Télécharger Imprimer la page

Bosch UniversalChain 35 Notice Originale page 178

Masquer les pouces Voir aussi pour UniversalChain 35:

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 21
178 | Қазақ
ауытқу пайда болуы мүмкін, бұл осы құралдың қолдану
түрі мен тәсіліне, әсіресе осы құралмен өңделетін
өнімдердің түріне байланысты болады; – керек болғанда,
құрал пайдаланушыны қорғау үшін электр құрал
пайдаланып жатқан уақытындағы тербеліс жүктемесін
бағалау негізінде қарастырылған, лайықты шараларды
белгілеп қолдану лазым (бұл үшін электр құралдың
жұмыс циклдарының барлығын ескеріп жүру лазым,
мысалы, электр құралдың өшіріліп қойған уақыттары
және оның қайта іске қосып бірақ ешбір жүктемесіз
тұрған уақыттары).
Құрастырып орнату
Ара шынжырып құрастырып орнату және
керу (B1 – B4 суреттерін қараңыз)
Құрастырып орнату үшін ешбір аспапты
u
қолданбаңыз.
Жұмыс барысында араның керілу күйін жүйелі
u
түрде тексеріп жүріңіз. Шынжырлы араны қате түрде
теңшелген немесе қате керілген шынжырмен
пайдалану шынжырдың үзіліп қалуына, кері соққыға
және/немесе жарақаттануға апара алады.
Әсіресе жаңа ара шынжырларын қолданғанда
u
алғашқы уақытта кеңейтудің жоғары бола алуына
назар аударуыңыз лазым.
Ара шынжыры тым қызып тұрғанда оны кермеңіз,
u
себебі ол суытылғаннан кейін тартылып және
тарылып қалып, одан кейін шапқыға тым жақын
жатуы мүмкін.
– Шынжырлы араны тегіс бір жер үстіне жатқызып
қойыңыз.
– Керу шығыршығы (19) шапқы үстінен толығымен сағат
тілі бағытына қарсы бұрылып қойылғанына көз
жеткізіңіз.
– Шынжырлы араны (18) шапқының (17)
айналасындағы науасы ішіне енгізіңіз.
– Жүріс бағыты дұрыс болуына назар аударыңыз; ол
үшін ара шынжырын жүріс бағыты белгісімен (15)
салыстырыңыз.
– Шынжырдың түйіндерін шынжырлы тісті дөңгелек (3)
айналасынан салып, шапқыны (17) бекіту
бұрандамасы (10) үстінен орнатыңыз.
– Бөлшектердің барлығы дұрыс орнатылғанын тексеріп,
шапқы мен ара шынжырын осы позицияда ұстап
тұрыңыз.
– Керу шығыршығын (19) сағат тілі бағытымен, ара
шынжыры жартылай керіліп және шапқы үстінен
орнатылып қалғанынша дейін бұрыңыз.
– Жапқышты (25) үстінен салып, тоқтатқыш түймешігін
(24) сағат тілі бағытымен, жапқыш жартылай
орнатылғанша дейін, бұрыңыз.
– Шынжырды керу шығыршығын (23) лайықты
шынжырлы кернеу орнатылғанша дейін сағат тілі
бағытымен бұрыңыз. Шынжырды керу шығыршығын
(23) реттеу барысында тоқтатқыш түймешігі (24),
F 016 L94 478 | (17.05.2022)
оның өз-өзімен бұрылып қалып тым ерте бекітіліп
қалуына жол бермеу үшін, қолыңызбен ұсталып
тұрылуына көз жеткізіңіз.
– Ара шынжыры (18), оны оның ортасынан шам. 2–
3 мм көтере алу мүмкін болғанда, дұрыс кернелген
деп саналады. Бұл әрекет ара шынжырын шынжырлы
араның өз салмағына қарсы бір қолмен жоғарыға
қарай тарту арқылы өткізілуі лазым.
– Лайықты керілу күйі орнатылғаннан сәттен кейін
шынжырды керу шығыршығын (23) қолыңызбен нық
ұстап отырып, тоқтатқыш түймешігін (24) сағат тілі
бағытымен нық бұрыңыз.
– Ара тым нық түрде керіліп қалған жағдайда тоқтатқыш
түймешігін (24) бұрап отырып шығарыңыз және керу
қадамдарын қайта қайталаңыз.
– Керу жүйесінің тіреуіш механизмі шынжырдың босап
қалуына жол бермей отырады. Шынжырды керу
шығыршығы (23) лайықты түрде бұрыла алынбаған
жағдайда тоқтатқыш түймешігін (24) сағат тілінің
бағытына қарсы бағытпен бұра отырып босатып
алыңыз.
Басқару
Ара шынжыры жұмыс барысында май бүріккіші (7)
арқылы автоматты түрде ара шынжыры үшін арналған
арнайы майымен майланып отырады.
Сатылғанда немесе жеткізіп берілгенде шынжырлы ара
арнайы ара шынжыр майымен толтырылмаған.
Шынжырлы араны іске қосып пайдалану алдынан
міндетті түрде алдымен шынжырлар үшін арналған
маймен толтырыңыз.
Шынжырлы араның зақымдануын болдырмау үшін тек
қана биологиялық тұрғыда бөлшектеніп ажырай алатын
шынжырлы майлау заттарын (RAL-UZ48 ережелеріне
сай) пайдаланыңыз.
Bosch компаниясы арқылы осындай биологиялық
тұрғыда бөлшектеніп ажырай алатын ұсынылатын
шынжырлар майын керек-жарақтар тізімінде таба
аласыз.
Май резервуарын толтыру үшін төмендегідей әрекет
етіңіз: (C1 суретін қараңыз)
– Шынжырлы араны май резервуары қақпағымен (20)
лайықты төсем үстінен жоғарыға қарай қаратып
қойыңыз.
– Май резервуары қақпағының (20) айналасын
шүберекпен тазалап алып, қақпағын бұрап отырып
шығарып алыңыз.
– Май резервуарына Bosch компаниясы арқылы ара
шынжырлары үшін шығарылған арнайы, биологиялық
тұрғыдан бөлшектеніп ажырай алатын майын, май
деңгейі май көлемін бақылау саңылауы арқылы (21)
көрілгенше дейін толтырыңыз.
– Жұмыс барысында май деңгейін май көлемін бақылау
саңылауы (21) арқылы тексере отырып аласыз, май
деңгейі ең төмеңгі деңгейге жеткенде жаңа майды
құйып толтырыңыз.
Bosch Power Tools

Publicité

loading

Ce manuel est également adapté pour:

Universalchain 40