Пайдалану Нұсқаулары - Bosch GCM 12 SDE Professional Mode D'emploi

Masquer les pouces Voir aussi pour GCM 12 SDE Professional:
Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 40
OBJ_BUCH-2301-002.book Page 260 Monday, December 22, 2014 10:15 AM
260 | Қaзақша
Вертикалды еңіс бұрышын реттеу
Дәл кесіктерді қамтамасыз ету үшін белсенді пайда-
ланудан соң электр құралының параметрлерін тексеріп
керек болса реттеу керек („Негізгі реттеулерді тексеріп
реттеңіз" 262 бетінде қараңыз).
Вертикалды еңіс бұрышын 47° (сол жақтық) мен 47° (оң
жақтық) аралығында реттеу мүмкін.
Жиі қолданатын еңіс бұрышын жылдам және нақты реттеу
үшін 0°, 47°, 45°, 33,9° және 22,5° бұрыштары үшін
тіреуіштер қолданылады.
 Вертикалды еңіс кесіктерде және SDS болтын 31
пайдаланғанда аралаудан алдын тереңдік тіреуішін
сай реттеп, SDS болты дайындама бетіне тимеуін
қамтамасыз ету керек („Тереңдікті шектеу тірегін
реттеу" 262 бетінде қараңыз). Бұл SDS болты
мен/немесе дайындама зақымдалуына жол бермейді.
Сол жақтық еңіс бұрышын реттеу (J1 суретін қараңыз)
– Сол жақтық реттелетін тіреуіш бағыттауышын 2
толығымен сыртқа тартыңыз („Тіреуіш планканы
жылжыту" 259 бетінде қараңыз).
– Қысу тұтқышын 7 босатыңыз.
– Манипуляторды қол тұтқасында 12 бұрыш көрсеткіші
43 керекті қисайту бұрышын көрсеткінше қайырыңыз.
– Қысу тұтқышын 7 қайта берік тартыңыз.
Бүтін еңіс бұырышының диапазонын реттеу
(J2 суретін қараңыз)
– 44 тіреуішін толығымен алға тартыңыз.
Осылай еңіс бұрышының аймағын толығымен (солда
немесе оңда) пайдалану мүмкін.
– Сол жақтық реттелетін тіреуіш бағыттауышын 2
толығымен сыртқа тартыңыз немесе толығымен алып
қойыңыз („Тіреуіш планканы жылжыту" 259 бетінде
қараңыз).
Егер толық еңіс бұрышының аймағын пайдаланбақшы
болсаңыз, сол жақтық реттелетін тіреуіш
бағыттауышын 2 толығымен сыртқа тартыңыз немесе
толығымен алып қойыңыз.
– Қысу тұтқышын 7 босатыңыз.
– Манипуляторды қолтұтқасында 12 бұрыш көрсеткіші
43 немесе 5 керекті қисайту бұрышын көрсеткінше
солға немесе оңға қайырыңыз.
– Қысу тұтқышын 7 қайта берік тартыңыз.
Тік стандартты қисайту бұрышын реттеу
(J3 суретін қараңыз)
Стандартты еңіс бұрышы 0°:
– Манипуляторды қолтұтқасынан 12 аз сол жаққа
қайырып, тіреуішті 44 толығымен артқа жылжытыңыз.
Стандартты еңіс бұрыштары 47°, 45°, 33,9° және 22,5°:
– Сол немесе оң тіреуішті 3 көрсеткі белгісінде керекті
стандартты еңіс бұрышы тірелгенше бұраңыз.
1 609 92A 0Z5 | (22.12.14)
Пайдалануға ендіру
 Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет. 230 В белгісімен
белгіленген электр құралдары 220 В жұмыс істеуі
мүмкін.
Қосу (K суретін қараңыз)
Энергия қуатын үнемдеу үшін электр құралын тек
пайдаланарда қосыңыз.
– Іске қосу үшін қосқыш/өшіргішті 32 басып ұстап
тұрыңыз.
Ескертпе: Қауіпсіздік себебінен қосқыш/өшіргішті 32
құлыптауға болмайды, ол жұмыс істеу кезінде басылған
болуы қажет.
Бекіту тұтқышын 13 басып манипуляторды төмен
жылжытыңыз.
– Аралау үшін қосқыш/өшіргішті 32 тиюге қосымша
бұғаттау тұтқышын 13 басу керек.
Өшіру
– Өшіру үшін қосқыш/өшіргішті 32 жіберіңіз.
Іске қосу тогының шектеулері
(еліне байланысты ілгерілердің барлығында
болмайды)
Іске қосу тогын шектеудің электрондық жүйесі электр
құралды қосу кезіндегі қуатты шектейді және 16 А
розеткадан жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Ескертпе: Егер электр құрал қосудан кейін бірден толық
айналымдар санымен айналса, онда іске қосу тогын
шектеу керек емес. Электр құралды жылдам сервистік
қызметке жіберу керек, мекенжайларды „Тұтынушыға
қызмет көрсету және пайдалану кеңестері" бөлімінен 264
бетінде қараңыз.
Пайдалану нұсқаулары
Жалпы аралау нұсқаулары
 Бекіту басы 22 мен қысқыш тұтқаны 7 аралаудан
алдын әрдайым бекем тартып қойыңыз. Әйтпесе
ара дискісі дайындамада қисаюы мүмкін.
 Барлық кесіктерде алдымен ара дискісі тіреу
планкасын, тіреуіш бұранда немесе басқа аспап
бөліктерін тимеуіне көз жеткізіңіз. Мүмкін
орнатылған көмек тіреуіштерін алыңыз немесе
оларды лайықтаңыз.
Аралау дискісін соқтығысудан және соққыдан қорғаңыз.
Аралау дискісін бүйірлік қысымнан сақтаңыз.
Қисық дайындамаларды өңдемеңіз. Дайындама әрдайым
бағыттауыш панеліне басу үшін тура қырлы болуы керек.
Ұзын дайындамалар бос басында басылып тірелуі керек.
Кесік сызығын белгілеу (L суретін қараңыз)
Екі лазер сәулелері ара дискісінің аралау енін көрсетеді.
Осылай дайндаманы аралау үшін тербелу қорғағыш
қаптамасын ашпай нақты орналастыру мүмкін.
– Лазер сәулелерін 33 қосқышымен қосыңыз.
– Дайындаманың белгісін екі лазер сәулелерінің арасына
бағыттаңыз.
Bosch Power Tools

Publicité

Table des Matières
loading

Table des Matières