Пайдалану Нұсқаулары - Bosch GSA 18 V-LI Professional Notice Originale

Masquer les pouces Voir aussi pour GSA 18 V-LI Professional:
Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 18
Алайда ажыратқыш (6) басылғанда, осы әрекетті
орындау мүмкін болмайды.
Жүріс санының ауыстырып-қосқышы
ортаңғы күйде:
Іске қосылудан қорғайтын құлып
белсендірілген.
Ажыратқыш (6) бұғатталған және электр
құралы кездейсоқ іске қосылудан қорғалған.
Жүріс санының ауыстырып-қосқышы сол
жаққа басылған:
1-беріліс, төмен жүріс саны
Төмен жүріс саны қатты материалдарды
(мысалы, болат, түрлі-түсті металл, қатты
пластмасса) өңдеуге немесе ағашта шағын
кесіктер жасауға арналған.
Төмен жүріс саны арқылы дірілсіз жүріс
қамтамасыз етіледі.
Жүріс санының ауыстырып-қосқышы оң
жаққа басылған:
2-беріліс, жоғары жүріс саны
Жоғары жүріс саны жұмсақ материалдарды
өңдеуге және батырып аралауға арналған.
Жоғары жүріс саны жылдам жұмыс істеуге,
мысалы, ағашта ірі кесіктер жасауға
мүмкіндік береді.
Қосу/өшіру
Іске қосылудан қорғайтын құлыпты ажырату үшін жүріс
санының ауыстырып-қосқышын (5) оңға немесе солға
қарай басыңыз.
Электр құралын қосу үшін ажыратқышты (6) басып
тұрыңыз.
Электр құралын өшіру үшін қосқыш/өшіргішті (6)
жіберіңіз.
Нұсқау: Қауіпсіздік себебінен қосқыш/өшіргішті (6)
құлыптауға болмайды, ол жұмыс істеу кезінде басылған
болуы қажет.
Жүріс санын басқару
Қосқышты/өшіргішті (6) басу күшін өзгерте отырып,
қосылған құралдың жүріс санын біртіндеп реттеуге
болады.
Қосқышты/өшіргішті (6) жай басқанда төменірек жүріс
санымен жұмыс істейді. Басу күші асқанда жүріс саны
асады.
Талап етілетін жүріс санын материал мен жұмыс жасау
жағдайына байланысты болып они тәжірибе арқылы
анықтауға болады.
Ара дискісін дайындамаға орнатуда және пластмасса мен
алюминийді өңдеуде аралау жылдамдығын төмендету
ұсынылады.
Аз жүрістер санында ұзақ уақыт электр құралды
пайдалану оның қатты қызуын тудыруы мүмкін. Ара
полотносын алып электр құралын салқындату үшін шам.
3 минут максималдық жүріс санында істетіңіз.
Bosch Power Tools
Пайдалану нұсқаулары
Аккумуляторды электр құралмен кез келген
u
жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету,
т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды
тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін
тудырады.
Қылышты ара тұрып қалса электр құралын бірден
u
өшіріңіз.
Кеңестер
Жеңіл құрылыс материалдарын аралау кезінде
u
материал өндірушісінің нұсқаулықтары мен
ұсыныстарын орындаңыз.
Ағаш, АЖТ, құрылыс материалдарын және т.б. аралау
алдында ине, бұранда және т.б. сияқты бөгде заттардың
бар-жоғын тексеріп шығыңыз және жарамды ара төсемін
пайдаланыңыз.
Электр құралын қосып өңделетін дайындамаға апарыңыз.
Тіреу тақтасын (2) дайындама бетіне қойып, материалды
бірқалыпты ретте басып немесе жылжытып аралаңыз.
Жұмыс әрекетін аяқтағаннан соң электр құралын
өшіріңіз.
Ара төсемі тұрып қалса, электр құралын бірден өшіріңіз.
Араланған аралықты сайкес аспаппен аз кеңейтіп электр
құралын шығарыңыз.
Бұралатын тіреу тақтасы (E суретін қараңыз)
Тіреу тақтасы (2) жылжымалылығына байланысты үстіңгі
беттің қажетті бұрыштық күйіне сай келеді.
Батырып аралау (F суретін қараңыз)
Батырып аралау кезінде тек ағаш, гипсокартон
u
және т.б. сияқты жұмсақ материалдарды өңдеуге
болады! Батырып аралау кезінде металл заттарды
өңдемеңіз!
Батырып аралау үшін тек қысқа ара төсемдерін
пайдаланыңыз.
Электр құралын тіреу тақтасының (2) жиегімен ара
төсемін (1) дайындамаға тигізбей дайындамаға қойыңыз
және іске қосыңыз. Жүріс басқаруы бар электр
құралдарда максималды жүріс санын таңдаңыз. Электр
құралын қатты дайындамаға басып, ара төсемін ақырын
дайындамаға кіргізіңіз.
Тіреу тақтасы (2) дайындамаға толықтай жайылғанда,
қалаулы кесік сызығымен аралаңыз.
Белгілі бір жұмыстарда ара төсемін (1) 180°-қа бұрап
(тістерін жоғары қаратып), қайта орнатуға және электр
құралын тиісінше бұрап бағыттауға болады.
Тығыз аралау (G суретін қараңыз)
Икемді биметалл ара төсемдері, мысалы, су құбырлары
және т.б. сияқты дөңес құрылыс элементтерін тікелей
қабырғада аралауға мүмкіндік береді.
Ара төсемі әрдайым өңделетін дайындама
u
диаметрінен ұзын болғанына көз жеткізіңіз. Кері
соққы қаупі бар.
Қазақ | 137
1 609 92A 4TG | (05.04.2019)

Publicité

Table des Matières
loading

Ce manuel est également adapté pour:

Professional gsa 18 v-li

Table des Matières