Пайдалану Түрлері; Нивелирлеу Автоматикасы - Bosch GLL 5-50 X Professional Notice Originale

Masquer les pouces Voir aussi pour GLL 5-50 X Professional:
Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 12
Өлшеу құралын тасымалдаудан алдын оны
u
қосыңыз. Өшуде тербелу бөлігі бұғатталады, әйтпесе
ол қатты әрекеттерде зақымдалуы мүмкін.
Қосу/өшіру
Өлшеу құралын қосу үшін ажыратқышты (7) "  On"
күйіне (маятникті бұғаттау тетігімен жұмыс істеу үшін)
немесе "
 On" күйіне (нивелирлеу автоматикасымен
жұмыс істеу үшін) жылжытыңыз. Күй индикаторы (16)
жанады. Өлшеу құралы қосылғаннан кейін бірден
алдыңғы шығыс саңылаудан (1) көлденең лазер сызығын
шығарады.
Лазер сәулесін адамдарға немесе жануарларға
u
бағыттамаңыз және тіпті алыстан болсын жарық
сәулесіне өзіңіз қарамаңыз.
Өлшеу құралын өшіру үшін ажыратқышты (7) "Off"
күйіне жылжытыңыз. Күй индикаторы (16) сөнеді. Өшіру
кезінде тербелу блогы бұғатталады.
Қосулы зарядтау құралын бақылаусыз
u
қалдырмаңыз және өлшеу құралын пайдаланудан
соң өшіріңіз. Лазер сәулесімен адамдардың көзін
шағылыстыру мүмкін.
45 °C шамасындағы рұқсат етілген макс. жұмыс
температурасынан асырған жағдайда лазер диоды
қорғаныс үшін өшеді. Суығаннан соң өлшеу құралы қайта
қосылуы мүмкін.
Өшіру автоматикасын ажырату
Өлшеу құралы 30 минут жұмыс істегеннен кейін
автоматты түрде өшеді.
Өшіру автоматикасын ажырату үшін өлшеу құралын
қосқан кезде тік жұмыс режимі түймесін (18) немесе
көлденең жұмыс режимі түймесін (19) 3 секунд басып
тұрыңыз. Өшіру автоматикасы ажыратылған болса, лазер
сәулелері 3 секудтан кейін қысқа уақытта
жыпылықтайды.
Автоматты түрде өшіру функциясын іске қосу үшін өлшеу
құралын өшіріп қайта қосыңыз (түймені баспай).
Пайдалану түрлері
Өлшеу құралында бірнеше жұмыс режимі бар, оларды
әркез ауыстыруға болады. Көлденең және тік жұмыс
режимдерін бір-бірінен бөлек қосып өшіруге болады.
Өлшеу құралы қосылғаннан кейін көлденең жұмыс
режимінде болады.
Жұмыс режимдерінің барлығын нивелирлеу
автоматикасымен де, маятникті бұғаттау тетігімен де
таңдауға болады.
Көлденең жұмыс режимі (B суретін қараңыз)
Көлденең жұмыс режимінде өлшеу құралы көлденең
лазер сызығын алға қарай шығарады.
Көлденең лазер сызығын өшіру немесе қосу үшін
көлденең жұмыс режимі түймесін (19) басыңыз.
Bosch Power Tools
Тік жұмыс режимі және перпендикуляр табаны
(C−E суреттерін қараңыз)
Өлшеу құралында бірнеше тік жұмыс режимі бар:
– Алға қаратылған тік лазер сызығы,
– Алға және оң жаққа қаратылған тік лазер сызығы,
– Алға және артқа қаратылған тік лазер сызығы,
– Барлық төрт жаққа қаратылған тік лазер сызықтары.
Оған қоса тік жұмыс режимінде әрдайым перпендикуляр
табаны төмен қарай проекцияланады.
Тік жұмыс режимін қосу немесе өшіру үшін және тік
жұмыс режимін ауыстыру үшін тік жұмыс режимі
түймесін (18) қалаулы жұмыс режиміне қол жеткізгенше
басыңыз.
Қабылдағыш режим
Лазер қабылдағышымен (22) жұмыс істеу үшін
пайдалану түріне байланыссыз қабылдағыш режимді
белсендіруге болады.
Қабылдағыш режимде лазер сызықтары жоғары жиілікте
жыпылықтап, лазер қабылдағышы үшін (22) көрінетін
болады.
Қабылдағыш режимін қосу үшін қабылдағыш режимінің
түймесін (17) басыңыз. Қабылдағыш режимінің
индикаторы (15) қызыл түспен жанады.
Адам көзі үшін қабылдағыш режим қосулы болғанда
лазер сызықтарының көрінісі төмендетіледі. Лазер
қабылдағышысыз жұмыс істегенде қабылдағыш режимді
(17) түймешесін қайта басып өшіріңіз. Қабылдағыш
режимінің (15) көрсеткіші өшеді.
Нивелирлеу автоматикасы
Нивелирлеу автоматикасымен жұмыс істеу
Өлшеу құралын көлденең берік бетке қойыңыз немесе
айналма платформаға (12) бекітіңіз.
Нивелирлеу автоматикасымен жұмыс істеу үшін қосқыш/
өшіргішті (7) "
On" күйіне жылжытыңыз.
Нивелирлеу автоматикасы ±3° шамасындағы өздігінен
нивелирлеу аймағында тегіс емес жерлерді автоматты
түрде тегістейді. Лазер сызықтары одан ары қозғалмаса,
нивелирлеу аяқталады.
Автоматты түрде нивелирлеу мумкін болмаса, мысалы,
өлшеу құралы тұрған бет көлденең сызықтан 3°
шамасынан артық ауытқыған болса, лазер сәулелері
жылдам жыпылықтайды.
Бұл жағдайда өлшеу құралын көлденеңінен қойып,
өздігінен нивелирлеу аяқталғанша күтіңіз. Өлшеу құралы
±3° өздігінен нивелирлеу аймағында тұрса, лазер
сәулелері үздіксіз жанады.
Пайдалану кезінде қағылыстар болса немесе күй өзгерсе
өлшеу құралы автоматты ретте өзін нивелирлейді.
Нивелирлеуден соң өлшеу құралының жылжуы арқылы
пайда болуы мүмкін қателердің алдын алу үшін лазерлік
сызықтардың күйін негізгі нүктелерге салыстырып
тексеріңіз.
Қазақ | 57
1 609 92A 4HR | (11.02.2021)

Publicité

Table des Matières
loading

Table des Matières