Télécharger Imprimer la page

Bosch UniversalChain 35 Notice Originale page 181

Masquer les pouces Voir aussi pour UniversalChain 35:

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 21
Симптомдар
Мүмкін болған себептер
Ара шынжыры/
Май резервуарында май жоқ
Жүргізу шынасы
Май бүріккіші (7) бітеліп қалған.
қызып кетті
Шынжыр кернеуі тым жоғары
Шапқы зақымдалған немесе тозып қалған
күйде
Ара шынжыры дөкір
Шынжырлы ара
Шынжыр кернеуі тым төмен
жұлқына бастап,
Ара шынжыры дөкір
дірілдейді немесе
Ара шынжыры тозып қалған
дұрыс кеспейді
Ара тістері қате бағытта қарап тұрады
Шапқы зақымдалған немесе тозып қалған
күйде
Техникалық күтім және қызмет
көрсету
Қызмет көрсету және тазалау
Бақ электр бұйымы бойынша жұмыстарын өткізу
u
алдында әрқашан алдымен желі ашасын
розеткадан шығарып алыңыз.
– Жарақаттануларға жол бермеу үшін, шынжырлы ара
іске қосылмай тұрған уақытта шынжырдың қорғау
бөлшегін (26) шапқыда (17) орнатыңыз.
– Лайықты әрі қауіпсіз түрде жұмыс істей алу үшін
электр құралы мен желдеткіш саңылауларын таза
қалыпта ұстаңыз.
– Су, еріткіш және тегістеу бұйымдарын қолданбаңыз.
– Құрал бөлшектерінің сыналаа қалуын болдырмау
үшін, құралды ұзақ уақыт үшін сақтауға қою алдынан
алдымен оның шынжыры мен шапқысын тазалап
алыңыз.
– SDS-жапқышын (25), шапқысын (17) және ара
шынжырын (18) шығарып алып, осы бөлшектерден,
әсіресе ара кескіш фрезасының науасынан, май, ағаш
шайыры және шаң қалдықтарын кетіру үшін, оларды
қылшақпен тазалап алыңыз.
– Май бүріккішінен (7) және шынжырлы тісті
дөңгелектен (3) лас пен кірді абайлап кетіру үшін таза
шүберек қолданыңыз. Май бүріккішіне (7) лас пен
кірдің түсіп қалмауына көз жеткізіңіз, себебі бұл май
бүріккіштің бітеліп қалуына апарып, құрал майлануына
жағымсыз әсер ете алады.
– Құралды қолдану алдынан алдымен талап етілетін
күтім жұмыстарын өткізіңіз.
– Шынжырлы арада бос, шығып тұратын не бөлініп
қалған, немесе зақымданып бұзылған ара шынжыры,
босап кеткен бекітулер мен тозып кеткен немесе
зақымданып бұзылған құрастыру бөлшектері сияқты
көзбен көрінетін ақаулықтары бар не жоқ болуын
үнемі тексеріп жүруіңіз лазым.
Bosch Power Tools
Көмек
Май құйыңыз
Май бүріккішін (7) тазалаңыз
Шынжыр кернеуін қосымша кернеп алыңыз
Шапқыны алмастырыңыз немесе Bosch
компаниясының техникалық қызмет көрсету
орталығымен хабарласыңыз
Ара шынжырын ауыстырыңыз
Шынжыр кернеуін қосымша кернеп алыңыз
Ара шынжырын ауыстырыңыз
Ара шынжырын ауыстырыңыз
Ара шынжырын дұрыс орнатыңыз
Шапқыны алмастырыңыз немесе Bosch
компаниясының техникалық қызмет көрсету
орталығымен хабарласыңыз
– Электр бұйымында ешбір өзгерту жұмыстарын
өткізуіңізге болмайды. Рұқсат етілмеген түрде өзгерту
жұмыстарын өткізу электр бұйымыңыздың
қауіпсіздігін төмендетіп, шуылдар мен дірілдердің
көбейіп кетуіне апара алады.
– Құралды сақтауға қою алдынан алдымен оның май
резервуарын босатыңыз, құралды қайта пайдалану
алдынан май резервуарын маймен қайта толтырыңыз.
– Шынжырлы араны қауіпсіз, құрғақ және балалар қолы
жете алмайтын жерде сақтаңыз.
– Шынжырлы араның үстінен ешбір басқа заттарды
қоймаңыз.
Ара шынжырын алмастыру және қайрау
– Ара шынжыры өзінің ұзақ уақыт бойы
пайдаланғанынан кейін немесе ағаштан басқа заттарға
жанасып қалған жағдайда дөкір болып қалуы мүмкін.
– Құралдың оңтайлы жұмысын және құрал қауіпсіздігін
қамтамасыз ете алу үшін ара шынжыр өткір болуы тиіс.
– Ара шынжырын қайрау бойынша тәжірибеңіз
болмаған жағдайда ара шынжырын ешқашан өзіңіз
қайрамаңыз.
– Ара шынжырын Bosch компаниясының керек-
жарақтары арасында болған ара шынжырымен
алмастырыңыз немесе ара шынжырын арнайы
мамандар арқылы қайратып алыңыз.
Шапқыны алмастыру
Тек қана құрал мен нұсқауларды лайықты түрде
u
түсініп және білгенде ғана шапқыны өз
басыңызбен алмастырыңыз, басқаша болған
жағдайда Bosch компаниясының техникалық
қызмет көрсету орталығына жүгініңіз.
– Шапқы тозып қалған жағдайда, оны, оның жұмыс
мерзімін ұзарту үшін, аударып, басқа жағынан
құрастырып орнатыңыз немесе алмастырып алыңыз.
– Шапқы (17) және керу шығыршығы (19) арасындағы
бұранданы босата алу үшін алтықырлы кілтті
қолданыңыз.
Қазақ | 181
F 016 L94 478 | (17.05.2022)

Publicité

loading

Ce manuel est également adapté pour:

Universalchain 40