Bosch EasyDrill 1200 Notice Originale page 121

Masquer les pouces Voir aussi pour EasyDrill 1200:
Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 16
Пайдаланушыны дірілдеу әсерінен сақтау үшін қосымша
қауіпсіздік шараларын қолдану қажет, мысалы: электр
құралды және алмалы-салмалы аспаптарды күту,
қолдарды ыстық ұстау, жұмыс әдістерін ұйымдыстыру.
Жинау
Аккумуляторды шығару (A суретін қараңыз)
Тек техникалық мәліметтерде жазылған
u
зарядтағыш құрылғыларды пайдаланыңыз. Тек
қана мұндай зарядтағыш құрылғылар электр
құралыңызда пайдаланылатын литий-иондық
аккумулятормен үйлесімді.
Нұсқау:аккумулятор ішінара зарядталған күйде
жеткізіледі. Батарея толық жұмыс істеуі үшін, оны алғаш
рет пайдаланудан бұрын толық зарядтап алыңыз.
Литий-иондық аккумуляторды пайдалану мерзімін
қысқартусыз кез келген уақытта зарядтауға болады.
Зарядтау процесін үзу аккумулятордың зақымдалуына
әкелмейді.
Литий-иондық аккумулятор электрондық элементтерді
қорғау (ECP) арқылы терең заряд жоғалтудан қорғалған.
Аккумулятор заряды жоқ болса электр құралы қорғаныс
схемасы арқылы өшіріледі: алмалы-салмалы аспап басқа
қозғалмайды.
Электр құралы автоматты өшкеннен соң қосқыш/
u
өшіргішті енді басушы болмаңыз. Әйтпесе
аккумулятор зақымдануы мүмкін.
Аккумуляторды (9) шығару үшін аккумуляторды босату
түймесін (8) басыңыз және аккумуляторды электр
құралынан төменге қарай шығарыңыз. Осы кезде күш
салмаңыз.
Қоқыстарды қайта өңдеу туралы нұсқауларды
орындаңыз.
Құралды алмастыру (B суретін қараңыз)
Жылдық қысқыш бұрғылау патронының (1) артқы
гильзасын (3) берік ұстап тұрыңыз және алдыңғы
гильзаны (2) ❶ бағытымен жұмыс құралын салу мүмкін
болғанша бұраңыз. Құралды салыңыз.
Жылдық қысқыш бұрғылау патронының (1) артқы
гильзасын (3) берік ұстап тұрыңыз және алдыңғы
гильзаны (2) ➋ бағытымен қолмен қатты бұраңыз.
Бұғаттау құралды шығару үшін алдыңғы гильзаны (2)
қарама-қарсы бағытпен бұрған кезде алынады.
Бұрғылау патронын ауыстыру
Бекіткіш бұранданы шығару (C суретін қараңыз)
Жылдам қысқыш бұрғылау патроны (1) бұрғылау
шпинделінен кездейсоқ босап кетпеуі үшін бекіткіш
бұрандамен (16) бекітілген. Жылдам қысқыш бұрғылау
патронын (1) толықтай ашып, бекіткіш бұранданы (16) ❶
айналу бағытымен бұрап шығарыңыз. Бекіткіш
бұранданың сол жақ оймасы бар болуын
қадағалаңыз.
Bosch Power Tools
Бұрғылау патронын бөлшектеу (D суретін қараңыз)
Алты қырлы дөңбек кілтті (17) қысқа білігін алға қаратып
жылдам қысқыш бұрғылау патронында (1) қысыңыз.
Электр құралын тұрақты бетке, мысалы, верстакқа
қойыңыз. Электр құралын нық ұстап тұрып, жылдам
қысқыш бұрғылау патронын (1) алты қырлы дөңбек кілтті
(17) айналу бағытымен ➊ бұрау арқылы босатыңыз.
Берік орнатылған жылдам қысқыш бұрғылау патроны
азғантай соққымен алты қырлы дөңбек кілттің (17) ұзын
білігінде босатылады. Алты қырлы дөңбек кілтті жылдам
қысқыш бұрғылау патронынан шығарып, жылдам
қысқыш бұрғылау патронын толықтай бұрап шығарыңыз.
Бұрғылау патронын орнату (E суретін қараңыз)
Жылдам қысқыш бұрғылау патронын орнату кері
реттілікпен орындалады.
Бұрғылау патронын шамамен 1,5–2,0 Нм
тарту моментімен бекемдеу қажет.
Бекіткіш бұранданы (16) сағат тілінің бағытына қарсы
ашылған жылдам қысқыш бұрғылау патронына (1) бұрап
кіргізіңіз. Әрдайым жаңа бекіткіш бұранданы
пайдаланыңыз, себебі оның оймасына бірнеше рет
пайдаланғаннан кейін жойылатын бекіткіш желім бар.
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен
(хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандармен
өңделуі керек.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Жұмыс орнында шаңның жиналмауын
u
қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Пайдалану
Пайдалануға ендіру
Аккумуляторды орнату
Нұсқау: Электр құралыңызға арналмаған аккумуляторды
пайдалану қате жұмыс істеуіне немесе электр құралының
зақымдануына алып келуі мүмкін.
Айналу бағытының ауыстырып-қосқышын (10) ұяшыққа
бекітілгенін және ұяшыққа берік тиіп тұрғанын сезгенше
салыңыз. Зарядталған аккумуляторды (9) разъемға
бекітілгенін және разъемға тығыз тиіп тұрғанын сезгенше
салыңыз.
Қазақ | 121
1 609 92A 6DH | (26.05.2021)

Publicité

Table des Matières
loading

Table des Matières