Télécharger Imprimer la page

Sony BC-U2A Manuel D'installation page 93

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 23
Қазақстан
Құрылғыны пайдаланудың алдында осы нұсқаулықты
мұқият оқып шығып, болашақта пайдалану мақсатында
сақтап қойыңыз.
ЕСКЕРТУ
Өрт шығу немесе ток соғу қаупін азайту үшін
бұл құрылғыны жаңбырдың астында немесе
ылғалды жерде қалдырмаңыз.
Ток соғуды болдырмау үшін құрылғының
корпусын ашпаңыз. Жөндеу жұмыстарын
білікті мамандар ғана орындауы тиіс.
ЕСКЕРТУ
Құрылғының қуат қосқышы жоқ.
Құрылғыны орнатқан кезде, бекітілген электр схемасына оңай
қол жеткізуге болатын ажыратқышты қосыңыз немесе
штепсельді құрылғының жанындағы оңай қол жеткізуге болатын
желілік розеткаға қосыңыз. Құрылғыны пайдалану кезінде ақау
пайда болса, қуат көзін ажырату үшін ажыратқышты
пайдаланыңыз немесе штепсельді ажыратыңыз.
ЕСКЕРТУ
Батареяларға күн сəулесі, өрт немесе сол сияқты артық
жылу əсер етпеуі керек.
ЕСКЕРТУ
1. Мүмкін болса, мақұлданған жəне əр елдің қауіпсіздік
ережелеріне сай Қуат сымын (2-өзекті желі сымы) /
Құрылғы коннекторын / Айыр штепсельді
пайдаланыңыз.
2. Тиісті көрсеткіштерге (Кернеу, ампер) сай Қуат сымын
(2-өзекті желі сымы) / Құрылғы коннекторын / Айыр
штепсельді пайдаланыңыз.
Егер жоғарыдағы Қуат сымын / Құрылғы коннекторын /
Айыр штепсельді пайдалану туралы сұрақтарыңыз болса,
білікті маманға жүгініңіз.
ЕСКЕРТУ
Құрылғыны сұйықтық тамшылайтын немесе шашырайтын
жерге қоймаңыз. Сауыт сияқты ішіне сұйықтық құйылған
ыдыстарды құрылғының үстіне қоюға болмайды.
Құрылғыны кітап шкафы немесе қабырға шкафы сияқты
жабық жерге орнатпаңыз.
MАҢЫЗДЫ
Өнім атауы мен бағасы блоктың келесі орнында орналасқан.
— Төменгі жағы
АБАЙЛАҢЫЗ
ТОК СОҒУ ҚАУПІ БАР
Негізгі тізбектегі сақтандырғыш бейтарап күйінде/бола алады.
Фазалық өткізгіштердің қуатын өшіру үшін, электр
желісінен ажыратылған болуы қажет.
Бұл жабдықты балалар болуы мүмкін орындарда
пайдалануға болмайды.
АБАЙЛАҢЫЗ
— Егер көрсетілгеннен басқа батарея зарядталса, жарылу
қаупі бар. Ұсынылған батареялардан басқа
батареяларды зарядтамаңыз.
KZ
93

Publicité

loading