Bosch GBH Professional 36 V-LI Plus Notice Originale page 186

Masquer les pouces Voir aussi pour GBH Professional 36 V-LI Plus:
Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 23
186 | Қазақ
Кескіш қалпын өзгерту (Vario-Lock)
Қашауды 36 күйде бұғаттауға болады. Осылайша оңтайлы
жұмыс күйіне қол жеткізуге болады.
– Қашауды құрал бекіткішіне орнатыңыз.
– Соққыны/айналуды тоқтату қосқышын (17) "Vario-
Lock" күйіне бұраңыз.
– Алмалы-салмалы аспапты қажетті қашау күйіне
бұраңыз.
– Соққыны/айналуды тоқтату қосқышын (17) "Қашау"
күйіне бұраңыз. Осылайша құрал бекіткіші
бұғатталады.
– Қашау үшін айналу бағытын оңға айналу күйіне
орнатыңыз.
Пайдалану бойынша нұсқаулар
Бұрғылау тереңдігін реттеу (K суретін қараңыз)
Тереңдік шектегішімен (21) қажетті бұрғылау
тереңдігін X реттеуге болады.
– Тереңдікті шектеу тірегін орнату түймесін (19) басып,
тереңдікті шектеу тірегін қосымша тұтқаға (20)
орнатыңыз.
Тереңдік шектегішінің (21) бұдыр жағы төмен қарап
тұруы қажет.
– SDS-plus-алмалы-салмалы аспабын SDS-plus
аспапының ұстағышына (3) тірелгенше жылжытыңыз.
Кері жағдайда SDS-plus-аспабының жылжымалылығы
бұрғылау тереңдігіне қате орнатылуы мүмкін.
– Тереңдік шектегішін бұрғы ұшымен тереңдік шектегіші
ұшының аралығы қажетті бұрғылау тереңдігіне X тең
болғанша тартыңыз.
Қорғауыш жалғастырғыш
Алмалы-салмалы аспап қысылса немесе ілінсе
u
бұрғылау шпинделіне беріліс тоқтатылады.
Осында пайда болатын күш себебінен электр
құралын екі қолмен қатты ұстап бекем қалыпта
тұрыңыз.
Егер электр құралы тіреліп қалса, электр құралын
u
өшіріп алмалы-салмалы аспапты босатыңыз.
Бұғатталған бұрғылайтын аспапты қосу кезінде
жоғары реактивті күш пайда болады.
Жылдам өшіру (Kickback Control)
Жылдам өшіру (KickBack Control) электр
құралын жақсырақ бақылауға көмектеседі
және осылайша KickBack Control
құралынсыз электр құралдарымен
салыстырғанда пайдаланушы қорғанысын да
күшейтеді. Электр құралы бұрғы осі бойынша кездейсоқ
және кенет айналса, электр құралы өшіп қалады.
– Қайта іске қосу үшін ажыратқышты (14) жіберіп,
қайта басыңыз.
Жылдам өшіру электр құралындағы жұмыс шамының
(18) жыпылықтауы арқылы көрсетіледі.
1 609 92A 70H | (21.12.2021)
Electronic Precision Control (EPC)
EPC сезімтал материалдарда соққымен жұмыс істеген
кезде баяу үдеу және төмендетілген қызметтік айналу
жиілігі арқылы пайдаланушыға қолдау көрсетеді.
EPC қосқышын (9) қажетті күйге жылжытыңыз.
Максималды қызметтік айналу жиілігінің күйі
Баяу іске қосылу және төмендетілген
қызметтік айналу жиілігінің күйі
Дірілді басу
Кіріктірілген дірілді басу функциясы дірілді
азайтады.
Демпфер зақымдалған жағдайда электр құралын
u
пайдаланушы болмаңыз.
Енгізу құралын енгізу (L суретін қараңыз)
Электр құралын сомын/бұрандаға тек өшірілген
u
күйде салыңыз. Айналып жатқан жұмыс құралдары
сырғып кетуі мүмкін.
Бұранда ұштықтарын пайдалану үшін әмбебап ұстағыш
(30)аспап патронымен (керек-жабдықтар) керек болады.
– Тұтқаның салынатын ұшын тазалап, аздап майлаңыз.
– Айналмалы әмбебап ұстағышты құралды бекіту
орнына автоматты түрде бекітілгенше салыңыз.
– Әмбебап ұстағышты тартып, бекітілуді тексеріңіз.
– Ұстағышқа шуруптарды бұрап бекіту сақасын
(битасын) салыңыз. Тек шуруп басына жарайтын
қондырма сақаларды пайдаланыңыз.
– Әмбебап ұстағышты алу үшін бекіту төлкесін (5) артқа
жылжытыңыз және әмбебап ұстағышты (30) құрал
ұстағыштан алыңыз.
Температураны бақылауға арналған индикатор
Температураны бақылауға арналған индикатордың (12)
қызыл жарық диоды аккумулятордың немесе электр
құралы электроникасының (аккумулятор салынған кезде)
оңтайлы температура диапазонында болмағаны туралы
хабарлайды. Бұл жағдайда электр құралы толық қуатпен
немесе мүлдем жұмыс істемейді.
Аккумулятордың температурасын бақылау:
– Қызыл түсті жарық диоды (12), аккумуляторды
зарядтағыш құрылғыға салған кезде, тұрақты түрде
жанады: аккумулятор 0°C және 45°C аралығындағы
зарядтау температурасының диапазонынан тыс және
оны зарядтау мүмкін емес.
– Қызыл түсті жарық диоды (12), (11) түймесін немесе
ажыратқышты (14) (аккумулятор салынған кезде)
басқанда жыпылықтайды: аккумулятор рұқсат етілген
жұмыс температурасының диапазонынан тыс.
– Аккумулятор температурасы 70°C болғанда, электр
құралы, аккумулятор оңтайлы температура
диапазонына қайтып оралғанша өшіріледі.
Bosch Power Tools

Publicité

Table des Matières
loading

Table des Matières