Bosch GCM 10 GDJ Professional Notice Originale page 291

Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 44
Егер (28) мен (21) реттеуден соң (27) шкаласының 0°
белгілерімен бір сызықта тұрмаса, бекіткіш бұранданы
крест тәрізді бұрауышпен босатып, бұрыш көрсеткішін 0°
белгілерінен туралаңыз.
Вертикальды стандартты еңіс бұрышын 45° (солда)
реттеңіз
– Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз.
– Аралау үстелін (33) 0° ойығына (14) дейін бұраңыз.
Тұтқыш (12) сезімді ретте ойыққа тірелуі керек.
– Сол реттелетін тіреуіш планканы (7) толық сыртқа
тартыңыз.
– Қысу тұтқасын (13) босатып жылжымалы тұтқаны қол
тұтқасында (3) тірелгенше солға (45°) қисайтыңыз.
Тексеріңіз (S1 суретін қараңыз)
– Бір бұрышты калибрді 45° реттеп, оны аралау үстеліне
(33) қойыңыз.
Бұрышты калибрдің бір жағы бүтін ұзындығында ара
дискісінде (34) жатуы керек.
Реттеу (S2 суретін қараңыз)
– Реттеу бұрандамасын (57) динамометрлі кілтпен (8
мм) бұрышты калибрдің бір жағы бүтін ұзындығында
ара дискісінде жатқанша бұраңыз.
– Қысу тұтқасын (13) қайта берік бекемдеңіз.
Егер (28) мен (21) бұрыш көрсеткіштері реттеуден соң
(27) шкаласының 45° белгілерімен бір сызықта тұрмаса
алдымен еңіс бұрышының 0° параметрін сосын бұрыш
көрсеткішін тексеріңіз. Сосын қисайту бұрышының 45°
параметрін тексеріңіз.
Вертикальды стандартты еңіс бұрышы 45° (оңда)
реттеңіз
– Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз.
– Аралау үстелін (33) 0° ойығына (14) дейін бұраңыз.
Тұтқыш (12) сезімді ретте ойыққа тірелуі керек.
– Оң реттелетін тіреуіш планканы (7) толық сыртқа
тартыңыз.
– Қысқыш тұтқаны (13) босатыңыз.
– Жылжымалы тұтқаны қолтұтқада (3) 0° күйінен
аздап солға аударып бұрау тетігін (32) керекті
оң еңіс бұрышының диапазоны көрсетілгенше
бұраңыз.
– Жылжымалы тұтқаны қолтұтқасынан (3) тірелгенше
оңға (45°) қайырыңыз.
Тексеріңіз (T1 суретін қараңыз)
– Бір бұрышты калибрді 135° реттеп, оны аралау
үстеліне (33) қойыңыз.
Бұрышты калибрдің бір жағы бүтін ұзындығында ара
дискісінде (34) жатуы керек.
Реттеу (T2 суретін қараңыз)
– Реттеу бұрандамасын (58) динамометрлі кілтпен (8
мм) бұрышты калибрдің бір жағы бүтін ұзындығында
ара дискісінде жатқанша бұраңыз.
– Қысу тұтқасын (13) қайта берік бекемдеңіз.
Егер (28) мен (21) бұрыш көрсеткіштері реттеуден соң
(27) шкаласының 45° белгілерімен бір сызықта тұрмаса
Bosch Power Tools
алдымен еңіс бұрышының 0° параметрін сосын бұрыш
көрсеткішін тексеріңіз. Сосын қисайту бұрышының 45°
параметрін тексеріңіз.
Горизонталды еңіс бұрышының шкаласын бағыттау
– Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз.
– Аралау үстелін (33) 0° ойығына (14) дейін бұраңыз.
Тұтқыш (12) сезімді ретте ойыққа тірелуі керек.
Тексеріңіз (U1 суретін қараңыз)
– Бұрышты калибрді 90° реттеп тіреуіш планка (8) мен
аралау дискісі (34) арасында аралау үстеліне (33)
орнатыңыз.
Бұрышты калибрдің бір жағы бүтін ұзындығында ара
дискісінде (34) жатуы керек.
Реттеу (U2 суретін қараңыз)
– Барлық төрт реттеу бұрандасын (59) алты қырлы
дөңбек кілтпен (4 мм) (30) аралау үстелін (33)
шкаламен (31) бірге бұрышты калибрдің бір жағы ара
дискісімен бүтін ұзындығында бірдей болғанша
бұраңыз.
– Бұрандаларды қайта берік бекітіңіз.
Егер бұрыш индикаторы (51) реттегеннен кейін
шкаланың (31) 0° белгісімен бір сызықта тұрмаса,
бұранданы (60) стандартты крест тәрізді бұрауышпен
босатып, бұрыш индикаторын 0° белгісінің бойымен
туралаңыз.
Қысқыш тұтқаның (13) қысу күшін реттеу (V суретін
қараңыз)
Қысу тұтқасының (13) қысу күшін реттеуге болады.
Тексеріңіз
– Қысу тұтқасының қысу күші кез келген вертикалды
еңіс бұрышында жылжымалы тұтқаның күйін бекем
ұстау керек.
Реттеу
– Қысу тұтқасын (13) босатыңыз.
– Екі реттеу бұрандамасын (61) (17 мм) дөңбек кілтпен
сағат тіліне қарсы бұрап қысу қуатын төмендетіңіз
немесе сағат тілімен бұрап қысу қуатын көтеріңіз.
– Вертікальды еңіс бұрышын реттеңіз, қысу тұтқышын
(13) қайта бекітіп керекті қысу күші жетілгенін
тексеріңіз.
Тасымалдау (W суретін қараңыз)
Электр құралын тасымалдаудан бұрын төмендегі
қадамдарды орындау керек:
– Жылжымалы тұтқаны (23) толығымен артқа
жылжытып, осы күйде бекітіңіз (23-беттегі
"Жылжымалы тұтқаны бекіту" бөлімін қараңыз).
– Тереңдік шектегішінің (25) толығымен ішке басылуын
және дәлдеу бұрандасы (24) жылжымалы тұтқаны
жылжытқан кезде тереңдік шектегішіне тимей ойыққа
кіруін қамтамасыз етіңіз.
– Жылжымалы тұтқаны, тасымалдауға арналған бекіткіш
(26) толықтай ішке басылғанша, төмен жылжытыңыз.
– Ұзартқыш дөңесті (16) толығымен ішке жылжытыңыз.
Қазақ | 291
1 609 92A 5U5 | (01.10.2020)

Publicité

Table des Matières
loading

Table des Matières