Bosch Professional GLM 50-22 G Notice Originale page 259

Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 33
Шеге немесе бұрауыш сияқты ұшты заттар немесе сыртқы әсер арқылы
u
аккумулулятор зақымдануы мүмкін. Бұл қысқа тұйықталуға алып келіп,
аккумулятор жануы, түтін шығаруы, жарылуы немесе қызып кетуі мүмкін.
Пайдаланылмайтын аккумуляторды түйіспелерді тұйықтауы мүмкін
u
қыстырғыштардан, тиындардан, кілттерден, шегелерден, винттерден және
басқа ұсақ темір заттардан сақтаңыз. Аккумулятор түйіспелерінің арасындағы
қысқа тұйықталу күйіктерге немесе өртке әкелуі мүмкін.
Бұл аккумуляторды тек қана осы өндіруші өнімдерінде пайдаланыңыз. Сол
u
арқылы аккумуляторды қауіпті, артық жүктеуден сақтайсыз.
Аккумуляторлық батареяны тек өндіруші көрсеткен зарядтау құрылғысымен
u
зарядтаңыз. Зарядтау құрылғысы белгілі бір аккумуляторлар түріне арналған,
оны басқа аккумуляторларды зарядтау үшін пайдалану өрт қаупін тудырады.
Аккумуляторды, жылудан, сондай-ақ, мысалы, үздіксіз күн
жарығынан, оттан, кірден, судан және ылғалдан қорғаңыз.
Жарылыс және қысқа тұйықталу қаупі туындайды.
Штепсельдік қуат блогы бойынша қауіпсіздік
техникасының нұсқаулары
Осы штекерлік қуат блогын балалар және дене, сезім немесе ақыл-ой
u
қабілеттері шектеулі немесе тәжірибесі мен білімі жеткіліксіз адамдар
пайдаланбауы тиіс. Осы штекерлік қуат блогын 8 жастан асқан балалар және
дене, сезім немесе ақыл-ой қабілеттері шектеулі немесе тәжірибесі мен
білімі жеткіліксіз адамдар олардың қауіпсіздігі үшін жауапты адамның
бақылауында болған және штекерлік қуат блогын қауіпсіз пайдалану туралы
нұсқау алып, қатысты тәуекелдерді түсінген жағдайда ғана пайдалана алады.
Кері жағдайда дұрыс пайдаланбау және жарақат алу қаупі туындайды.
Штекерлік қуат блогын жаңбырдан немесе ылғалдан қорғаңыз. Штекерлік
қуат блогының ішіне су кірсе, ток соғу қаупі артады.
Штекерлік қуат блогын таза ұстаңыз. Құрылғының ластануы ток соғу қаупін
u
тудырады.
Штекерлік қуат блогын әр пайдалану алдында тексеріңіз. Зақымдарды
u
байқасаңыз, штекерлік қуат блогын пайдаланбаңыз. Штекерлік қуат блогын
өзіңіз ашпаңыз, оны тек білікті маманға және түпнұсқа бөлшектермен
жөндетіңіз. Зақымдалған штекерлік қуат блогы ток соғу қаупін арттырады.
Bosch Power Tools
Қазақ | 259
1 609 92A 4ZL | (04.08.2021)

Publicité

Table des Matières
loading

Ce manuel est également adapté pour:

Professional glm 50-25 gGlm 50-22 professionalGlm 50-25 g professional

Table des Matières