Sony AC-120MD Instructions D'utilisation page 84

Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 20
Қазақ тілі
Құрылғыны пайдаланудың алдында мына
нұсқаулықты оқыңыз жəне оны болашақта
пайдалану үшін сақтап қойыңыз.
ЕСКЕРТУ
Өрт шығу немесе ток соғу қаупін азайту үшін
бұл құрылғыны жаңбырдың астында
немесе ылғалды жерде қалдырмаңыз.
Ток соғуды болдырмау үшін құрылғының
корпусын ашпаңыз. Жөндеу жұмыстарын
білікті мамандар ғана орындауы тиіс.
Бұл жабдықты өзгертуге рұқсат берілмейді.
ЕСКЕРТУ
Ток соғу қаупін болдырмау үшін осы жабдық
тек жерге тұйықталған қуат көзіне қосылуы
қажет.
Өнімдердегі таңбалар
Пайдалану нұсқаулықтарын
қараңыз
Осы белгі бар құрылғының бөлігіне
арналған Пайдалану
нұсқаулықтарындағы бағыттарға
сүйеніңіз.
Бұл белгі өндірушіні көрсетеді жəне
өндірушінің аты мен мекенжайының
жанында көрсетіледі.
Бұл таңба сериялық нөмірді көрсетеді.
Бұл таңба ілеспелі құжат нұсқасын
көрсетеді.
Бұл белгі өндіру мерзімін көрсетеді жəне
ол өнімге жəне/немесе орамға басып
шығарылады. YYYY – жылды жəне MM
– айды көрсетеді.
Сақтау жəне тасымалдау
температурасы
Бұл таңба сақтау жəне тасымалдау
орталары үшін қабылданатын
температура ауқымын көрсетеді.
Сақтау жəне тасымалдау
ылғалдылығы
Бұл таңба сақтау жəне тасымалдау
орталары үшін қабылданатын
ылғалдылық ауқымын көрсетеді.
2
KZ
Сақтау жəне тасымалдау қысымы
Бұл таңба сақтау жəне тасымалдау
орталары үшін қабылданатын
атмосфералық қысым ауқымын
көрсетеді.
Ескерту
Құрылғының қуат қосқышы жоқ.
Қуат көзін ажырату үшін штепсельді ажыратыңыз.
Құрылғыны орнатқан кезде, бекітілген электр
схемасына оңай қол жеткізуге болатын
ажыратқышты қосыңыз немесе штепсельді
құрылғының жанындағы оңай қол жеткізуге
болатын желілік розеткаға қосыңыз.
Медициналық электр жабдығын штепсельді
ажырату қиын жерге қоймаңыз.
Құрылғыны пайдалану кезінде ақау пайда болса,
қуат көзін ажырату үшін ажыратқышты
пайдаланыңыз немесе штепсельді ажыратыңыз.
Емдеу мекемелерінде пайдалануға арналған
маңызды сақтық шаралары/ескертулер
1. Бұл құрылғыға қосылатын барлық жабдықтар
жабдықтарға қолданылатын IEC 60601-1
стандартына сəйкес сертификатталуы тиіс.
2. Сонымен қатар барлық конфигурациялар IEC
60601-1 жүйе стандартына сəйкес болуы тиіс.
Сигнал кірісі бөлігіне немесе сигнал шығысы
бөлігіне қосымша жабдықты қосатын кісі
медициналық жүйені конфигурациялайды,
сондықтан ол жүйенің IEC 60601-1 жүйе
стандартының талаптарына сəйкестігіне жауап
береді.
Егер сенімді болмасаңыз, білікті мамандарға
хабарласыңыз.
3. Басқа жабдыққа қосылған кезде жылыстау тогы
артуы мүмкін.
4. Бұл жабдық радио жиілігіндегі энергияны
өндіреді, пайдаланады жəне шығара алады. Егер
нұсқаулыққа сəйкес орнатылмаса жəне
пайдаланылмаса, ол басқа жабдыққа кедергі
жасауы мүмкін. Егер бұл құрылғы кедергі жасаса
(оны қуат кабелін құрылғыдан ажырату арқылы
анықтауға болады), келесі шараларды
қолданыңыз: сезгіш жабдыққа байланысты
құрылғының орнын өзгертіңіз. Осы құрылғы мен
сезгіш жабдықты басқа параллель тізбекке
қосыңыз.
Дилерге хабарласыңыз. (IEC 60601-1-2 жəне
CISPR11 стандарттарына сəйкес, класс B, топ 1)

Publicité

Table des Matières
loading

Table des Matières