Пайдалану Нұсқаулары - Bosch GCL 2-50 Professional Notice Originale

Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 23
– Өлшеу құралын бұрама ұстағышқа (15) орнатып,
еденге қойыңыз. Нүктелі жұмыс режимін таңдап,
өлшеу құралын нивелирлеңіз.
– Жоғарғы лазерлік нүктенің ортасын төбеде (Ⅰ нүкте)
белгілеңіз. Оған қоса астыңғы лазерлік нүктенің
ортасын еденде (Ⅱ нүкте) белгілеңіз.
d
– Өлшеу құралын 180°-қа бұраңыз. Оны төменгі
лазерлік нүктенің ортасы белгіленген Ⅱ
нүктеде болатындай етіп орналастырыңыз. Өлшеу
құралын нивелирлеңіз. Жоғарғы лазерлік нүктенің
ортасын (Ⅲ нүкте) белгілеңіз.
– Төбеде белгіленген Ⅰ және Ⅲ нүктелердің d
айырмашылығы өлшеу құралының дәл биіктіктен
ауытқуын көрсетеді.
Максималды рұқсат етілетін ауытқу төмендегідей
есептеледі:
еден мен төбе арасындағы қос қашықтық × 0,7 мм/м.
Мысал: еден мен төбе арасындағы қашықтық 5 м
болғанда макс. ауытқу келесідей болады:
2 × 5 м × ±0,7 мм/м = ±7 мм. Сондықтан Ⅰ мен Ⅲ
нүктелердің аралығы ең көбі 7 мм болуы керек.
Пайдалану нұсқаулары
Белгілеу үшін әрдайым тек лазерлік нүктенің
u
немесе лазерлік сызықтың ортасын
пайдаланыңыз. Лазерлік нүктенің өлшемі немесе
лазерлік сызықтың ені қашықтықпен өзгереді.
Лазер нысандық тақтасын пайдалану
(L суретін қараңыз)
Лазер нысандық тақтасы (21) қолайсыз жағдайда және
ұзақ қашықтықтарда лазер сызығының көрінісін
жақсартады.
Bosch Power Tools
Лазер нысандық тақтасының қайтаратын жазықтығы (21)
лазер сызығының көрінуін жақсартып, мөлдір жазықтығы
арқылы лазер сызығы лазер нысандық тақтасының
артынан да көрінеді.
Штативпен жұмыс істеу (керек-жарақ)
Штатив тұрақты және биіктігі реттелетін өлшеу табаны
болады. Өлшеу құралын 1/4" штатив патронымен (11)
штативіне немесе (24) стандартты фотоштативіне
5 m
орнатыңыз. Стандартты құрылыс штативінде бекіту үшін
5/8"-штатив патронын (12) пайдаланыңыз. Өлшеу
құралын штативтегі құлыптау бұрандасымен бекітіңіз.
Өлшеу құралын қосудан алдын штативті бағыттаңыз.
Әмбебап ұстағышпен бекітіңіз (керек-жарақ)
(L суретін қараңыз)
Әмбебап ұстағыш (20) көмегімен өлшеу құралын,
мысалы, тік аймақтарда, құбырларда немесе
магниттелетін материалдарда бекіту мүмкін. Әмбебап
ұстағышты және едендік штатив ретінде де пайдалану
мүмкін болып өлшеу құралының биіктік бойынша
бағытталуын оңтайландырады.
Өлшеу құралын қосудан алдын әмбебап ұстағышты (20)
дөрекі бағыттаңыз.
Лазер қабылдағышымен жұмыс істеу (керек-жарақ)
Қолайсыз жарықтық жағдайында (жарық қоршау, тікелей
180°
күн сәулелері) және ұзақ қашықтықтарда лазер
сәулесінің дұрыс табылуы үшін (23) лазер
қабылдауышын пайдаланыңыз. Лазер қабылдағышымен
жұмыс істегенде қабылдау режимін қосыңыз (қараңыз
„Қабылдағыш режим", Бет 160).
Лазер көру көзілдірігі (керек-жарақ)
Лазер көру көзілдірігі қоршау жарықтығын сүзгілейді.
Осылай лазер жарығы көз үшін жарқынрақ болады.
u
u
Жұмыс мысалдары (G−M суреттерін қараңыз)
Өлшеу құралын пайдалану мүмкіндіктерінің мысалдары
суреттер беттерінде берілген.
Өлшеу құралын әрдайым тексерілетін аймақ немесе
шетке жақын қойып әр өлшеуден алдын нивелирлеңіз.
Лазерлік сызық пен аймақ немесе шетінің аралықтарын
әрдайым екі бірі бірінен ең ұзақ орналасқан нүктелерде
өлшеңіз.
Лазер көру көзілдірігін (керек-жарақ) қорғаныш
көзілдірігі ретінде пайдаланбаңыз. Лазер көру
көзілдірігі лазер сәулесін жақсырақ көру үшін
қолданылады, алайда лазер сәулесінен қорғамайды.
Лазер көру көзілдірігін (керек-жарақ) күннен
қорғайтын көзілдірік ретінде немесе жол
қозғалысында пайдаланбаңыз. Лазер көру
көзілдірігі ультракүлгін сәулелерден толық
қорғанысты қамтамасыз етпейді және түсті сезу
қабілетін азайтады.
1 609 92A 4HH | (16.11.2020)
Қазақ | 163

Publicité

Table des Matières
loading

Table des Matières