Bosch GRO 12V-35 Professional Notice Originale page 151

Masquer les pouces Voir aussi pour GRO 12V-35 Professional:
Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 21
OBJ_BUCH-2916-001.book Page 151 Tuesday, July 12, 2016 1:56 PM
сайман жинағы ойықтан шығып кетіп, электр
құралының бақылауын жоғалтуына алып келуі мүмкін.
Тегістеу және кесу туралы арнайы нұсқаулар
 Тек осы электр құралына арналған тегістеу
саймандары мен тек ұсынылған жұмыстар үшін
пайдаланыңыз. Мысал: Кесу шеңберінің жанымен
ешқашан тегістемеңіз. Кесу шеңберлері материалды
жиекпен алуға арналған. Бүйірлік күштер әсер етсе осы
абразивті құрал сынуы мүмкін.
 Конус пен тік бұрандалы тегістеу біліктері үшін тек
дұрыс өлшем және ұзындықтық, дөңесінде ойығы
жоқ зақымдалмаған тиектерді пайдаланыңыз.
Сәйкес тиектер сыну қауіпін кішірейтеді.
 Кесу шеңберінің бұғатталуын немесе артық басу
қысымын болдырмаңыз. Тым терең кесулерді
орындамаңыз. Кесу шеңберіне артық жүктеме түсіру
оның еңкеюіне және бұғатталуына әкеледі және
осылайша кері соққының немесе абразивті құралдың
сынуы мүмкіндігін арттырады.
 Қолыңызбен айналатын шеңбердің алдындағы
және артындағы аймаққа жақындамаңыз. Кесу
шеңберін дайындамада қолыңыздан ары жүргізсеңіз,
онда кері соққы жағдайында айналып жатқан шеңбер
бар электр құрал сізге ыршуы мүмкін.
 Кесу шеңбері ілінсе немесе бұғатталса электр
құралды өшіріңіз және шеңбер тоқтағанша
қозғалтпай ұстаңыз. Әлі айналып жатқан шеңберді
кесілген жерден шығаруға ешқашан тырыспаңыз,
бұл кері соққыға әкелуі мүмкін. Іліну немесе
бұғаттану себебін анықтаңыз және жойыңыз.
 Абразивті құрал әлі дайындамада кезде электр
құралды қайтадан қоспаңыз. Кесуді жалғастырмай
тұрып кесу шеңберіне толық айналымдарға жетуге
мүмкіндік беріңіз. Әйтпесе шеңбер тұрып қалуы,
дайындамадан ыршуы және кері соққыға әкелуі
мүмкін.
 Кесу шеңбері сыналанған жағдайда кері соққы
мүмкіндігін азайту үшін тақталарды және үлкен
дайындамаларды тіреңіз. Үлкен дайындамалар өз
салмағынан майысуы мүмкін. Дайындаманы кесіп
жатқан жердің екі жағында да, жиектерде де тіреу
керек.
 Қабырғаларда және көрінбейтін аумақтарда кесуді
орындау кезінде әсіресе сақ болыңыз. Ендірілетін
кесу шеңбері кесу кезінде су құбырына, электр
сымдарына және басқа нысандарға тиюі, бұл кері
соққыға әкелуі мүмкін.
Сымды қылшақты (щетканы) пайдаланудағы арнайы
қауіпсіздік нұсқаулықтары
 Сымды қылшақтың әдеттегі пайдалануда да сым
жоғалтуын есте сақтаңыз. Сымдарды қатты басып
артық жүктемеңіз. Шашылып тұрған сымдар киім
және/немесе теріге қадалуы мүмкін.
 Қылшақтарды пайдаланудан алдын кемінде бір
минут жұмыс жылдамдығында істетіңіз. Осы
уақытта ешкімнің қылшақпен бір сызықта
Bosch Power Tools
тұрмауына көз жеткізіңіз. Іске қосылуда бос сымдар
ыршып, ұшуы мүмкін.
 Айналатын сымдық қылшақты өзіңізден ары
бағыттаңыз. Осы қылшақтар жұмыс істегенде кіші
бөлшектер мен шағын сымдар жоғары жылдамдықпен
ыршып, теріге кіріп кетуі мүмкін.
Қосымша қауіпсіздік нұсқаулықтары
Қорғаныш көзілдірікті киіңіз.
 Қажетті іздеу құралдарын пайдаланып жасырынған
қорек сымдарын табыңыз немесе жергілікті қорек
үйымдарын шақырыңыз. Электр сымдарына тию өрт
немесе тоқ соғуына алып келуі мүмкін. Газ құбырын
зақымдау жарылысқа алып келуі мүмкін. Су құбырын
зақымдау материалдық зиянға алып келуі мүмкін.
 Дайындаманы бекітіңіз. Қысу құралына немесе
қысқышқа орнатылған дайындама қолыңызбен
салыстырғанда, берік ұсталады.
 Электр құралы тұрақты пайдалануға арналмаған.
Оны, мысалы, қысқыш немесе верстакке бекіту мүмкін
емес.
 Аккумуляторды ашпаңыз. Қысқа тұйықталу қаупі
бар.
Мысалы, аккумуляторды жылудан, сондай-ақ,
үздіксіз күн жарығынан, оттан, судан және
ылғалдан қорғаңыз. Жарылу қаупі бар.
 Аккумулятордан зақымданған немесе дұрыс
пайдаланбаған жағдайда бу шығуы мүмкін. Бұл
жағдайда ішке таза ауа кіргізіңіз және шағымдар
болса, медициналық көмек алыңыз. Булар тыныс
алу жолдарын тітіркендіруі мүмкін.
 Аккумуляторды тек Bosch электр құралымен
пайдаланыңыз. Сол арқылы аккумуляторды қауіпті
артық жүктеуден сақтайсыз.
 Шеге немесе бұрауыш сияқты ұшты заттар немесе
сыртқы әсер арқылы аккумулулятор зақымдануы
мүмкін. Бұл қысқа тұйықталуға алып келіп,
аккумулятор жануы, түтін шығаруы, жарылуы немесе
қызып кетуі мүмкін.
Өнім және қызмет сипаттамасы
Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын
және ескертпелерді оқыңыз.
Техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарын
және ескертпелерді сақтамау тоқтың
соғуына, өрт және/немесе ауыр
жарақаттануларға апаруы мүмкін.
Электр құралының суреті бар бетті ашып пайдалану
нұсқаулығын оқу кезінде оны ашық ұстаңыз.
Қaзақша | 151
1 609 92A 3B4 | (12.7.16)

Publicité

Table des Matières
loading

Table des Matières