Bosch GTC 600 C Professional Notice Originale page 213

Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 26
тармағында алдымен жарамды санатты, ал содан
кейін жарамды материалды таңдаңыз. Тиісті
эмиссия дәрежесі төмендегі жолақта көрсетіледі.
Егер өлшеу нысанынын дәл эмиссия дәрежесін
білсеңіз, оны <Эмиссия дәрежесі> мәзір
тармағында сандық мән ретінде де реттеуге болады.
Егер бірдей материалдарды жиі өлшейтін болсаңыз,
бес эмиссия дәрежесін таңдаулы ретінде сақтауға
және оларды ең жоғарғы панель арқылы (1 және 5
аралығында нөмірленген) жылдам шақыруға
болады.
▪ <шағылысқан темп.> (c)
Осы параметрдің реттелуі өлшеу нәтижесін әсіресе
эмиссия дәрежесі төмен болатын материалдарда
(= жоғарырақ шағылысу) жақсарта алады. Кейбір
жағдайларда (әсіресе іште) шағылысқан
температура қоршаған орта температурасына
сәйкес келеді. Егер температурасы қатты ығысып
тұрған нысандар қатты шағылысатын нысандардың
жанында тұрып, өлшеуге әсер ете алса, осы мәнді
бейімдеу қажет болады.
– <Көрсету>
▪ <орталық нүкте> (l)
Нүкте термограмманың ортасында көрсетіледі және
пайдаланушыға осы жердегі өлшенген температура
мәнін көрсетеді.
▪ <Ыстық нүкте> (k): <ҚОСУ>/<ӨШІРУ>
Ең ыстық нүкте (= өлшеу пикселі) термограммадағы
қызыл түсті қиылысу арқылы белгіленеді. Бұл
критикалық жерлерді (мысалы, үлестіру
шкафындағы босаған түйіспелі қысқыштарды) іздеу
әрекетін жеңілдетеді. Мүмкіндігінше дәл өлшеу
үшін өлшеу нысанын дисплейдің ортасына
(85 × 64 пкс) фокустаңыз. Осылайша осы өлшеу
нысанының тиісті температура мәні көрсетіледі.
▪ <салқындық детекторы> (m): <ҚОСУ>/<ӨШІРУ>
Ең суық нүкте (= өлшеу пикселі) термограммадағы
көк түсті қиылысу арқылы белгіленеді. Бұл
критикалық жерлерді (мысалы, терезедегі тығыз
емес жерлерді) іздеу әрекетін жеңілдетеді.
Мүмкіндігінше дәл өлшеу үшін өлшеу нысанын
дисплейдің ортасына (85 × 64 пкс) фокустаңыз.
▪ <Түс шкаласы> (h): <ҚОСУ>/<ӨШІРУ>
▪ <Орташа температура> (b): <ҚОСУ>/<ӨШІРУ>
Орташа температура (b) термограмманың жоғарғы
сол жағында көрсетіледі (термограммадағы барлық
өлшенген мәндердің орташа температурасы). Бұл
пайдаланушыға шағылысатын температураны
анықтау әрекетін жеңілдетеді.
– <WiFi> (e): <ҚОСУ>/<ӨШІРУ>
(қараңыз „Деректерді тасымалдау", Бет 214)
– <Құрылғы>
▪ <Тіл>
Осы мәзір тармағында индикаторда
пайдаланылатын тілді таңдауға болады.
▪ <Уақыт пен күн> (a)
Өлшеу құралында уақыт пен күнді өзгерту үшін
<Уақыт пен күн> ішкі мәзірін шақырыңыз. Осы
ішкі мәзірде уақыт пен күнді реттеу әрекетіне қоса
Bosch Power Tools
тиісті пішімдерді де өзгертуге болады. <Уақыты>
және <Күні> ішкі мәзірлерінен шығу үшін оң жақ
функциялық түймені (9) басу арқылы реттеулерді
сақтаңыз немесе сол жақ функциялық түймені (16)
басу арқылы өзгерістерден бас тартыңыз.
▪ <өшірілу уақыты>
Осы мәзір тармағында, ешбір түйме басылмаған
жағдайда, өлшеу құралы автоматты түрде өшуі тиіс
уақыт аралығын таңдауға болады. Автоматты түрде
өшіруді <Ешқашан> реттеуін таңдау арқылы
ажыратуға да болады.
▪ <WiFi арнасы>
Осы мәзір тармағында басқа Wi-Fi арнасын реттеуге
болады.
▪ <Жоғары сапалы аудио>
Осы мәзір тармағында қабылданатын аудио
файлының сапасын дауыстық жазба арқылы
реттеуге болады. Бұл ретте жоғарырақ аудио
сапасы көбірек жад орнын талап ететінін ескеріңіз.
▪ <Құрылғы тұралы>
Осы мәзір тармағында өлшеу құралы туралы
ақпаратты шақыруға болады. Бұл жерде өлшеу
құралының сериялық нөмірін және орнатылған
бағдарламалық жасақтама нұсқасын табасыз.
▪ <Әдепкі реттеулер>
Осы мәзір тармағында өлшеу құралын әдепкі
реттеулерге қайтаруға және барлық деректерді
біржолата өшіруге болады. Бұл кейбір жағдайларда
бірнеше минутқа созылуы мүмкін. Ішкі мәзірге кіру
үшін <Қосымша> параметріне арналған оң жақ
(10) көрсеткі түймесін басыңыз. Содан кейін
барлық файлдарды жою үшін оң жақ функциялық
түймені (9) немесе әрекетті тоқтату үшін сол жақ
функциялық түймені (16) басыңыз.
Кез келген мәзірден шығу және стандартты индикатор
экранына қайтып оралу үшін өлшеу түймесін (22) басуға
да болады.
Өлшеу нәтижелерінің құжаттамасы
Өлшеу нәтижелерін сақтау
Қосылғаннан кейін өлшеу құралы бірден өлшеу әрекетін
бастайды және оны өшірілгенше үздіксіз жалғастырады.
Кескінді сақтау үшін камераны қалаулы өлшеу нысанына
бағыттап, сақтау түймесін (13) басыңыз. Кескін өлшеу
құралының ішкі жадында сақталады. Балама ретінде
өлшеу түймесін (22) (кідірту) басыңыз. Өлшеу әрекеті
қатырылып, дисплейде көрсетіледі. Бұл пайдаланушыға
кескінді мұқият қарап шығуға және кейінгі реттеуді
(мысалы, түстер палитрасы) орындауға мүмкіндік береді.
Егер қатырылған кескінді сақтау қажет болмаса, өлшеу
түймесі (22) арқылы өлшеу режимін қайта іске қосыңыз.
Кескінді өлшеу құралының ішкі жадына сақтау қажет
болса, сақтау түймесін (13) басыңыз.
Дауыстық жазба жасау
Қоршаған орта шарттарын немесе сақталған
термограмма туралы қосымша ақпаратты тіркеу үшін
дауыстық жазбаны жасауға болады. Ол термограмма мен
Қазақ | 213
1 609 92A 4UF | (14.01.2021)

Publicité

Table des Matières
loading

Table des Matières