Пайдалану Нұсқаулары - Bosch GCM 8 SDE Professional Notice Originale

Masquer les pouces Voir aussi pour GCM 8 SDE Professional:
Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 37
Ол үшін тәжірибе мен тиісті арнайы аспаптар қажет
болады.
Bosch сервистік орталығы бұл жұмысты жылдам әрі
сенімді түрде өткізеді.
Тік еңіс бұрышын 47° (сол жақ) және 47° (оң жақ)
аралығында реттеуге болады.
Жиі қолданылатын тік еңіс бұрыштарын жылдам әрі
дәлме-дәл реттеу үшін 0°, 45°, 22,5° және 33,9°
бұрыштарына арналған тіректер қолданылады.
Тік көлбеу кесіктер жасаған және SDS болтын (50)
u
пайдаланған кезде аралау алдында тереңдік
шектегішін (32) тиісінше реттеу арқылы SDS
болтының дайындама бетіне қысқа уақыт жанаса
алатындығына көз жеткізу керек. Бұл SDS
болтының және/немесе дайындаманың зақымдалуына
жол бермейді.
Толық тік еңіс бұрышының аймағын реттеу (J суретін
қараңыз)
– (44) тірегін толығымен алға тартыңыз.
Осылайша еңіс бұрышының аймағы толығымен (сол
және оң жақ) пайдаланылуы мүмкін.
– Оң жақ жылжымалы тіреуіш планканы (15) толығымен
сыртқа тартыңыз немесе толықтай алып тастаңыз.
Егер толық еңіс бұрышының аймағын пайдаланбақшы
болсаңыз, сол жақ жылжымалы тіреуіш планканы (15)
да толығымен сыртқа тарту немесе толықтай алып
тастау қажет болады.
– Қыспа иінтіректі (41) босатыңыз.
– Манипуляторды, тұтқасынан (9) ұстап, (42) немесе
(31) бұрыш индикаторы қалаулы тік еңіс бұрышын
көрсеткенше, солға немесе оңға қайырыңыз.
– Қыспа иінтіректі (41) қайтадан мықтап тартыңыз.
Тік стандартты еңіс бұрышын реттеу (K суретін
қараңыз)
– 0° стандартты еңіс бұрышы:
Манипуляторды, тұтқасынан (9) ұстап, аздап солға
қайырып, тіректі (44) толығымен артқа жылжытыңыз.
45°, 33,9° және 22,5° стандартты еңіс бұрышы:
Сол немесе оң жақ тіректі (29) қалаулы стандартты тік
еңіс бұрышы көрсеткі белгісіне тірелгенше бұраңыз.
Пайдалануға ендіру
Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
u
электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет. 230 В белгісімен
белгіленген электр құралдармен 220 В жұмыс
істеуге болады.
Іске қосу (L суретін қараңыз)
– Электр құралын іске қосу үшін алдымен құлыптау
тетігін (7) ортаға жылжытып, содан кейін
ажыратқышты (8) басып тұрыңыз.
Нұсқау:Қауіпсіздік себебінен қосқыш/өшіргішті (8)
құлыптауға болмайды, ол жұмыс істеу кезінде басылған
болуы қажет.
Bosch Power Tools
Өшіру
– Өшіру үшін қосқыш/өшіргішті (8) жіберіңіз.
Іске қосу тогының шектеулері
Іске қосу тогын шектеудің электрондық жүйесі электр
құралды қосу кезіндегі қуатты шектейді және 16 А
розеткадан жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Нұсқау: Егер электр құрал қосудан кейін бірден толық
айналымдар санымен айналса, онда іске қосу тогын
шектеу керек емес. Электр құралын қызмет көрсету
орталығына жіберу керек. Мекенжайлар: Тұтынушыға
қызмет көрсету және пайдалану кеңестері.
Пайдалану нұсқаулары
Жалпы аралау нұсқаулары
Бекіткіш тетікті (21) және қысқыш иінтіректі (41)
u
аралаудан бұрын әрдайым мықтап тартыңыз.
Әйтпесе ара дискісі дайындамада қисаюы мүмкін.
Барлық кесіктерде алдымен ара дискісі тіреу
u
планкасын, тіреуіш бұранда немесе басқа аспап
бөліктерін тимеуіне көз жеткізіңіз. Мүмкін
орнатылған көмек тіреуіштерін алыңыз немесе
оларды лайықтаңыз.
Аралау дискісін соқтығысудан және соққыдан қорғаңыз.
Аралау дискісін бүйірлік қысымнан сақтаңыз.
Тек тиісті пайдалану үшін рұқсат етілген заттектерді
пайдаланыңыз.
Қисық дайындамаларды өңдемеңіз. Дайындама әрдайым
бағыттауыш панеліне басу үшін тура қырлы болуы керек.
Ұзын және ауыр дайындамалар бос басында басылып
тірелуі керек.
Маятниктік қорғаныш қаптаманың дұрыс жұмыс істеп,
еркін жылжуын қамтамасыз етіңіз. Манипуляторды төмен
қарай бағыттау кезінде, маятниктік қорғаныш қаптама
ашылуы керек. Манипуляторды жоғары қарай бағыттау
кезінде, маятниктік қорғаныш қаптама ара дискісінің
үстінен қайта жабылып, манипулятордың ең жоғарғы
күйінде бекітілуі керек.
Кесік сызығын белгілеу (M суретін қараңыз)
Лазер сәулесі ара дискісінің кесік сызығын көрсетеді.
Осылайша дайындаманы аралау үшін маятниктік
қорғаныш қаптаманы ашпай нақты орналастыруға
болады.
– Ол үшін лазер сәулесін қосқышпен (40) қосыңыз.
– Белгіңізді дайындамадағы лазер сызығының оң жақ
жиегіне бағыттаңыз.
Нұсқау: аралау алдында кесік сызығы дұрыс
көрсетілгенін тексеріп шығыңыз. Лазер сәулесі, мысалы,
қарқынды пайдалану кезіндегі діріл себебінен ығысуы
мүмкін.
Оператордың күйін (N суретін қараңыз)
Электр құралы алдына ара дискісімен бір сызыққа
u
тұрмай, әрдайым ара дискісінен шетте тұрыңыз.
Осылайша денеңіз ықтимал кері соққыдан қорғалады.
– Алақан, бармақ және қолдарыңызды айналатын
аралау дискісінен алыстатыңыз.
Қазақ | 271
1 609 92A 5U6 | (14.10.2020)

Publicité

Table des Matières
loading

Table des Matières