•
Аспапты тазарту және фильтрді тазарту мен ауыстыру жөніндегі нұсқауды ұстанбау
тұтанудың себебі болуы мүмкін.
•
Электр тогы соғу тәуекелімен байланысты дұрыс емес орнатылған лампочкалары бар
сүзгіні пайдалануға және қалдырып кетуге тыйым салынады.
•
Осы құралдың нұсқауларын ұстамау салдарынан туындаған аспаптың ақаулануы, шығыны
және тұтануына өндіруші жауапкершілікті алып жүрмейді.
•
Осы аспап Электр және электрондық жабдықтардан шыққан қалдықтармен жұмыс істеу
бойынша 2012/19/ЕС Еуропалық директивасына сәйкес маркаланған (WEEE).
•
Бұйымды пайдаға асыру ережелерін ұстана отырып, сіз осы сияқты қалдықтармен лайықсыз
жұмыс істеу салдарынан ықтимал, қоршаған орта және адамдардың денсаулығына шығын
келтірудің алдын алуға көмектесесіз.
Бұйымдағы немесе оның орауындағы символы оны тұрмыстық қалдық ретінде пайдаға
асыруға жатпайтынын көрсетеді. Бұйымды одан әрі пайдаға асыру үшін электр және
электрондық жабдықтарын қабылдаудың тиісті пунктіне тапсыру керек.
Бұйымды пайдаға асыру туралы неғұрлым толығырақ ақпарат алу үшін жергілікті билікке,
қалдықтарды шығарып тастау және пайдаға асыру қызметіне немесе сіз бұйымды сатып алған
дүкенге өтініш жасауларыңызды сұраймыз.
пайдалану
Сүзгі ауаны өткізу немесе рециркуляция режимінде жұмыс істей алады.
Моторы жоқ модельдері тек ауаны өткізу режимінде жұмыс істейді және сыртқы моторға (жеткізу
жиынтығына кірмейді) қосылулары керек.
Іске қосу жөніндегі нұсқаулығы сыртқы моторымен бірге жиынтықта жеткізіледі.
ауаны өтКіЗу реЖиМінде ЖұМыС іСтеу
Өткізу режимінде ластанған ауа жайдан сүзгінің жоғарғы жағында ауа өткізгіштің тесігіне
бекітілетін арнайы сүзгі шлангысы арқылы өткізіледі.
Назар аударыңыз! Сүзгі шлангысы жиынтыққа кірмейді және жеке сатып алынады.
Шланг диаметрі ауа өткізгіш тесігінің диаметріне сәйкес келуі керек.
Көлденең төсеу барысында шланг жайдан жұмыспен өтелген ауаны кедергісіз өткізуі үшін 10°
жоғары еңістікте төселуі керек.
назар аударыңыз! Егер көмір фильтрі орнатылған болса, оны шешіп алыңыз.
Қабырғадағы өткізгіш тесікке сүзгіні қосу барысында жалғастырғыш тетікті (тесіктің диаметрі
бойынша) пайдаланыңыз.
Шлангының және қабырғадағы өткізгіш тесігінің кішкентай диаметрі ауаны өткізудің тиімділігін
төмендетеді және сүзгінің жұмыс істеу барысындағы шу деңгейін елеулі жоғарылатады.
Бұл жағдайда өндіруші жауапкершлікті алып жүрмейді.
!
Сүзгі шлангысының минимальді ұзындығын ұстаныңыз.
!
Төселген сүзгі шлангысында неғұрлым аз бүктесін болуы керек (бүктесіннің максимальді
бұрышы 90°).
!
Өткізу тесігінің диаметрін елеулі азайтпауға тырысыңыз.
!
Сүзгі шлангысының ішкі беті максимальді тегіс болуы керек.
!
Сүзгі шлангысы сертификатталған материалдардан әзірленуі керек.
60