Нивелирлеу Автоматикасы - Bosch GRL 250 HV Professional Notice Originale

Masquer les pouces Voir aussi pour GRL 250 HV Professional:
Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 26
180 | Қазақ
Өлшеу құралы 2 сағаттан ұзақ өздігінен нивелирлеу
диапазонынан тыс болғанда немесе соққы туралы
ескерту 2 сағаттан ұзақ іске қосылып тұрғанда
батареяларды қорғау мақсатында автоматты түрде өшіп
қалады. Өлшеу құралын жаңадан орналастырып, қайта
қосыңыз.
Пайдалану түрлері
Жұмыс режимдеріне шолу
Барлық 3 жұмыс режимі өлшеу құралының көлденең
және тік күйінде жұмыс істейді.
Ротациялық режим
Ротациялық режим әсіресе лазер
қабылдағышын пайдаланған кезде
ұсынылады. Әртүрлі айналу
жылдамдықтарының арасында таңдауға
болады.
Сызықтық режим
Бұл режимде айнымалы лазер сәулесі
шектелген саңылау бұрышында қозғалады.
Осылайша лазер сәулесінің көрерлігі
ротациялық режимге қарағанда артық
болады. Әртүрлі саңылау бұрыштарының
арасында таңдауға болады.
Нүктелі режим
Бұл режимде айнымалы лазер сәулесінің
үздік көрерлігіне қол жеткізіледі. Ол,
мысалы, биіктіктерді оңай көшіру немесе
өзіктестікті тексеру үшін пайдаланылады.
Сызықтық және нүктелі режимдер лазер
қабылдағышымен (30) бірге пайдалануға арналмаған.
 Ротациялық жұмыс режимі
Өлшеу құралы әр қосылғаннан кейін стандартты айналу
–1
жылдамдығымен (300 мин
) ротациялық режимде
болады.
Сызықтық режимнен ротациялық режимге ауысу үшін
ротациялық режим түймесін (5) немесе қашықтан
басқару құралының ротациялық режим түймесін (20)
басыңыз.
Айналу жылдамдығын өзгерту үшін ротациялық режим
түймесін (5) немесе қашықтан басқару құралының
ротациялық режим түймесін (20) қажетті жылдамдыққа
қол жеткізгенше басыңыз.
Лазер қабылдағышымен жұмыс істеген кезде ең жоғары
айналу жылдамдығын таңдау керек. Лазер
қабылдағышынсыз жұмыс істегенде лазер сәулесінің
көрерлігін жақсарту үшін айналу жылдамдығын
төмендетіңіз және лазер көру көзілдірігін (40)
пайдаланыңыз.
 Сызықтық режим/нүктелі режим
Сызықтық немесе нүктелі жұмыс режиміне ауысу үшін
сызықтық режим түймесін (11) немесе қашықтан басқару
құралының сызықтық режим түймесін (21) басыңыз.
1 609 92A 7AR | (07.02.2022)
Өлшеу құралы сызықтық режимге ең кіші аралық
бұрышында ауысады.
Саңылау бұрышын өзгерту үшін сызықтық режим
түймесін (11) немесе қашықтан басқару құралының
сызықтық режим түймесін (21) қажетті жұмыс режиміне
жеткенше басыңыз. Саңылау бұрышы әр басқан сайын
деңгей бойынша үлкейіп, дәл сол уақытта айналу
жылдамдығы әр деңгейде көтеріледі.
Үлкен саңылау бұрышында өлшеу құралы қысқа
қосымша дірілден кейін нүктелі режимге ауысады.
Сызықтық режим түймесі (11) қайта басылғанда, ең кіші
саңылау бұрышына ие сызықтық режимге қайтасыз.
Нұсқау: инерцияға байланысты лазер сызығының
ақырғы нүктесінен азғантай лазер шығып қалуы мүмкін.
Функциялар
 Айналу жазықтығының ішінде сызықты/
нүктені бұрау (A суретін қараңыз)
Өлшеу құралының көлденең күйінде лазер сәулесін
немесе лазер нүктесін лазердің айналу жазықтығының
ішінде орналастыруға болады. 360° шамасына бұрауға
болады.
Ол үшін ротациялық бастиекті (10) қолмен қажетті күйге
бұраңыз немесе қашықтан басқару құралын
пайдаланыңыз: сағыт тілінің бағытымен бұрау үшін
қашықтан басқару құралының сағыт тілінің бағытымен
бұрау түймесін (23), ал сағат тілінің бағытына қарсы
бұрау үшін қашықтан басқару құралының сағат тілінің
бағытына қарсы бұрау түймесін (24) басыңыз.
Ротациялық режимде түймелердің басылуы еш әсер
етпейді.
 Айналу жазықтығын тік күйде бұрау (B
суретін қараңыз)
Өлшеу құралының тік күйінде лазер нүктесін, лазер
сызығын немесе айналу жазықтығын оңай теңестіру
немесе параллельді туралау үшін ±8% шамасындағы
диапазонда тік ось бойынша бұрауға болады.
Сағыт тілінің бағытымен бұрау үшін қашықтан басқару
құралының сағыт тілінің бағытымен бұрау түймесін (23)
басыңыз.
Сағыт тілінің бағытына қарсы бұрау үшін қашықтан
басқару құралының сағыт тілінің бағытына қарсы бұрау
түймесін (24) басыңыз.
Нивелирлеу автоматикасы
Шолу
Өлшеу құралы көлденең және тік күйді автоматты түрде
анықтайды. Көлденең және тік күйлердің арасында
ауысу үшін өлшеу құралын өшіріп, жаңадан
орналастырыңыз және қайта қосыңыз.
Өлшеу құралы қосылғаннан кейін көлденең немесе тік
күйді тексеріп, шамамен ±8% (±4,6°) өздігінен
нивелирлеу диапазонының аясында бұдырлылықты
автоматты түрде түзетеді.
Bosch Power Tools

Publicité

Table des Matières
loading

Table des Matières