Bosch GCM 12 JL Professional Notice Originale page 264

Masquer les pouces Voir aussi pour GCM 12 JL Professional:
Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 38
OBJ_BUCH-1600-005.book Page 264 Friday, December 16, 2016 9:23 AM
264 | Қaзақша
Құлаудан сақтау дөңесін орнату
(A1 суретін қараңыз)
Электр құралын алғашқы рет пайдаланудан алдын
аударылудан сақтайтын тоғынды 44 орнату керек.
Орнату үшін "Аударылудан сақтау жинағы" бекіткіш
жинағын 47 пайдаланыңыз.
– Құлаудан сақтау дөңесін 44 оған арналған тесіктерге
тіреуіш тақтада құлаудан сақтау дөңесі мен тіреуіш
тақта тесіктері сай болғанша салыңыз.
– Салынатын шайбаларды 47 бұрандаларға 47 салып,
аударылудан соқтау қапсырмасын 44 алты қырлы
дөңбек кілтпен (4 мм) 17 бұрап бекітіңіз.
 Құлаудан сақтайтын қысқышты алып қоймаңыз.
Құлаудан сақталмаған электр құралы тұрақты тұрмай,
максималды қисайту бұрышындағы аралау кезінде
құлауы мүмкін.
Қатты немесе икемді орнату
 Тұрақты пайдалануды қамтамасыз ету үшін электр
құралын пайдаланудан алдын тегіс бекем жұмыс
аймағына (мысалы верстак) орнату керек.
Жұмыс аймағында орнату
(A2 –A3 суреттерін қараңыз)
– Электр құралын сәйкес бұрандалармен жұмыс
аймағында бекітіңіз. Ол үшін 8 ойықтары көмектеседі.
немесе
– Электр құралының аяқтарын стандартты бұрандалы
қысқышпен жұмыс аймағында бекітіңіз.
Bosch жұмыс үстелінде орнату
Bosch фирмасының GTA жұмыс үстелдері электр
құралдарын биіктігі реттелетін аяқтары арқылы кез келген
табанда бекітеді. Жұмыс үстеліндегі дайындама
тіреуіштері ұзын дайындамаларды тіреуге арналған.
 Жұмыс үстелі жинағындағы барлық ескертулер
мен нұсқаулықтарды оқыңыз. Ескертпелер мен
нұсқаулықтарды сақтамау тоқтың соғуына, өрт
және/немесе ауыр жарақаттануларға алып келуі
мүмкін.
 Электр құралын орнатудан алдын жұмыс үстелін
дұрыс құрыңыз. Бұзылу қауіпін болдырмау үшін
мінсіз құру маңызды болып қалады.
– Электр құралын тасымалдау күйінде жұмыс үстеліне
орнатыңыз.
Шаңды және жоңқаларды сору
 Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар
және металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу
қалдықтарымен (хромат, ағашты қорғау заты) бірге
канцерогендер болып есептеледі. Асбестік материал
тек қана мамандармен өңделуі керек.
1 609 92A 348 | (16.12.16)
– Әрдайым шаңсорғышты пайдаланыңыз.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
 Жұмыс орнында шаңның жиналуын болдырмаңыз.
Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Шаң-/жоңқа сору шаң, жоңқа немесе дайындама
сынықтары арқылы тығыздануы мүмкін.
– Электр құралын өшіріп желі айырын розеткадан тартып
қойыңыз.
– Аралау дискісі толық тоқтағаныша күте тұрыңыз.
– Тығыздану себебін айқындап оны жойыңыз.
Жеке шаңсору (B1–B2 суреттерін қараңыз)
Жоңқаларды ұстау үшін жинақтағы шаң қабын 1
пайдаланыңыз.
 Шаң қабын әрбір пайдаланудан соң тексеріп
тазалаңыз.
 Өрт қауіпін алдын алу үшін алюминийді аралауда
шаң қабын алып қойыңыз.
– Шаң қабын 1 жоңқаларды шығаруға арналған келте
құбырға 46 салыңыз.
немесе орын шектелген болса:
– Сорғыш адаптерді 2 жоңқа шығатын жерге 46 салып,
сосын шаң қабын 1 сорғыш адаптерге 2 бекітіңіз.
Шаң қабы мен сорғыш адаптер аралау кезінде әрекет
жасап тұрған аспап бөліктеріне тимеуі тиіс.
Шаң қабын уақтылы босатыңыз.
Сыртқы сорғыш
Сору үшін жоңқа шығатын жерге 46 немесе сорғыш
адаптерге 2 және шаңсорғыш шлангын жалғау мүмкін.
– Шаңсорғыш шлангын жоңқа шығатын жерге 46 немесе
сорғыш адаптерге 2 салыңыз .
Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет.
Денсаулыққа зиян, обыр туғызатын немесе құрғақ шаңдар
үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Аралау дискісін алмастыру
(C1–C4 суреттерін қараңыз)
 Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
 Аралау дискісін орнату кезінде қорғағыш қолғап
киіңіз. Аралау дискісіне тигенде жарақат алу қаупі бар.
Максималды рұқсат етілген жылдамдығы электр
құралыңыздың бос айналу моментіне жоғары болған
аралау дискілерін пайдаланыңыз.
Тек осы пайдалану нұсқаулығында берілген деректерге
сәй және EN 847-1 бойынша тексерілген болып тиісті
ретте белгіленген аралау дискілерін пайдаланыңыз.
Тек осы электр құралының өндірушісі ұсынған және сіз
өңдейтін материалға сәй аралау дискілерін
пайдаланыңыз. Бұл аралауда ара тістерінің қызып кетуіне
жол бермейді.
Bosch Power Tools

Publicité

Table des Matières
loading

Table des Matières