Télécharger Imprimer la page

Hilti TE 3000-AVR Mode D'emploi page 125

Masquer les pouces Voir aussi pour TE 3000-AVR:

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 18
2
Қауіпсіздік
2.1
Электр құралдары үшін қауіпсіздік техникасы бойынша жалпы нұсқаулар
ЕСКЕРТУ Барлық қауіпсіздік нұсқауларын және жалпы нұсқауларды оқып шығыңыз. Төменде
берілген нұсқауларды орындамау электр тогының соғуына, өртке әкелуі мүмкін және/немесе ауыр
жарақаттарды тудыруы мүмкін.
Қауіпсіздік техникасы бойынша барлық нұсқауларды және нұсқауларды келесі пайдаланушы
үшін сақтаңыз.
Бұдан әрі қолданылатын «электр құрал» термині электр желісінен (желілік кабельмен) және
аккумулятордан (желілік кабельсіз) жұмыс істейтін электр құралға қатысты.
Жұмыс орны
▶ Жұмыс орнындағы тазалықты және тәртіпті қадағалаңыз. Жұмыс орнындағы ретсіздік және
нашар жарық сәтсіз жағдайларға әкелуі мүмкін.
▶ Жанғыш сұйықтықтар, газдар немесе шаң бар жарылыс қаупі бар аймақта электр құралды
қолданбаңыз. Жұмыс кезінде электр құралдар ұшқындар шығады және ұшқындар шаңды немесе
буларды тұтандыруы мүмкін.
▶ Балалардың және бөгде адамдардың жұмыс істеп тұрған электр құралға жақындауына рұқсат
етпеңіз. Жұмысқа көңіл бөлмегенде, электр құралын бақылау жоғалуы мүмкін.
Электр қауіпсіздігі
▶ Электр құралдың байланыс ашасы электр желісінің розеткасына сай болуы керек. Айырдың
конструкциясын өзгертпеңіз. Қорғауыш жерге қосуы бар электр құралдарымен бірге өтпелі
айырларды қолданбаңыз. Түпнұсқа айырлар және оларға сай розеткалар электр тогының соғу
қаупін азайтады.
▶ Жерге қосылған беттерге, мысалы, құбырларға, жылыту құралдарына, пештерге (плиталарға)
және тоңазытқыштарға тікелей тиюді болдырмаңыз. Жерге қосылған заттарға тигенде электр
тогының соғуының үлкен қаупі туындайды.
▶ Электр құралдарды жаңбырдан немесе ылғал әсерінен сақтаңыз. Электр құралға су тиюі
нәтижесінде электр тогының соғу қаупі артады.
▶ Кабельді басқа мақсатта қолданбаңыз, мысалы, электр құралды тасымалдау, оны іліп
қою немесе электр желісінің розеткасынан айырды шығару үшін.
температуралардың, майдың, үшкір жиектердің немесе электр құралдың айналатын
түйіндерінің әсерлерінен қорғаңыз.
электр тогының соғу қаупі артады.
▶ Егер жұмыстар ашық ауада орындалса, тек бөлмелерден тыс қолдануға рұқсат етілген
ұзартқыш кабельдерді пайдаланыңыз. Бөлмелерден тыс қолдануға жарамды ұзартқыш кабельді
пайдалану электр тогының соғу қаупін азайтады.
▶ Егер электр құралмен ылғалдылық жағдайларында жұмыс істеуді болдырмау мүмкін емес
болса, шығып кететін токтан қорғау автоматын қолданыңыз. Шығып кететін токтан қорғау
автоматын қолдану электр тогының соғу қаупін азайтады.
Адамдардың қауіпсіздігі
▶ Ұқыпты болыңыз, әрекеттеріңізге көңіл бөліңіз және электр құралмен жұмыс істеуге дұрыс
қараңыз. Шаршаған кезде немесе есірткі, алкоголь не дәрі қабылдаған соң электр құралды
қолданбаңыз. Электр құралды қолданған кездегі зейінсіздік ауыр жарақаттарға апарып соғуы
мүмкін.
▶ Жеке қорғану құралдарын пайдаланыңыз және әрқашан міндетті түрде қорғауыш көзілдірікті
киіңіз.
Электр құралының түріне және пайдалану жағдайларына байланысты жеке қорғану
құралдарын, мысалы, шаңнан қорғайтын респираторды, сырғымайтын аяқ киімді, қорғауыш шлемді,
естуді қорғау құралдарын қолдану жарақаттану қаупін азайтады.
▶ Электр құралының кездейсоқ қосылуын болдырмаңыз. Электр қуатына қосу және/немесе
аккумуляторды қою, көтеру немесе тасымалдау алдында электр құрал өшірілгеніне көз
жеткізіңіз. Электр құралды тасымалдағанда саусақтар сөндіргіште болатын немесе қосылған
электр құрал желіге қосылатын жағдайлар сәтсіз жағдайларға әкелуі мүмкін.
▶ Электр құралды қосу алдында реттеуші құрылғыларды және гайка кілтін алыңыз. Электр
құралдың айналатын бөлігіндегі аспап немесе кілт жарақаттарға әкелуі мүмкін.
▶ Жұмыс кезінде ыңғайсыз қалыптарға тұрмауға тырысыңыз. Үнемі тұрақты күйді және тепе-
теңдікті сақтаңыз. Бұл күтпеген жағдайларда электр құралды жақсырақ басқаруға мүмкіндік
береді.
*2190685*
Кабельдің зақымдалуы немесе қабаттасуы нәтижесінде
2190685
Кабельді жоғары
Қазақ
119

Publicité

loading