Техникалық Күтім Және Қызмет; Қызмет Көрсету Және Тазалау; Тұтынушыға Қызмет Көрсету Және Пайдалану Кеңестері - Bosch GLL 2-20 Professional Notice Originale

Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 13
Штативпен жұмыс істеу (керек-жарақ)
Штатив тұрақты және биіктігі реттелетін өлшеу табаны
болады. Өлшеу құралын 1/4" штатив патронымен (3)
штативтің (23) немесе стандартты фотоштативтің
бұрандасына орнатыңыз. Өлшеу құралын штативтегі
құлыптау бұрандасымен бекітіңіз.
Өлшеу құралын қосудан алдын штативті бағыттаңыз.
Әмбебап ұстағышпен (керек-жарақ) бекіту (H–O
суреттерін қараңыз)
Әмбебап ұстағыш (13) көмегімен өлшеу құралын,
мысалы, тік аймақтарда, құбырларда немесе
магниттелетін материалдарда бекіту мүмкін. Әмбебап
ұстағышты және едендік штатив ретінде де пайдалану
мүмкін болып өлшеу құралының биіктік бойынша
бағытталуын оңтайландырады.
Өлшеу құралын әмбебап ұстағышқа (13) бекіту үшін
ұстағыштың 1/4 дюймдік бұрандасын (15) электр
құралындағы штатив бекіткішіне (3) бұрап бекітіңіз.
Өлшеу құралын ұстағышта бұрау немесе жылжыту үшін
1/4 дюймдік бұранданы (15) азғантай босатыңыз.
Төбелік қысқышпен (14) бірге пайдаланған кезде өлшеу
құралын дәлдеп реттеу үшін айналмалы реттегішпен (17)
жоғары және төмен қарай жылжытуға болады.
Өлшеу құралын қосудан алдын әмбебап ұстағышты (13)
дөрекі бағыттаңыз.
Әмбебап ұстағыштың (13) көмегімен өлшеу құралын
төмендегідей бекітуге болады:
– Әмбебап ұстағышты (13) (төбелік қысқышсыз (14))
магниттердің көмегімен (19) магниттендірілген
беттерге бекітуге болады (L суреті).
– Әмбебап ұстағышты (13) (төбелік қысқышсыз (14))
үстелдік штатив ретінде қолданыңыз. Ол үшін
ұстағышты жерге қойып, ұстағыштың тұрақтандыру
аяқтарын (20) жайыңыз (M суреті).
– Әмбебап ұстағышты (13) (төбелік қысқышсыз (14))
гипскартонға немесе ағашқа бұрап бекітуге болады.
Ол үшін кемінде 50 мм ұзындықты бекіткіш бұранданы
(стандартты) ұстағыштың бұрандалы саңылауына (18)
енгізіп, оны бұрап бекітіңіз (N суреті).
– Әмбебап ұстағышты (13) бекіткіштің (16) көмегімен
төбе рамасындағы немесе қабырға планкасындағы
төбелік қысқышқа (14) бекітуге де болады (O суреті).
Лазер көру көзілдірігі (керек-жарақ)
Лазер көру көзілдірігі қоршау жарықтығын сүзгілейді.
Осылай лазер жарығы көз үшін жарқынрақ болады.
Лазер көру көзілдірігін (керек-жарақ) қорғаныш
u
көзілдірігі ретінде пайдаланбаңыз. Лазер көру
көзілдірігі лазер сәулесін жақсырақ көру үшін
қолданылады, алайда лазер сәулесінен қорғамайды.
Лазер көру көзілдірігін (керек-жарақ) күннен
u
қорғайтын көзілдірік ретінде немесе жол
қозғалысында пайдаланбаңыз. Лазер көру
көзілдірігі ультракүлгін сәулелерден толық
қорғанысты қамтамасыз етпейді және түсті сезу
қабілетін азайтады.
Bosch Power Tools
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
Өлшеу құралын таза ұстаңыз.
Өлшеу құралын суға немесе басқа сұйықтықтарға
батырмаңыз.
Ластануларды суланған, жұмсақ шүберекпен сүртіңіз.
Жуғыш заттарды немесе еріткіштерді пайдаланбаңыз.
Лазер шығыс тесігіндегі аймақтарды сапалы тазалайтын
қылшықтарға назар аударыңыз.
Өлшеу құралын тек шабаданда (24) сақтап
тасымалдаңыз.
Жөндеу қажет болса, өлшеу құралын шабаданда (24)
жіберіңіз.
Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану
кеңестері
Қызмет көрсету орталығы өнімді жөндеу және оған
техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ қосалқы
бөлшектер туралы сұрақтарға жауап береді. Құрамдас
бөлшектер бойынша кескін мен қосалқы бөлшектер
туралы мәліметтер төмендегі мекенжай бойынша
қолжетімді: www.bosch-pt.com
Bosch қызметтік кеңес беру тобы біздің өнімдер және
олардың керек-жарақтары туралы сұрақтарыңызға жауап
береді.
Сұрақтар қою және қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру
кезінде міндетті түрде өнімнің фирмалық
тақтайшасындағы 10 таңбалы өнім нөмірін беріңіз.
Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен
электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету
барлық мемлекеттер аумағында тек "Роберт Бош"
фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету
орталықтарында орындалады. ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен
әкелінген өнімдерді пайдалану қауіпті, денсаулығыңызға
зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді заңсыз жасау және
тарату әкімшілік және қылмыстық тәртіп бойынша
Заңмен қудаланады.
Қазақстан
Тұтынушыларға кеңес беру және шағымдарды қабылдау
орталығы:
"Роберт Бош" (Robert Bosch) ЖШС
Алматы қ.,
Қазақстан Республикасы
050012
Муратбаев к., 180 үй
"Гермес" БО, 7 қабат
Тел.: +7 (727) 331 31 00
Факс: +7 (727) 233 07 87
E-Mail: ptka@bosch.com
Сервистік қызмет көрсету орталықтары мен қабылдау
пунктерінің мекен-жайы туралы толық және өзекті
ақпаратты Сіз: www.bosch-professional.kz ресми сайттан
ала аласыз
Қазақ | 51
1 609 92A 4HK | (08.10.2020)

Publicité

Table des Matières
loading

Table des Matières