Télécharger Imprimer la page

Жалпы Нұсқаулар - Kärcher T7 Plus T-Racer Surface Cleane Mode D'emploi

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 9
Жалпы нұсқаулар
Құрылғыны алғаш рет
пайдалану алдында,
осы пайдалану бойынша
түпнұсқа нұсқаулықты оқыңыз
жəне соларға сəйкес əрекет
етіңіз. Пайдалану бойынша
түпнұсқа нұсқаулықты кейін
пайдалану немесе кейінгі
пайдаланушылар үшін сақтап
қойыңыз.
Осы пайдалану
нұсқаулығындағы суреттер мен
сипаттамалар
Осы нұсқаулықтағы суреттер мен сипаттамалар
cіздің T-Racer жеткізілімінің көлемі мен
функцияларынан ерекшеленуі мүмкін.
Нұсқау
Техникалық өзгертулерді енгізу құқығы бар.
Бұйымды мақсатына сəйкес
қолдану
T-Racer барлық K4 класты Kärcher Home & Garden
жоғары қысымды шайғыштарымен бірге қолданыла
алады.
Құрылғының класы туралы толық ақпаратты жоғары
қысымды шайғышты пайдалану нұсқауларынан
білуге болады.
1991 жылға дейінгі құрылғыларға адаптер қажет
(«Керек-жарақтар мен қосалқы бөлшектер» бөлімін
қараңыз).
T-Racer ағаш, тақтай, бетон, пластик жəне ағаш
сияқты əртүрлі еден мен қабырға беттерін тазалау
үшін оңтайлы болып табылады.
T-Racer құралын үй шаруашылығында ғана
қолданыңыз.
Қоршаған ортаны қорғау
Орауыш материалдарын утилизациялауға
болады. Орауыштарды қоршаған ортаға
қауіпсіз түрде утилизациялаңыз.
Электрлік жəне электрондық бұйымдардың
құрамында қате қолдану немесе
утилизациялау нəтижесінде адам
денсаулығына жəне қоршаған ортаға қауіп
төндіруі ықтимал, құнды қайта өңделмелі
материалдар жəне батареялар, аккумуляторлар
немесе май сияқты бөлшектер жиі кездеседі.
Алайда, аталмыш бөлшектер бұйымды тиісінше
пайдалану үшін қажет болады. Осы таңбамен
белгіленген бұйымдарды үй қоқыстарымен бірге
тастауға болмайды.
Жуғыш құралдармен жұмыстарды кəрізге
бұрылатын герметикалық жұмыс алаңдарында
ғана жүргізуге рұқсат беріледі. Жуғыш құралдарды
су қоймаларына немесе жерге төкпеңіз.
Құрамдағы заттар бойынша нұсқаулар (REACH)
Бұйымның құрамындағы заттар туралы соңғы
мəліметтер төмендегі мекенжай бойынша
қолжетімді: www.kaercher.de/REACH
Керек-жарақ жəне қосалқы
Тек түпнұсқалы керек-жарақ немесе қосалқы
бөлшектерді пайдаланыңыз, себебі ол құралдың
қауіпсіз жəне апатсыз жұмыс істеуіне кепілдік
болады.
Керек-жарақтар мен қосалқы бөлшектер туралы
ақпарат www.kaercher.com веб-сайтында қолжетімді.
Жеткізілім жинағы
Бұйымды орауыштан шығарғанда жинақтың
толықтығын тексеріп шығыңыз. Жабдықтар
нұсқасын жеткізу көлемі орамда көрсетіледі. Керек-
жарақтар жетіспеген немесе тасымалдау кезінде
зақымдар тиген жағдайда, дилеріңізге
хабарласыңыз.
Қауіпсіздік техникасы
бойынша нұсқаулар
АБАЙЛАҢЫЗ
● Тазалау бастиегінің
жанында басқа адамдар
болса, құрылғыны
пайдаланбаңыз.
● Тазалауды аяқтағаннан
кейін жəне T-Racer-да жұмыс
істемей тұрып, жоғары
қысым тазалағышын өшіріп,
T-Racer-ді жоғары қысымды
пистолеттен
ажыратыңыз.
● T-Racer құралы тазалау
жазықтығында орналасқан
кезде, алдымен жоғары
қысымды бүріккіштегі
жоғары қысымды ағынды
босатыңыз.
● Кері əсер ету қаупі бар.
Берік тіректі қамтамасыз
етіңіз жəне жоғары
қысымды пистолет пен
ұзартқыш түтікті мықтап
ұстап тұрыңыз.
Қазақша
бөлшектер
81

Publicité

loading

Ce manuel est également adapté pour:

T 7 t-racer surface cleaner