Télécharger Imprimer la page

Bosch UniversalChain 35 Notice Originale page 175

Masquer les pouces Voir aussi pour UniversalChain 35:

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 21
– Кейбір кездерде, жүргізуші шинасының ұшын түртіп
қалу кездейсоқ артқа қарай бағытталған реакцияға
апарып, осы реакция салдарынан жүргізу шинасы
жоғарыға қарай және қолданушы бағытына қарай
соғылып апарылуы мүмкін.
Ара шынжыры жүргізу шинасының ұшында қысылып
қалуы шинаны дереу қолданушы бағытына кері итеріп
жіберуі мүмкін.
– Осы реакциялардың әрқайсысы ара ұстау мен
қолдану бойынша бақылауды жоғалтып, қатты
жараланып қалуыңызға апаруы мүмкін. Тек қана
шынжырлы ара ішіне құрастырылып орнатылған
қауіпсіздік құрылғылар жүйесіне сүйенбеуіңіз лазым.
Шынжырлы ара пайдаланушы ретінде өзіңіз, апаттар
мен жарақаттануларға жол бермей жұмыс істей алу
үшін түрлі сақтандыру шараларын қолданып жүруіңіз
лазым.
Кері соққы электр құралды дұрыс пайдаланбаудың
немесе оператор қатесінің салдарынан пайда болады.
Төменде көрсетілгендей, лайықты қауіпсіздік
шараларын қолдану арқылы осы кері соққының пайда
болуына жол берілмейтін болады:
Қолдарыңыздың басбармақтары мен бармақтары
u
шынжырлы араның тұтқалары айналасынан бекем
ұстап отыра, араны екі қолыңызбен бекем
ұстаңыз. Денеңіз бен қолдарыңызды кері соққы
күштеріне қарсы тұрып, төзе алатындай тұрысқа
қойыңыз. Лайықты шаралары қолданылғанда құрал
пайдаланушысы кері соққы күштеріне қарсы тұрып,
төзе алады. Шынжырлы араны ешқашан
қолдарыңыздан босатып шығарып жібермеңіз.
Денеңізді лайықсыз және қалыпсыз тұрыста
u
ұстамаңыз және кесілетін өнімдерді
иықтарыңыздан биігірек болғанда кеспеңіз.
Осының арқасында жүргізуші шина ұшымен кездейсоқ
түрде жанасып қалуына жол берілмей, шынжырлы
араның кездейсок жағдайларда жақсырақ бақылап
басқарылуы қамтамасыз етіле алынады.
Әрқашан шығарушы тарабынан талап етілетін
u
қосалқы шиналары мен ара шынжырларын
қолданыңыз. Лайықсыз қосалқы шиналары мен ара
шынжырлары шынжырдың жыртылуына немесе кері
соққыға апаруы мүмкін.
Ара шынжырын қайрау және күту үшін
u
шығарушының нұсқауларына сай әрекет етіңіз.
Тереңдікті шектеушінің мәні тым төмен болғаны
соққыға бейімді болуын арттырады.
Қосымша қауіпсіздік нұсқаулықтары
Бұл электр құрал физикалық, сенсорлық немесе
u
психикалық қабілеттері шектелген, немесе осы
құралды қолдану үшін керекті тәжірибесі және/
немесе білімі болмаған адамдар арқылы
(осылардың арасында балалар да) тек өздерінің
бақылау астында болып, немесе осы құралды
қауіпсіз түрде қолдану бойынша нұсқаулармен
танысып, мүмкін бола алатын тәуекелдермен
танысқаннан кейін ғана қолданылуы тиіс.
Bosch Power Tools
Балалардың электр құралымен ойнамауын
қамтамасыз ету үшін балаларға қарап жүруіңіз қажет.
Бақ құралы қолданылатын жерде жануарлар және
u
жабайы аңдардың жоқ болуын мұқият тексеріп
алыңыз. Электр құрал қолданылып жатқанда
жануарлар және жабайы аңдар жарақаттанып қалуы
мүмкін.
Шынжырлы араны қол қорғағыштан/кері соққыға
u
қарсы тежеуішін белсендіру тетігінен ұстап
тасымалдамаңыз.
Қауіпсіздік себептерінен Қосу/Өшіру қосқышын
u
құрсаулауға болмайды, ол жұмыс барысында
басылған қалыпта қала беруі тиіс.
Шынжырлы ара пайдаланбаған кезде оның кері
u
соққыға қарсы тежеуіші алға қарай шығарылып
қойылған қалыпта болғанына көз жеткізіңіз.
Шынжырлы араны пайдалану алдында әрқашан
u
оның тұтқалары мен қорғаушы бөлшектерінің
барлығы орындарында құрастырылып
қойылғанын тексеріп жүріңіз. Толықсыз түрде
құрастырылған шынжырлы араны немесе рұқсатсыз
жасалған өзгерістері бар болған шынжырлы араны
ешқашан пайдаланбаңыз.
Электр қауіпсіздігі
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Өзіңіздің бақ
құралыңыз қорғау оқшалануымен жабдықталып, жерге
тұйықталуын талап етпейді. Қолданыстық кернеуі келесі
мәндерде болады: 230 В ауыспалы тоқ қуаты, 50 Гц
(Еуропа Одағына кірмейтін елдер үшін 220 В немесе 240
В, 50 Гц мәндері де қолданылады). Тек қана рұқсат
етілген ұзарту кабелдерін қолданыңыз. Мәліметтер мен
ақпараттарды тұтынушыларға техникалық қызмет көрсету
үшін рұқсаты бар арнайы орталықтарыңыздан алуыңызға
болады.
Тек қана H07 RN-F немесе IEC (60245 IEC 66) сериялық
ұзарту кабелдерін қолдануыңыз лазым.
Шынжырлы араны қолдану барысында ұзарту кабелін
пайдаланғыңыз келсе, төменде көрсетілген сым
көлденең қималары талап етіледі:
2
– 1,0 мм
: ең жоғары ұзындық көлемі 40 м
2
– 1,5 мм
: ең жоғары ұзындық көлемі 60 м
2
– 2,5 мм
: ең жоғары ұзындық көлемі 100 м
Қауіпсіздікті арттыру үшін бүліну тоғының ең жоғары
деңгейі 30 мА болған FI қосқышының (RCD) қолданылуы
лазым. Осы FI қосқышын әр қолдану алдынан тексеріп
жүру қажет.
Ұлы Британиядан басқа елдерде сатылатын өнімдер
бойынша нұсқау:
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Электр құралында орнатылған
айыр, Өз қауіпсіздігіңіз үшін (13) ұзартқыш кабелімен
(14) суретте көрсетілгендей біріктіріліп қосылып
қойылуы қажет. Ұзарту кабелінің біріктіргіші шашылатын
суға қарсы қорғанылып, резеңкеден жасалып немесе
резеңкемен қапталған болуы тиіс. Ұзарту кабелі
кернеуден жеңілдету үшін арналған лайықты
құрылғысымен қолданылуы тиіс.
Қазақ | 175
F 016 L94 478 | (17.05.2022)

Publicité

loading

Ce manuel est également adapté pour:

Universalchain 40