Техникалық Күтім Және Қызмет; Қызмет Көрсету Және Тазалау - Bosch GDB 180 WE Professional Notice Originale

Masquer les pouces Voir aussi pour GDB 180 WE Professional:
Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 23
Ылғалды бұрғылау: су жапқыш шүмекті (10) өткелге
орнатыңыз.
Электр құралын қосу үшін ажыратқышты (1) басып
тұрыңыз.
Басылған ажыратқышты бұғаттау үшін реттеу түймесін (2)
тағы басыңыз.
Өшіру
Ажыратқышты (1) жіберіңіз. Ажыратқыш бұғатталған
болса, оны алдымен басып, сонан соң жіберіңіз.
Ылғалды бұрғылау: су жапқыш шүмекті (10) бұрап
бекітіңіз. Жұмыс соңында шүмекке жалғағыш бөлшекті
(11) су жеткізу құбырынан ажыратыңыз. Су жапқыш
шүмекті (10) ашып, қалған суды ағызыңыз.
Іске қосу тогының шектеулері
Электр құралының электроникасы қозғалтқышты
бірқалыпты іске қосуға мүмкіндік беріп, жоғары іске қосу
тогына жол бермейді.
Қайта іске қосылудан қорғаныс
Қайта іске қосылудан қорғаныс ток берілуі үзілгеннен
кейін электр құралының бақылаусыз іске қосылуына жол
бермейді.
Қайта іске қосу үшін жылыстау тогынан қорғаныс
автоматындағы (PRCD) (16) RESET түймесін басыңыз.
Содан кейін ажыратқышты (1) өшірілген күйге келтіріп,
электр құралын қайта қосыңыз.
Айналу жиілігін алдын ала таңдау
Беріліс ауыстырып-қосқышы (5) екі айналу жиілігін
алдын ала таңдауға мүмкіндік береді.
Берілістер төмендегі саңылау диаметрлері үшін
ұсынылады:
– 1-беріліс: 80–180 мм
– 2-беріліс: 25–60 мм
Жұмыс бойынша нұсқаулар
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
u
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Бұрғылау үшін бекіткіш тежегішті (29) айналатын крест
(17) аздап жылжитындай етіп босатыңыз. Бұл ретте
электр құралының бақылаусыз сырғанап кетуіне жол
бермеу үшін айналатын крестті қатты ұстап алыңыз.
1-ші берілісте бұрғылау коронкасы дірілсіз дайындамаға
бұралғанша төмен айналу жиілігімен бұрғылаңыз. Содан
кейін қажет болса, 2-ші беріліске ауысыңыз.
Бұрғылау кезіндегі басу қысымын бұрғыланатын
дайындамаға бейімдеңіз. Бірқалыпты қысыммен
бұрғылаңыз. Кейбір жағдайларда бұрғылау коронкасын
саңылаудан шығарыңыз, сонда бұрғылау қоқысын
немесе шаңын алмас сегменттерінен кетіру мүмкін
болады.
Электр құралының айналатын крестін (17) қажетті
бұрғылау тереңдігіне дейін бұраңыз. Содан кейін
бұрғылау коронкасы толық көрінгенше кері бұраңыз.
Максималды жұмыс ұзындығына қол жеткізу үшін кернді
ол бұрғылау коронкасын толық толтырғанда алып тастау
Bosch Power Tools
керек. Содан кейін бұрғылау коронкасын саңылауға
қайта салып, максималды тереңдікке дейін бұрғылаңыз.
Артық жүктеме ажыратқышы
Бұрғылау коронкасы қысылса немесе ілінсе, бұрғылау
шпинделіне беріліс тоқтатылады. Мұндай жағдайда тозу
және қызып кетудің алдын алу үшін электр құралын
бірден өшіріңіз.
Бұрғылау коронкасын тиісті айыр тәрізді кілтпен оңға
және солға бұрап босатыңыз. Бұл ретте электр құралын
саңылаудан абайлап тартып шығарыңыз.
Артық жүктемеден қорғаныс
Артық жүктеме шегінен асырған жағдайда электр құралы
қатты дірілдей бастайды. Басу қысымын электр құралы
қалыпты жұмыс істегенше кішірейтіңіз.
Басу қысымы кішірейтілмесе, электр құралы өшіп
қалады. Содан кейін электр құралын бірден қайта қосуға
болады, бірақ төменірек басу қысымымен жұмыс істеу
қажет болады.
Кернді алып тастау
Ылғалды бұрғылау: бұрғылағаннан кейін суды кішкене
ағызып, бұрғылау коронкасы мен керн арасындағы
бұрғылау қоқысын шайып жіберіңіз.
Егер керн бұрғылау коронкасында қатты орнатылған
болса, жұмсақ ағашпен немесе пластик бөлшекпен
бұрғылау коронкасын қағып, кернді босатыңыз. Қажет
болса, кернді таяқпен бұрғылау коронкасының шеткі
жағынан итеріп шығарыңыз.
Нұсқау: бұрғылау коронкасын қатты заттармен қақпаңыз
(деформациялау қаупі бар)!
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
u
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Жақсы әрі сенімді жұмыс істеу үшін электр құралы
u
мен желдеткіш тесікті таза ұстаңыз.
Тісті рейканы (26) және бұрғылау бағанының (20)
бағыттауыш беттерін әрдайым таза ұстаңыз.
Бұрғылау шпинделін (7) жұмыс соңында тазалап
шығыңыз. Кейбір жағдайларда бұрғылау шпинделі мен
бұрғылау коронкасына (8) тот басудан қорғайтын затты
себіңіз.
Қазақ | 175
1 609 92A 4NJ | (03.04.2019)

Publicité

Table des Matières
loading

Ce manuel est également adapté pour:

Gcr 180 professional

Table des Matières