алу және мүлікті зақымдау қаупі бар.
 Шеге немесе бұрауыш сияқты ұшты заттар немесе
сыртқы әсер арқылы аккумулулятор зақымдануы
мүмкін. Бұл қысқа тұйықталуға алып келіп,
аккумулятор жануы, түтін шығаруы, жарылуы немесе
қызып кетуі мүмкін.
 Абай болыңыз! Өлшеу құралын Bluetooth® бен
пайдалануда басқа құралдар мен жабдықтар, ұшақ
және медициналық құралдар (мысалы,
кардиостимулятор, есту құралдары) жұмысында
кедергілер пайда болуы мүмкін. Сондай-ақ жақын
тұрған адамдар мен хайуандарға зиян тудыру
қаупін толық жою мүмкін емес. Өлшеу құралын
Bluetooth® бен медициналық құралдар, жанар май
бекеттері, химиялық жабдықтар, жарылу қаупі бар
және жарылатын аймақтар жанында
пайдаланбаңыз. Өлшеу құралын Bluetooth® бен
ұшақтарда пайдаланбаңыз. Денеге жақын аймақта
ұзақ уақыт пайдаланбаңыз.
Bluetooth® сөз белгісі сурет белгісімен (логотиптер)
бірге Bluetooth SIG, Inc. компаниясының тіркелген
тауарлық белгісі және мүлігі болып табылады. Осы
сөз/сурет белгісін Robert Bosch GmbH арқылы
пайдалану лицензия негізінде орындалады.
1 609 92A 211 | (21.9.16)
Өнім және қызмет сипаттамасы
Өлшеу құралының суреті бар бетті ашып, пайдалану
нұсқаулығын оқу кезінде оны ашық ұстаңыз.
Тағайындалу бойынша қолдану
Өлшеу құралы беттік температураны, орта температу-
расын және салыстырмалы ауа ылғалдылығын түйіспей
өлшеуге арналған. Ол шық жасалу температурасын
есептеп, жылы көпірдің жасалуы мен зең басуды
білдіреді. Өлшеу құралымен зең спораларын айқындау
мүмкін емес. Бірақ бұл зең споралары жасалатын
шарттарды алдын-ала айқындауға көмектеседі.
Өлшеу құралын адамдар, хайуандар температурасын
өлшеуге немесе басқа медициналық мақсаттарда
пайдалануға болмайды.
Өлшеу құралы үстіңгі газдардың температурасын өлшеуге
арналмаған. Сұйықтықтар температурасын өлшеу тек
стандартты термоэлемент (K байланыс түрі) көмегімен
мүмкін болады, оны өлшеу құралының интерфейсінде 25
өлшеу құралына қосу мүмкін.
Осы өлшеу құралының жарығы өлшеу құралының тікелей
жұмыс аймағын суретке түсіру үшін жарықтандыруға арнал-
ған. Ол үйде бөлмелерді жарықтандыруға арналмаған.
Лазер нүктелерін көрсеткіш ретінде пайдалану мүмкін.
Олар тек өлшеу аймағын белгілеуге арналған.
Бейнеленген құрамды бөлшектер
Көрсетілген құрамдастар нөмірі суреттер бар беттегі
өлшеу құралының сипаттамасына қатысты.
1 Микро USB ұяшығы/термоэлемент қосқышы (K түрі)
2 Лазер сәулесінің шығыс тесігі
3 Аккумулятор/батарея адаптері/батарея бөлімінің
қақпағы
4 Өлшеу пернесі/қосу пернесі
5 Ауа ылғалдығы мен қоршау температурасы сенсоры
6 Сериялық нөмір
7 Лазер ескерту тақтасы
8 Микро USB кабелі
9 Сақтау пернесі/Bluetooth® арқылы жіберу
10 Функциялық перне оңға
11 Көрсеткі белгісі оңға
12 Қосу-өшіру түймесі
13 Көрсеткі пернесі төменге/үлкейту басқышын
төмендету
14 Қосу-өшіру пернесі жарығы
15 Көрсеткі пернесі солға
16 Көрсеткі пернесі жоғарыға/үлкейту басқышын
жоғарылату
17 Функциялық перне солға
18 Дисплей
19 Ауа ылғалдығы мен қоршау температурасы сенсоры
қалпақшасы
20 Тасымалдау ілмегі қысқышы
21 Инфрақызыл-қабылдау линзасы қалпақшасы
22 Камера
Bosch Power Tools

Publicité

Table des Matières
loading

Table des Matières