Bosch GPB Professional GPB 18V-5 C Notice Originale page 153

Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 22
– Жадқа сақталған таратқышты ойнату үшін
бағдарламаны сақтау түймелерінің (17) бірін қысқаша
басыңыз. Сақтау орнының индикаторында (c) сақтау
орнының нөмірі пайда болады.
Қадаулы антеннаны туралау
Радио қабылдағыш орнатылған қадаулы антеннамен (30)
бірге жеткізіледі. UKW арқылы радио жұмыс режимінде
қадаулы антеннаны ең жақсы қабылдау бағынына
бұраңыз.
Жеткілікті сигнал қабылдау мүмкін болмаса, радио
қабылдағышты жақсырақ қабылдау мүмкіндігіне ие жерге
қойыңыз.
Нұсқау: радио қабылдағышты радио жабдықтардың,
радио құрылғылардың немесе басқа электрондық
құрылғылардың ортасында пайдаланған кезде, радио
сигналының қабылдануына кедергі жасалуы мүмкін.
AUX арқылы сыртқы аудио көздерін жалғау
Құлыптау иінтірегін (8) ашып, тасығыш бөлімінің
қақпағын (7) ашыңыз. AUX кабелінің (9) 3,5 мм
ашасын AUX IN ұяшығына (10) енгізіңіз. AUX кабелін
тиісті аудио көзіне жалғаңыз.
AUX аудио көзін ойнату үшін бастапқы көз түймесін (18),
аудио көзінің индикаторында (h) AUX пайда болғанша,
басыңыз.
Ластанудан қорғау үшін тасығыш бөлімінің қақпағын (7)
қайтадан жауып, AUX кабелінің ашасын шығарғанда, оны
құлыптаңыз.
Өлшемі сәйкес келсе, AUX арқылы жалғанған аудио көзін
сақтау бөліміне (6) де орналастыруға болады.
Егер AUX режимінде бағдарламаны сақтау түймелерінің
(17) бірі басылса, радио қабылдағыш соңғы рет
пайдаланылған радио жұмыс режимінде сақталған
таратқышқа ауысады.
Сыртқы аудио көздерін Bluetooth® арқылы ойнату/
басқару
Аудио көзін (мысалы, смартфон) Bluetooth® арқылы
ойнату үшін бастапқы көз түймесін (18), Bluetooth®
индикаторы (g) дисплейде көрсетілгенше, басыңыз
немесе ағымдағы аудио көзіне қарамастан Bluetooth®
түймесін (21) қысқаша басыңыз.
Егер радио қабылдағыш әлдеқашан сыртқы аудио көзіне
Bluetooth® арқылы қосылған және бұл аудио көзі
қолжетімді болса, бұл аудио көзімен байланыс автоматты
түрде орнатылады. Байланыс орнатылғаннан кейін,
Bluetooth® индикаторы (g) үздіксіз жанып тұрады.
GPB 18V‑5 SC: Bluetooth® арқылы қосылған құрылғының
атауы көп функциялы индикатордың (k) жоғарғы
жолағында көрсетіледі. Астыңғы жолақта қосылған
құрылғыдан таратылатын мәтін көрсетіледі.
Егер 2 минут ішінде ешқандай байланыс орнатылмаса,
байланыс орнату әрекеті тоқтатылып,
Bluetooth® индикаторы (g) үздіксіз жыпылықтайды.
GPB 18V‑5 SC: көп функциялы (k) индикаторында <Not
connected> хабары көрсетіледі.
Орнатылған байланыссыз келесі 17 минуттан кейін радио
қабылдағыш автоматты түрде өшіп қалады.
Bosch Power Tools
Bluetooth® арқылы жаңа байланыс орнату:
– Жаңа сыртқы аудио көзімен байланыс орнату үшін
Bluetooth® түймесін (21) 0,5 секундтан ұзақ басыңыз.
Бұл әрекетті іздеу процесінің барысында, байланыс
бар болғанда немесе басқа аудио көзімен жұмыс
істегенде орындауға болады.
– Радио қабылдағыш іздеу процесін бастайды. Іздеу
процесінің барысында Bluetooth® индикаторы (g)
жыпылықтайды.
– Сыртқы аудио көзі арқылы байланысты іске қосыңыз.
Бұл әрекетті смартфондарда көбінесе Bluetooth®
мәзіріндегі реттеулердің ішінде орындауға болады.
Радио қабылдағыш қолжетімді бастапқы көз ретінде
GPB 18V-5 C xxxx немесе GPB 18V-5 SC xxxx
атауларының астында көрсетіледі. Бұл ретте аудио
көзінің/смартфонның пайдалану бойынша
нұсқаулығын қараңыз.
– Bluetooth® арқылы байланыс орнатылғаннан кейін,
Bluetooth® индикаторы (g) үздіксіз жанып тұрады.
Bluetooth® арқылы қосылған аудио көзін радио
қабылдағыш арқылы да басқаруға болады:
– Жолақты таңдау және іске қосу үшін алға іздеу
түймесін (19) немесе артқа іздеу түймесін (13),
қалаулы жолаққа қол жеткізгенше, қысқаша басыңыз.
Таңдалған жолақтың ойнатылуы автоматты түрде іске
қосылады.
– Ойнатуды тоқтату үшін дыбысты өшіру түймесін (12)
басыңыз. Дисплейде дыбысты өшіру индикаторы (f)
пайда болады.
– Ойнатуды жалғастыру үшін дыбысты өшіру
түймесін (12) қайтадан басыңыз, дыбыс деңгейін
өзгертіңіз немесе алға іздеу түймесін (19) немесе
артқа іздеу түймесін (13) басыңыз.
– Бір жолақтың ішінде алға немесе кері айналдыру
үшін алға іздеу түймесін (19) немесе артқа іздеу
түймесін (13), жолақтағы қажетті жерге жеткенше,
басып тұрыңыз.
Егер Bluetooth® арқылы жұмыс режимінде бағдарламаны
сақтау түймелерінің (17) бірі басылса, радио
қабылдағыш соңғы рет пайдаланылған радио жұмыс
режимінде сақталған таратқышқа ауысады.
Уақыт индикаторын реттеу (GPB 18V‑5 C)
Уақыт индикаторының мәзіріне кіру үшін Clock
түймесін (14) қысқаша басыңыз.
12 сағаттық <12H> және 24 сағаттық <24H> уақыт
пішімдерінің арасында таңдауға және сағаттар мен
минуттарды реттеуге болады.
Мәзірді шарлау:
– Мәзір реттеулерін өзгерту: Clock түймесін (14)
бұраңыз.
– Мәзір реттеулерін сақтау: Clock түймесін басыңыз.
– Минут реттеулерін жадқа сақтағаннан кейін немесе
Clock түймесін соңғы рет қолданғаннан кейін 10
секунд ішінде радио қабылдағыш аудио режиміне
қайта ауысады.
Қазақ | 153
1 609 92A 6UJ | (01.06.2021)

Publicité

Table des Matières
loading

Ce manuel est également adapté pour:

Gpb 18v-5 sc3 601 da4 03 601 da4 1Professional gpb 18v-5 cProfessional 18v-5 scGpb ... Afficher tout

Table des Matières