Тағайындалу Бойынша Қолдану - Bosch GDC 125 Professional Notice Originale

Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 19
OBJ_BUCH-1810-003.book Page 134 Tuesday, June 4, 2013 1:05 PM
134 | Қaзақша
 Кесу шеңбері сыналанса немесе жұмыс үзілісінде
электр құралды өшіріңіз және шеңбер тоқтағанша
қозғалтпай ұстаңыз. Әлі айналып жатқан шеңберді
кесілген жерден шығаруға ешқашан тырыспаңыз,
бұл кері соққыға әкелуі мүмкін. Сыналану себебін
анықтаңыз және жойыыңыз.
 Абразивті құрал әлі дайындамада кезде электр
құралды қайтадан қоспаңыз. Кесуді жалғастырмай
тұрып кесу шеңберіне толық айналымдарға жетуге
мүмкіндік беріңіз. Әйтпесе шеңбер тұрып қалуы,
дайындамадан ыршуы және кері соққыға әкелуі
мүмкін.
 Кесу шеңбері сыналанған жағдайда кері соққы
мүмкіндігін азайту үшін тақталарды және үлкен
дайындамаларды тіреңіз. Үлкен дайындамалар өз
салмағынан майысуы мүмкін. Дайындаманы кесіп
жатқан жердің екі жағында да, жиектерде де тіреу
керек.
 Қабырғаларда және көрінбейтін аумақтарда кесуді
орындау кезінде әсіресе сақ болыңыз. Ендірілетін
кесу шеңбері кесу кезінде су құбырына, электр
сымдарына және басқа нысандарға тиюі, бұл кері
соққыға әкелуі мүмкін.
Қосымша қауіпсіздік нұсқаулықтары
Қорғаныш көзілдірікті киіңіз.
 Дайындаманы қысқышпен немесе басқа жолмен
тұрақты тіреуіште бекітіңіз. Егер дайындаманы тек
қолмен немесе денеге басып ұстасаңыз ол тұрақты
болмай бақылау жоғалтуына алып келуі мүмкін.
 Құлақты қорғау құралдарын, қорғаныш
көзілдірікті, шаңтұтқыш пен қолғаптарды киіңіз.
Шаңтұтқыш ретінде FFP 2 сыныпындағы кемінде
бір бөлшекті сүзгілейтін жартылық шаңтұтқышты
пайдаланыңыз.
 Қажетті темір іздеу құралдарын пайдаланып,
жасырылған су, газ, электр сымдарын табыңыз
немесе жергілікті қызмет көрсету ұйымдарын
шақырыңыз. Электр сымдарына тию өрт немесе тоқ
соғуына алып келуі мүмкін. Газ құбырын зақымдау
жарылысқа алып келуі мүмкін. Су құбырына тию
материалдық зиян немесе тоқ соғуына алып келуі
мүмкін.
 Электр құралды пайдалануда оны екі қолмен берік
ұстап, тұрақты қалыпта тұрыңыз. Электр құралы екі
қолмен сенімді басқарылады.
 Дайындаманы бекітіңіз. Қысу құралына немесе
қысқышқа орнатылған дайындама қолыңызбен
салыстырғанда, берік ұсталады.
 Электр құралды зақымдалған кабельмен
пайдаланбаңыз. Кабель жұмыс істеу кезінде
зақымдалған болса желі айырын шығарыңыз.
Зақымдалған кабель электр тоғының соғу қаупін
арттырады.
1 609 92A 0CV | (4.6.13)
Өнім және қызмет сипаттамасы
Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын
және ескертпелерді оқыңыз.
Техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарын
және ескертпелерді сақтамау тоқтың
соғуына, өрт және/немесе ауыр
жарақаттануларға алып келуі мүмкін.
Тағайындалу бойынша қолдану
Электр құралы тірек тақтасына бекем тіреліп және
қорғаныш қаптамасын пайдаланып мәрмәр сияқты
минералды заттектерді су пайдаланбай көлденең
ажыратуға немесе оюға арналған. Электр құралы ағаш,
пластмасса немесе металды кесуге арналған.
Бейнеленген құрамды бөлшектер
Көрсетілген құрамдастар нөмірленген суреттері бар
беттегі электр құралының сипаттамасына сай.
1 Қосқыш/өшіргіш құлыптау пернесі
2 Қосқыш/өшіргіш
3 Аралау бұрышының шкаласы
4 Кесік тереңдігін таңдайтын құлақты бұранда
5 Шланг келте құбыры
6 Қорғаныш қаптамасы
7 Кесу белгіленуі 0°
8 Тірек платформасы
9 Қисайту бұрышын реттейтін құлақты бұранда
10 Қисайту бұрышы шкаласы
11 Параллельді тірекке арналған құлақты бұранда
12 Желдеткіш саңылауы
13 Шпиндельді бұғаттау
14 Автоматты сақтандырғыш ажыратқышы
15 Автоматты сақтандырғыш ажыратқышы индикаторы
16 Тұтқа (беті оқшауландырылған)
17 Қозғалтқыш шпинделі
18 Тірек фланеці
19 Алмас кесу шеңбері*
20 Қысқыш фланец
21 Қысқыш бұранда
22 Алты қырлы кілт
23 Біріктіру шлангісі
24 Біріктіру шлангісінің шлангтық қоспасы
25 Суды жабатын шүмек
26 Бағыттайтын планка**
27 Қысқыш бұранда жинағы*
*Бейнеленген немесе сипатталған жабдықтар стандартты
жеткізу көлемімен қамтылмайды. Толық жабдықтарды біздің
жабдықтар бағдарламамыздан табасыз.
**стандартты (жабдықтаумен қамтылмайды)
Bosch Power Tools

Publicité

Table des Matières
loading

Table des Matières