Bosch GDB 180 WE Professional Notice Originale page 169

Masquer les pouces Voir aussi pour GDB 180 WE Professional:
Table des Matières

Publicité

Les langues disponibles
  • FR

Les langues disponibles

  • FRANÇAIS, page 23
Электр құралын қосудан алдын келген реттеу
u
сынасын немесе кілтті алып қойыңыз. Электр
құралының айналатын бөлігінде қалған кілт немесе
сына жеке жарақаттануға алып келуі мүмкін.
Көп күш істетпеңіз. Әрдайым тиісті таяныш пен тең
u
салмақытылқты сақтаңыз. Бұл күтілмеген
жағдайларда электр құралдың бақылануын сақтайды.
Тиісті киім киіңіз. Бос киім мен әшекейлерді
u
киймеңіз. Шашыңыз бен киімдерді жылжымалы
бөлшектерден алыс ұстаңыз. Бос киімдер,
әшекейлер немесе ұзын шаш жылжымалы бөлшектер
арқылы тартылуы мүмкін.
Егер шаң шығарып жинау жабдықтарына қосу
u
құрылғылары берліген болса, онда олар қосулы
болуына және тиісті ретте қолдануына көз
жеткізіңіз. Шаң жинауды пайдалану шаңға
байланысты зияндарды кемейтеді.
Аспаптарды жиі пайдаланып жақсы білгеннен соң
u
масайрап кетпей қауіпсіздік принциптерін елемей
отырмаңыз. Абайсыз әрекет секунд ішінде ауыр
жарақаттануға алып келуі мүмкін.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Энергиямен жабдықтаудың
u
толықтай не жекелей тоқтатылуы немесе
энергиямен жабдықтауды басқару тізбегінің
ақаулануы салдарынан электр құралының
жұмысында кідіріс пайда болған жағдайда,
бұғатталмағандығына көз жеткізіп (болған
жағдайда) барып, ажыратқышты Выкл. (Өшіру)
қалпына келтіріңіз. Желілік ашаны розеткадан
шығарыңыз немесе алып – салмалы
аккумуляторды ажыратыңыз. Осы әрекет арқылы
бақыланбайтын қайта іске қосылудың алдын аласыз.
Электр құралдарын пайдалану және күту
Құралды аса көп жүктемеңіз. Жұмысыңыз үшін
u
жарамды электр құралын пайдаланыңыз. Жарамды
электр құралымен керекті жұмыс аймағында дұрыс әрі
сенімді жұмыс істейсіз.
Ажыратқышы дұрыс емес электр құралын
u
пайдаланбаңыз. Қосуға немесе өшіруге болмайтын
электр құралы қауіпті болып, оны жөндеу қажет
болады.
Жабдықтарды реттеу, бөлшектерін алмастыру
u
немесе электр құралдарын қоймаға қою алдында,
ашаны қуат көзінен ажыратыңыз және/немесе
аккумуляторы алмалы-салмалы болса, оны электр
құралынан алып тастаңыз. Бұл сақтық әрекеті электр
құралдың байқаусыз қосылуына жол бермейді.
Пайдаланылмайтын электр құралдарды балалар
u
қолы жетпейтін жайға қойыңыз. Осыларды
білмейтін немесе осы ескертпелерді оқымаған
адамдарға бұл құралды пайдалануға жол бермеңіз.
Тәжірібесіз адамдар қолында электр құралдары қауіпті
болады.
Электр құралдарын мен керек-жарақтарын ұқыпты
u
күтіңіз. Қозғалмалы бөлшектердің кедергісіз
істеуіне және кептеліп қалмауына, бөлшектердің
Bosch Power Tools
ақаусыз немесе зақымдалмаған болуына, электр
құралының зақымдалмағанына көз жеткізіңіз.
Зақымдалған бөлшектері бар құралды
пайдаланудан алдын жөндеңіз. Электр
құралдарының дұрыс күтілмеуі жазатайым оқиғаларға
себеп болып жатады.
Кескіш аспаптарды өткір және таза күйде
u
сақтаңыз. Дұрыс күтілген және кескіш жиектері өткір
кескіш аспаптар аз кептеліп, кесілетін бетке оңай
бағытталады.
Электр құралын, жабдықтарды, алмалы-салмалы
u
аспаптарды және т.б. осы нұсқауларға сай
пайдаланыңыз. Сонымен жұмыс шарттарымен
орындайтын әрекеттерге назар аударыңыз. Электр
құралдарын арналмаған жұмыстарда пайдалану
қауіпті.
Қолтұтқалар мен қармау беттерін құрғақ, таза және
u
май мен ластан таза ұстаңыз. Сырғанақ қолтұтқалар
мен қармау беттері күтілмеген жағдайларда сенімді
қолдану мен бақылауға жол бермейді.
Қызмет көрсету
Электр құралына маманды жөндеуші тек бірдей
u
қосалқы бөлшектермен қызмет көрсетуі керек. Бұл
электр құралының қауіпсіздігін сақталуын қамтамасыз
етеді.
Алмасты бұрғы қауіпсіздік нұсқаулары
Суды талап ететін бұрғылауды орындаған кезде,
u
суды пайдаланушының жұмыс аймағынан ары
ағызыңыз немесе сұйықтық жинайтын құрылғыны
пайдаланыңыз. Осындай алдын алу шаралары
пайдаланушы жұмыс аймағын құрғақ сақтап тоқ соғу
қауіпін кемейтеді.
Кесетін керек-жарақтан жасырын сымдар немесе
u
өз сымына тиюі мүмкін әрекеттерді жасаған кезде
электр құрылы оқшауланған ұстау жайынан
ұстаңыз. Егер кесуші аспап істеп тұрған сымға тисе
электр құралының метал бөлшектерін істетіп
пайдаланушыны тоқ соғуы мүмкін.
Алмасты бұрғымен бұрғылауда құлақ қорғанысын
u
тағыңыз. Шуылда тұру есті қабілетінің төмендеуіне
алып келуі мүмкін.
Ұшы қысылғанда, төменге қысуды тоқтатып
u
аспапты өшіріңіз. Ұшы қажалуының себебін табып
оны жоюға әрекет жасаңыз.
Алмасты бұрғы жұмысын қайта іске қосудан алдын
u
ұшы еркін бұралуын тексеріңіз. Егер ұшы қажалса,
ол іске қосылмауы, аспапты артық жүктеуі мүмкін,
немесе алмасты бұрғыны дайындамадан босатуы
мүмкін.
Бұрғы стендін анкерлермен және қысқыштармен
u
дайындамаға қысуда, пайдаланған анкерлеу
машинаны пайдалануды ұстап жылжытпауға
қабилетті екенін тексеріңіз. Егер дайындама әлсіз
немесе тесіктермен болса, анкер шығып кетіп
бұрғыны дайындамадан шығаруы мүмкін.
Қазақ | 169
1 609 92A 4NJ | (03.04.2019)

Publicité

Table des Matières
loading

Ce manuel est également adapté pour:

Gcr 180 professional

Table des Matières